қызмет ету тетіктерін қалыптастыру туралы ой қозғау – белгілі бір нәтижелерге жетелейтін жол. Бұрынғы дәстүрлі қазақ тілін зерттеу мен оқытудың тұйықтығы - қазақстандық ғылым мен білім жүйесінің жабық жүйеде және әлемдік байланысқа енбеген күйінен туған нәтиже. Ал қазіргі ересен динамикалық болмысқа ие болып отырған ғылым және білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар сол жүйеден рухани азық алып жүрген жастар үшін мемлекет көздеген биік сапалы нәтижеге қол жеткізетін болуы керек. Мақсаты осылай қойылған жаңалықтар мен өзгерістердің нақты практикалық жүзеге асырылуын білім беру жүйесінде қызмет етіп жүрген ғалымдар мен оқытушылардың әрбір іс- әрекетінің ұлттық мүддемен түйісіп жатуымен тікелей байланысты. Тақырыптың өзектілігі - қазақ тілі сабақтарында магистранттардың, студенттердің тек қазақша сөйлеуін ғана емес, қазақ тілі жүйесінде сақталған ақпаратты санасында сақтай білуі, өңдей білуін, қазақша ақпарат алмаса білуін, өмірлік керегіне жарата білуін көздейтін болсақ, қазақ тілі сабақтарының ұлттық сананы қалыптастыру әдістерімен түйісетін нүктелерін анықтау керек, оларды тиімділікпен әдістемелік жүйеге енгізу қажеттілігімен анықталады. Қазақстан Республикасы үшін зор маңызға ие болатын әрбір жарқын оқиға немесе өзекті мәселе студенттердің, магистранттардың да санасынан орын алуы олардың ел өміріне