Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет14/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
2. Даралану кезеңі
3. Бірігу (интеграция) кезеңі
4. Еңбеккерлік кезеңі.
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).
1.3 Дәріс
Тақырыбы: Тұлғаның тәрбиеленуі мен дамуында отбасы әлеуметтік тәрбие ортасы
Отбасы әлеуметтенуі – әлеуметтік білімнің маңызды салаларының бірі. Қазіргі кездегі отбасы мәселелеріне деген қызығушылық көптеген қоғамдық проблемалардың негізінен отбасында туындауына байланысты.
Әлеуметтану тұжырымы бойынша отбасы – бұл қоғамдық қатынастар мен процестердің көптеген түрлері біте қайнасқан және де әртүрлі әлеуметтік қызметтер атқаратын кешенді әлеуметтік құбылыс. Отбасы институты адам өмірінің негізі кезеңдері өтетін және әрбір индивидтің өмірімен тығыз байланысты болғандықатн оның барлық дамуына кешенді әсер ететін әлеуметтік ортаны білдіреді.
Отбасы – іргелі, универсалды әлеуметтік институт. Ғалымдар бұл институтты ұзақ жылдар бойы зерттеп, оның мәнін ашуға тырысқан. Мысалы, Джордж Мердок 250 түрлі мәдениеттегі отбасын зерттеп, мынадай анықтама ұсынған:
Отбасы – бұл ортақ тұғылықты жерімен, экономикалық кооперациясымен, өндірісімен сипатталатын әлеуметтік топ. Әлеуметтанушылар отбасын әлеуметтік институт және әлеуметтік топ ретінде қарастырады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және де басқа да туыстар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың, мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы. Отбасын әлеуметтік институт ретінде қарастырғанда мынадай мәселелерге назар аудару керек:

  • Некелік –отбасылық қатынас саласындағы қоғамдық сана;

  • Отбасылық мінез-құлық үлгісі;

  • Отбасындағы рольдік қатынас;

  • Отбасы институты арқылы өзінің негізгі қызметін жүзеге асырудың тиімділігі туралы мәселе;

  • Нормалар мен құндылықтардың өзгеруінің әлеуметтік механизмі және т.б.

Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген және де мүшелері ортақ тұрмыспен, өзара көмекпен, ерлі-зайыптылардың, балалардың денсаулығы және тәрбиесі үшін өзара жауапкершілікпен байланысқан қауымдастық деп қарастыруға болады. Отбасын әлеуметтік топ ретінде қарастырғанда, мыналар назарға алынады:

  • Отбасының қалыптасуы жағдайлары және даму кезеңі;

  • Жұбайлық қатынас динамикасы және ата-анасы мен балалары арасындағы қатынас сипаттамасы;

  • Отбасындағы міндеттерді бөлу;

  • Ажырасудың себептері;

  • Отбасы құрылымы мен қызметі.

Отбасы туралы айтқанда оның негізін неке құратынын атап көрсету қажет. Неке – бұл әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ отбасын құру үшін қажетті ер мен әйелдің өзара қарым- қатынасын анықтайтын міндеттер мен құқықтар жүйесі.
Отбасының әлеуметтік мәні – отбасының жағдайы, отбасының рухани образы, некелік-отбасылық қатынастардың табысты дамуы және отбасының өмірлік циклінің кезеңдері тәрізді категориялар жүйесі арқылы көрініс берді. Осы категориялар отбасы мен неке проблемаларының негізгі аспектілерін, оның қызметінің маңызды бағыттарын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет