жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану
Сұрақ қойылу үлгісі: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
Талдау
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:
Элементтерді талдау;
Қарым-қатынасты талдау;
Ұйымдастыру қағидаттарын талдау
Сұрақ қойылу үлгісі: Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз
жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу немесе балама шешім ұсыну:
ерекше байланыс орнату;
жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы;
абстарктілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.
Сұрақ қойылу үлгісі: Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз
Бағалау
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:
Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды;
Сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды.
Сұрақ қойылу үлгісі: Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?
Сын тұрғысынан ойлау, ақыр соңында, ойлау үдерісінің анағұрлым жоғары деңгейімен байланыстырылатынына қарамастан, Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және/немесе бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.
Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |