Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары 1. «Биологиялық қауіпсіздік» жəне «Азық-түлік қауіпсіздігі»
түсініктерінің мəні неде?
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастық алдында
азық-түлік ахуалын жақсарту үшін қандай мақсаттар қояды? Осы
мақсаттарға жету үшін зандай іс-шаралар жоспарланған?
3. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің көпдеңгейлі жүйесін
құрудың негізгі қағидалары қандай?
4. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қам-
тамасыз етудің критерилерін атап шығыңыз.
5. Өнімдерді тұтыну қауіпсіздігін қандай параметрлер қамтып
көрсетеді?
6. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің
рөлі қандай?
28 7. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылаудың негізгі
қағидалары қандай?
8. Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясатының
мақсаты жəне міндеттерін атап шығыңыз. Оларды жүзеге асырудың
негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
9. Халықтың салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік
саясатын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету негізінде қандай
нормативтік құжаттар жатыр?
10. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Мемлекеттік заңының негізгі
ережелері қандай?
11. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласында жəне адамның
аман-саулығын қадағалау жөнінде Мемлекеттік қызметтің негізгі
міндеттері жəне функциялары қандай?
12. Қандай нормативтік-құқықтық актілер тағам өнімдеріне
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бекітеді?
13. Өнімге санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүргізу
тəртібін жəне мақсаттарын атап шығыңыз. Қандай өнім түрлері
санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудан өтуі тиіс?
14. Қандай критерилер негізінде тағам өнімдері сапасыз жəне
қауіпті деп саналуы мүмкін. Мұндай өнімдерге қатысты əрекет ету
тəртібі қандай?