Жазылым. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. «Оқытушыға жеделхат» тақтасына студенттер стикер жапсыру арқылы орындалады.
3-тапсырма. Тыңдалым материалы бойынша студенттер өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
Топырақтағы минералды тыңайтқыштар …. ….
Әрине химиялық препараттарды …...
Сондықтан технологияға аса мән …..
……. ..
Айтылым: Тыңдалымды “Болжау» әдісі арқылы қорытындылайды.
Мысалы: Студенттер тыңдалым мазмұнынының бір бөлігін айтып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Студенттер тыңдалымда келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дәлелдеулері тиіс.
Әдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
59-сабақ Қоғам жаңалықтары. Оқылым. 1-тапсырма. Саяси жаңалықтарды оқыңыздар
Ұлыбритания мен Қазақстан қарым-қатынасты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады
Жазылым. 2-тапсырма. Жоғарыдағы саяси жаңалықтар бойынша сөздік қор құрыңыздар
Сөздік қор:
Айтылым. Оқытушының іс-әрекеті. Студенттің іс-әрекеті
3-тапсырма. «Экономика.Өндіріс. Саясат. Ынтымақтастық.» деген сөздер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.Осы сөздер арқылы студенттер топ ішінде өзара талқылайды, яғни топтық диалогқа түседі. Студенттердің мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің ой-пікірлерімен санаса білу.«Экономика.Өндіріс. Саясат. Ынтымақтастық» деген сөздер жазылған қима қағаздар алады. Осы сөздер арқылы студенттер топ ішінде өзара талқылайды, яғни топтық диалогқа түседі.Топтың бір мүшесі жауап береді.