Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бӛлімдеріне арналған


Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата17.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43674
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі 
Билл Гейтске табысты болуға не кӛмектесті? Сіз де 
ол сияқты мықты, табысты, оқымысты болғыңыз келе ме? 
Онда танымал адамнын 10 ережесіне назар салыңыз. Осы 
ережелерді ҧстану арқылы сіз де арманыңызға жақындай 
тҥсесіз. 
1. Бәсекеге қабілеттілік. Жоғары ақыл-парасатынан және 
мҥмкіндіктерді қалт жібермейтін қабілетінен ӛзге, Билл 
ӛзіне тең адамдардың арасында мықты болғандығын 
достары да айтады. Осылайша, бәсекеге қабілеттілікті 
басқа адамдармен бірдей мҥмкіндікте бола тҧра олардан 
суырылып шыға алғандығымен анықтауға болады. 
Дамығыңыз келетін саланы таңдаңыз, және сол салада 
жетістікке жетуге тырысыңыз. Міндетті тҥрде алдыңызға 
мақсат қойыңыз, кҥнделікті нәтижені жақсартуға 
тырысыңыз. 
2. Табандылық. Нақты бір тапсырманы жауабы 
табылғанша табандылықпен іздену табысқа жетелейді 


66 
және кез келген мәселені шешуге кӛмектеседі. Мақсатқа 
жетер жолда міндетті тҥрде кедергілерге тап боласыз, 
соларға дайын болу керек, және жоспарлы тҥрде әрдайым 
алға жылжи беру керек. 
3. Кітап оқу. Билл Гейтс қана емес, кӛптеген табысты 
адамдар кітап оқуды дҧрыс деп санайды. Олардың табысқа 
жетуінің бірден-бірі сыры жаңа білім алып отыруында
ақыл-парасатын дамытып отырғандығында. 
Кітап оқу:
а) Зейін қоюды жаттықтырады – ақпаратты қабылдау ҥшін 
бар зейініңді сол ақпаратқа ғана салуды талап етеді; 
b. Ақыл-парасатты жаттықтыру мен дамытуға кӛмектеседі 
– оқу кезінде мақаланы саралау, бағалау іске қосылады; 
c. Есте сақтауды жаттықтырады; 
d. Білім алуды, басқа адамдардың тәжірибелері мен 
қандайда бір жағдайларға кӛзқарасын білуге мҥмкіндік 
береді. 
4. Ең маңызды, бір тапсырмаға ден қоя білу. Бірнеше 
істі бірдей алып жҥру біреуін де толыққанды аяқтауға 
мҥмкіндік бермейді. Егер сіз нақты бір жҧмыспен 
айналысып жҥрген болсаңыз, онда бар кӛңіліңізді соған 
бӛліңіз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз. 
5. Ӛз қабілетіңді дұрыс бағалау. Біз бар жағынан мықты, 
табысты бола алмаймыз, кейбір заттар қолымыздан келіп 
жатса, кейбір тҧста әлсіздік танытамыз. Бҧдан ӛзге, бәрін 
қамту мҥмкін емес. Нақты бір салаға қатысты 
мҥмкіндіктеріңізді, 
қабілетіңізді 
дҧрыс 
бағалаңыз. 
Алдыңызға қандай мақсат қоясыз, соңында неге жетпек 
ойыңыз бар, және сол бағыт бойынша жҥріп отырыңыз. 
6. Қолыңнан келетін істі жаса. Достарыңа ілесіп, немесе 
сәнді болғаны ҥшін бір іспен айналысу, нәтижесінде 
қателікке және тҥңілуге әкелуі мҥмкін. Қалауыңызға сай 
келмесе де, қолыңыздан келетін, жасай алатын істі 
жасаңыз. 


67 
7. Тиімді жолды іздеңіз. Табысқа жетелейтін ең қысқа 
жолды іздеңіз, артық кҥш, уақыт пен ақша жҧмсамай-ақ 
оңтайлы шешім таба алатындай болыңыз. Әр нәрсенің 
бірнеше шешімі болады, соның ең табыстысын анықтай 
алатын болыңыз. 
8. Ыждаһаттық. Жалқаулық табысқа жетелемейді. 
Әрдайым ӛзіңмен жҧмыс істеп, шешімін іздеп, алға 
жылжып отыру керек. 
9. Ӛз командаңды жасақтау. «Жалғыздың ҥні шықпас» 
дегендей, жалғыз жҥріп тамаша нәтижеге қол жеткізу 
қиын. Сіздің ойыңызды қолдайтын, қызметіне адал 
адамдарды таңдап алыңыз. 
10. Ӛзіңді сырттай бағалай алу. Ӛз-ӛзіңе сыни кӛзбен 
қарау ӛз кемшіліктерің мен қателіктеріңді кӛріп, 
уақытында тҥзеуге мҥмкіндік береді. 
Билл Гейтстің осы ережелерін пайдалану арқылы міндетті 
тҥрде ӛміріңіздің сапасын арттырып, таңдаған салаңызда 
табысқа жетесіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет