Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты»



бет3/40
Дата23.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#120782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Ағымдағы бақылау (семестрдің 1-7 және 8-15 апталарында өткізіледі):
1. Студенттің әр дәріс сабағына қатысуы 100 балмен, қатыспауы 0 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің дәріс сабақтарына қатысу көрсеткіші болып табылады.
2. Практикалық (зертханалық, студиялық) сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты әр практикалық (зертханалық, студиялық) сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің практикалық (зертханалық, студиялық) тапсырмаларды орындау көрсеткіші болып табылады.
3. Үй тапсырмасын орындау деңгейіне байланысты максималды 100 балл беріледі. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің үй тапсырмаларын орындау көрсеткіші болып табылады. Үй тапсырмасының көлемін оқытушы анықтайды.
4. СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) тапсырмаларын орындау максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық өлшемі студенттің СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) тапсырмаларын орындау көрсеткіші болып табылады.
Ағымдық бақылау (АБ) бағасы келесі формуламен есептелінеді:





Межелік бақылау (семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі):
Межелік бақылауда (МБ) студенттің білімі жазбаша жұмыс / ауызша жауап / компьютерлік тестілеу / норматив тапсыру / шығармашылық тапсырма орындау арқылы тексеріліп, максималды 100 балл қойылады.
Студенттің межедегі рейтингі (Р) келесі формуламен есептелінеді:



Студентті қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберу рейтингіорташа) келесі формуламен анықталады:







Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) емтихан сессиясы кезінде өткізіледі. Емтихан жазбаша түрде / компьютерлік тестілеу / норматив тапсыру / шығармашылық тапсырма орындау арқылы қабылданады, максималды 100 балл қойылады.
Қорытынды баға (ҚБ) келесі формула бойынша есептелінеді:



Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі





Әріптік жүйедегі баға

Балдың цифрлік эквиваленті

Пайыздықмәні

Дәстүрлі жүйедегі баға

Бағалау критерийлері*

А

4,0

95-100

өте жақсы

Бағдарлама материалы толық меңгерілген, ешбір қателік жоқ, өзіндік ойлау қабілетін көрсеткен. Бағдарламалық материалды өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттер пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз бетімен жүйелеуге, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуға қабілетті, формулаларды қорыта алады. Өрнектері дұрыс көрсетіліп, мазмұны дұрыс және толық жазылса.

А-

3,67

90-94

Материалды бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде есептерді қатесіз шығара алады. Есептің шығарылуына жан-жақты талдау жасай біледі. Студенттің өзі түзеткен, принципиальды емес кемшіліктер. Өрнектері дұрыс жазылса.

В+

3,33

85-89

жақсы

Оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Өрнектері дұрыс көрсетіліп, мазмұны дұрыс толық жазылмаса.

В

3,00

80-84

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Өрнектері дұрыс көрсетіліп, мазмұны дұрыс толық жазылмаса.

В-

2,67

75-79

Жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Өрнектері көрсетіліп, мазмұны толық жазылмаса.

С+

2,33

70-74

Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады. Өрнектері дұрыс көрсетілмей, мазмұны жазылмаса.

С

2,00

65-69

Қанағат
танарлық

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды. Өрнектері де, мазмұны да толық жазылмаса.

С-

1,67

60-64

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі заңдылықтарды айта алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+

1,33

55-59

Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы.

D

1,00

50-54

Тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады.

F

0,5

25-49

қанағаттан-ғысыз

Тақырыпты толық меңгермеген жағдайда

FX

0

0-24

Оқу материалын толық меңгермеген жағдайда қойылады.

13. Бағдарламалық сұрақтар
13.1 13.1 1-7 апталардың сұрақтары

  1. Бөлшектердің кинематикалық сипаттамалары

  2. Материалдық нүкте қозғалысын инварианттық әдіспен сипаттау.

  3. Материалдық нүкте қозғалысын координаттық әдіспен сипаттау.

  4. Динамиканың негізгі заңдары

  5. Динамикалық негізгі және кері есебі, бастапқы шарттың ролі

  6. Ішкі және сыртқы күштер

  7. Ньютонның қозғалыс теңдеуі

  8. Гамильтон принципі

  9. Ланградж теңдеулері және функциясы

  10. Механикалық энергияның сақталу заңы

  11. Тұйықталған жүйенің импульсінің сақталу заңы

  12. Жүйенің импульсінің өзгеру туралы заңы

  13. Тұйықталған жүйенің механикалық моменті

  14. Бір өлшемді қозғалыс

  15. Екі дене есебі, келтірілген масса

  16. Бөлшектердің шаршауының классикалық теориясы

  17. М -бөлшек шашырауының тиімді қимасы.

  18. Резерфорд формуласы.

  19. Еркін емес механикалық системалардың динамикасы.

  20. Байланыстард және оның классификациясы

13.2 8-15 апталардың сұрақтары



  1. Бөлшектің – толқындық екі жақтылық

  2. Анықталмаған қатынас

  3. Кванттық механикадағы бақылау және күй мәселесі

  4. Кванттық механикада суперпозиция принціпі

  5. Өздік түйіндестік операторы

  6. Өздік түйіндестік операторлардың өзіндік функциясы мен өзіндік мәндері

  7. Шамалардың орташа мәндері және мүмкін мәндерінің ықтималдығы

  8. Операторлардың коммутаторы

  9. Бақыланатын шамалардыңтолық жиыны

  10. Координата және импульс операторлары

  11. Сыртқы өрісте әсерлесетін бөлшектер жүйесі мен бөлшек үшін гамильтоннан

  12. Импульстің орбиталды моментінің операторы

  13. Кванттық механикадағы себептілік принциптері

  14. Шредингер теңдеуі

  15. Ықтималдық ағын тығыздығының векторы

  16. Шамалардың орташа мәндерінің уақыт бойынша өзгерісі

  17. Сақтау заңдары және оның кеңістік пен уақыттың симметриясымен байланысы

  18. Стационар күйлердің қасиеттері

  19. Потенциал шұңқырдағы бөлшек

  20. Потенциал тосқауыл

  21. Туннелдегі эффект

  22. Сызықты гормониялық осциллятор

  23. Центрлік – симметриялық өрістегі

  24. Орбиталды момент операторының өзіндік функциясы және өзіндік мәні

  25. Шредингердің радиалды теңдеуі.

14. Глоссарий



Механика

материалдық нүктелердің механикалық қозғалысын қарастыратын физиканың бөлімі

Классикалық механика 

— Ньютон заңдары мен Галилейдің салыстырмалық принципіне негізделген механиканың бөлімі. Осы себептен, классикалық механиканы кейде Ньютон механикасы деп атайды. Физикада классикалық механика кванттық механика екеуі физиканың екі ірі қосалқысы деп айтса да болады.

Материалдық нүкте 

– берілген есептің шарттарында өлшемдерін есепке алмауға болатын массасы бар дене.

Абсолют қатты дене 

– ешбір жағдайларда деформацияланбайтын және барлық жағдайларда екі нүктесінің (дәлірек айтса, екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермейтін дене.


Күш 

денелердің өзара әсерлесуінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.


Дененің массасы 

– дененің инерттілігінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.

Абсолют серпімсіз соққы 

нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы) сақталмайды және ол энергияның басқа түріне, мысалы жылулық энергияға ауысады.

Абсолют серпімді соққы 

– нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысы) сақталатын соққы.

Қозғалыс траекториясы 

– қозғалған материалдық нүктенің кеңістікте уақыттың өтуіне байланысты сызатын сызығы.

Дененің импульсі 

– сан жағынан дененің массасының жылдамдығына көбейтіндісіне тең және бағыты жылдамдықтың бағытымен бірдей векторлық шама.

Математикалық маятник 

– салмақсыз. Созылмайтын жіпке ілінген және ауырлық күшінің әсерінен тербеле алатын материалдық нүкте.

Абсолют қара дене 

деп кез келген температурада өзіне түскен жарықты оның жиілігіне, поляризациясы мен таралу бағытына байланыссыз жұтатын денені айтады.

Дененің энергетикалық жарқырауы 

(немесе сәуле шығарғыштығы) деп дененің бірлік бетінен барлық бағытта шығатын энергия ағынын айтады.

Жылулық сәуле 

деп денелердің ішкі энергиясы есебінен шығатын электромагниттік сәулені айтады.

Толқын ұзындығы 

деп 2 -ге тең фазалар айырымымен тербелетін екі нүктенің ара қашықтығын айтады.

Планк гипотезасы 

электромагниттік сәуле жиілігіне пропорционал энергияның жеке үлестері (кванттары) түрінде шығады.
«Ультракүлгін күйреуі» деп классикалық физиканың Кирхгоф функциясына арналған қара дененің сәуле шығарғыштығының жиілікке тәуелділігінің тәжірибелік мәліметтерін қанағаттандыратын өрнегін классикалық физика әдісімен іздеудің мүмкін еместігін айтады.

де Бройль гипотезасы

бөлшектердің корпускулалық қасиеттерімен бірге толқындық қасиеттері

де Бройль толқыны 

классикалық физикадағы толқындармен ұқсастығы жоқ, ерекше кванттық табиғаты бар толқын

Гейзенбергтің анықталмағандық принципі

микробөлшектің координаталары мен оларға сәйкес импульстерінің анықталмағандықтарының көбейтіндісі  Планк тұрақтысынан кем болмайды.

Шредингер теңдеуі 

микробөлшектер қозғалысының заңдарын сипаттайтын релятивистік емес кванттық механиканың негізгі теңдеуі

Толқындық функция 

микробөлшектің күйін сипаттайтын функция

Туннельдік эффект 

деп бөлшектің ені шағын потенциалдық бөгеттен энергиясы осы бөгеттің биіктігінен аз болғанда өтіп кету құбылысы

Кванттық гармоникалық осциллятор

нольдік энергиясы деп оның толық энергиясының ең аз (ноль емес) мәнін айтады.



Резерфорд атомының ядролық моделі

атомның іс жүзінде барлық массасы шоғырланған оң зарядталған ядродан және ядроның маңайында айналатын электрондардан тұратын жүйе болып табылады.



Электронның Бор орбиталары 

электронның байқалу ықтималдығы барынша үлкен болатын нүктелердің геометриялық орны болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет