26
– азық-түлік шикізаты, тағам өнімдері жəне қоспаларды стан-
дарттау жəне сертификаттаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оны
халықаралық тəжірибе талаптарына сəйкестендіру;
– салауатты тамақтану жəне экологиялық таза тағам өнімдері
жəне қоспаларды өндіру саласындағы отандық жəне шетел
ғылымымен техникасының жетістіктері жəне тенденциялары ту-
ралы ақпаратты талдау жəне бағалау жүйелерін құру, мемлекеттік
саясатты қалыптастыру жəне тиімді түрде жүргізуге қолданылатын
болжамдайтын жəне аналитикалық материалдарды дайындау;
– тағам өнімдері, азық-түлік шикізаты, сонымен қатар
тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды əзірлеуге
қолданылатын шикізаттың химиялық құрамдары жөнінде мəліметтер
банкін құру;
– тағамдық технология, тамақтану гигиенасы жəне ауыл-
ша
руашылық өндірісі саласында инженерлік жəне ғылыми
қызметкерлерді үздіксіз дайындау жүйесі;
– мемлекеттік ғылыми-техникалық жəне мақсатты бағ-
дарламалар шеңберінде, өндірісте прогрессивті технология жəне
жаңа тағам өнімдерін, бірінші кезекте алмастырылмайтын фактор-
лармен (дəрумендер, минералды заттар жəне т.б.) байытылған бала-
лар тағамы жəне көпшілік тұтынатын тағам өнімдерін құруда жəне
игеру жұмыстарында кəсіпорындарға салық жеңілдіктерін ұсыну;
– Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіп өндірісін тұ-
рақтандыру жəне дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны іске
асыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: