Қосымша:
Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады. Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.
БУЫН
Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:
1. ашық буын
2. тұйық буын
3. бітеу буын
түрі
|
Мысал
|
Ереже
|
Ашық буын
|
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.
Тек дауысты дыбыс-тан тұрады.
|
А-ға, а-на, ә-ке, а-та
ба-ла, қа-ла, ке-рі
ша-на-ны, бо-са-ға
|
Тұйық буын
|
Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді.
(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)
|
1-буында: ат, ет, ант, өрт
2-буында: ки-ік, ти-ын
3-буында: тұңғи-ық,
ақи-ық
4-буында: әдеби-ет,
мәдени-ет
|
Бітеу буын
|
Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.
|
1. бал, таң, көз
2. тарс, төрт, қант, бұлт
3. штамп, класс, грамм
4. мек-теп, бал-дыр-ған,
|
Достарыңызбен бөлісу: |