58
2.3.2. Тағам өнімдеріндегі генетикалық модификациялық көздерді
анықтау əдістері
Қазіргі уақытта ГМК-нің компоненттері бар өнімдерді бақылау
əдістерін қосатын негізгі нормативтік құжаттарға:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі
№969 - Қаулысымен бекітілген «Генді-модификациялық (трансгенді)
өсімдіктер жəне жануарлардан алынған тағам өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
;
– Генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми
негізде растау жөніндегі жұмыстар жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сəуірдегі N:346
– Қаулысы;
– Р МемСТ «Тағам шикізаты жəне өнімдері. Өсімдік текті
генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) идентификациялау
əдістері»;
– Р МемСТ «Биологиялық қауіпсіздік. Тағам шикізаты жəне
өнімдері. Биологиялық микрочип қолданылған өсімдік текті
генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) идентификациялау
əдістері»;
– Əдістемелік нұсқау ƏН 4,2.1913-04 «Тағам өнімдеріндегі өсім-
дік текті генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) сандық
анықтау əдістері» жатады.
МемСТ-тарда көрсетілген əдістер сапалық анализ жүргізуге
мүмкіндік береді, яғни талданатын өнімдерде ГМК-дер
компоненттерінің қатысуын немесе болмауын анықтауға мүмкіндік
береді.
Əдістемелік нұсқау ƏН 4,2.1913-04 əдістемелік нұсқауында
сипатталған əдістер тек ГМК-дің сапалық анықтауын жүргізбей, оң
нəтиже алған жағдайда зерттелетін өнімді өндіруде қолданылған
нақты ГМК-ге (пайызбен) сандық анықтау жүргізуге мүмкіндік
береді.
Барлық көрсетілген əдістер полимеразды тізбекті реакцияның
(ПТР) түрлі модификацияларын қолдана отырып рекомбинантты
ДНҚ-ын идентификациялауға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: