27
барысында тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды
міндетті түрде орындау;
– өндіріс кезеңдері жəне айналымы барысында тағам өнімдерінің
қауіпсіздігіне өндірушілердің (жеткізушілер, сатушылар) жауап-
кершілігі, өндірістік (технологиялық) бақылау жүйесімен бекітілетін
сапасы жəне қауіпсіздігіне кепілдік беру;
– мемлекеттік нормалау арқылы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету процестерін реттеуде мемлекеттің жауапкершілігі,
тағам өнімдерінің өндірісі жəне айналымымен байланысты
қызмет атқаруға куəлік (лицензия) беру, тағам өнімдерін сертифи-
каттау жəне мемлекеттік тіркеуге алу, мемлекеттік қадағалау жəне
бақылау, сонымен қатар адам денсаулығы жəне тағам өнімдерінің
мониторингі;
– тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы халықты ақпараттандыру,
бұл саланы мемлекеттік реттеу барысында атқарылған іс-шаралардың
тиімділігі;
– бекітілген талаптарға сай емес сапасы төмен жəне қауіпті
тағам өнімдерін, тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін азық-түлік
шикізаты, материалдар жəне өнімдерді еркін қолданыстан шығару
(тыйым салу) немесе жою сияқты қағидаларға негізделеді.
Көрсетілген мемлекеттік заң жекелеген бөлімдерге топ-
тастырылған 35 баптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: