Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020
128
Зерттеуде пайдаланылған негізгі әдістер:
сипаттама, жүйелеу, талдау,
жинақтау, жалпылау, салыстыру.
Негізгі бөлім
Функционалды стильдер – стилистика ғылымының негізгі
категориясы. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет ету
ерекшеліктерімен тікелей байланысты, шынайы қарым-қатынаста,
сөйлеуде, мәтінде көрінеді. В.В. Виноградов
функционалды стиль
жөніндегі ой-пікірін былайша тұжырымдайды: «Стиль – бұл
жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің белгілі бір саласында қарым-қатынас
құралдарының сұрыпталып тіркесуі, қолдану тәсілдерінің қоғамдық
тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей
біріккен жиынтығы. Ол
басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет
атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады» [ 1, 73 б.].
Функционалды стиль термині – орыс тіл білімі ғалымдарының
танымынан туындап, қалыптасқан ғылыми атау. Лингвистикада
функционалды стиль мәселелерімен айналысқан ғалымдар В. Виноградов,
Г. Винокур, Л. Щерба, Р. Будагов, М. Кожина «функционалды стильді –
тарихи және әлеуметтік категория» ретінде түсіндіреді. Функционалды
стиль тілдің әр түрлі қызметімен (функциясымен) тікелей байланыста
болатындығы атап көрсетіледі, сонымен қатар стиль тілдің қандай мақсатта,
кімге арнап жұмсалатындығына
қатысты құбылыс болғандықтан, оның
қызметтік сипатының маңызы зор екені айқындалады. Зерттеушілер тілдің
қызметінің түрлерін былайша көрсетеді. А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша,
1) қарым-қатынас жасау қызметі (коммуникативтік), 2) ойлау құралы
ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік тарихи тәжірибесін меңгеру
құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттық мәдени саладағы қызметі, 5) таным
құралы
қызметі деп бөледі; В.А.Аврорин тіл: 1) қатынас құралы
(коммуникативтік), 2) ойды білдіру (экспрессивтік), 3) ойды қалыптастыру
(конструктивтік), 4) тәжірибе мен білім жинау (аккумулятивтік)
қызметтерін атқарады деп есептейді. Ал В.В.Виноградов тілдің қызмет ету
сипатын қарым-қатынас қызметі, хабарлау қызметі, әсер ету қызметі деп
үшке бөледі. Тілдің әлеуметтік қызметіне функционалды стильдердің әсері
бар екені белгілі. Демек, функционалды стильдердің пайда болып,
қалыптасуына тілдің әлеуметтік қызмет өрісі, яғни экстралингвистикалық
факторлар тікелей ықпалын тигізеді. Қазақ тіл білімінде
функционалды
стиль терминінің мәні мен маңызын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін