Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет30/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

Сигуатера интоксикациясы. Сигуатера – тропикалық жəне 
субтропикалық елдердің риф балықтары тудыратын өлімге алып 
келмейтін тағамдық уланудың аты. Бірақ бұл термин дəл емес. Ер-
теде, Кубадағы испан қоныстанушылары тұщы су ұлуы сигуаны 
тағамға пайдаланғанда жиі жағдайда асқорыту жəне жүйке жүйесінің 
бұзылысын тудыратынын білген. Ғылыми əдебиетте «сигуатера» 
термині 1787 жылы пайда болған. Қазіргі уақытта сигуатоксинді 
балықтардың 400-ден астам түрлері белгілі.
Осы балықпен улану нəтижесінде жыл сайын көптеген адам-
дар ауырады. Сигуатоксинді балықпен уланудың 4497 жағдайы 
тіркелген, оның 542 жағдайы адам өлімімен аяқталған. Сигуатера 
есепке алынбағандықтан, мұндай уланулардың нақты саны белгісіз, 
бұдан басқа дəрігерлер бұл ауруға дұрыс диагноз қоймайды. Сим-
птомдары бойынша ол фосфорорганикалық заттармен улануға ұқсас. 
Мысалы, Виргин аралдарында улану жағдайларының 10-15 %-ы 
ғана тіркеледі. Денсаулық сақтау органдары күніне ең аз дегенде
30 улану жағдайы болады деп есептейді, олардың тіркелген 20-дан 
астам өлім жағдайлары тағамға барракуда етін қолдану нəтижесінде 
болады.
Осы улану түріне ұқсас симптомдардың бастапқы кезеңінде 
асқазан – ішек бұзылыстары (іш ауруы, жүрек айну, құсу жəне іш 
өту), содан кейін неврологиялық бұзылыстың (еріннің, тіл жəне аяқ-
қолдың шаншуы жəне жансыздануы, бас ауруы, ұстамалар) созыл-
малы кезеңі басталады. Көп жағдайларда бұл симптомдар бірнеше 
сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады, уақыт өткеннен кейін 
қайтып кетеді. Ауыр интоксикация жағдайларында симптомдар 
20-25 жылға дейін созылуы мүмкін. Аурудың шығу тегі осы күнге 
дейін белгісіз токсиннен туындайды. Оларды придонды көкжасыл 
балдырлар өндіреді деген болжам бар. Осы болжамға байланысты, 


53
сигуатоксинді балықтардың көпшілігі лай тұнбаға жақын тіршілік 
етеді, егер олар жыртқыш болса, придонды балықтармен қоректенеді 
деген жанама растаулар бар. Сигуатера бір ғана қосылыстан ту-
ындамайтыны анықталған. Бірнеше уытты заттар бөлінген, оларға 
липидте еритін токсин (сигуатерин), суда еритін токсин (сигуа-ток-
син) жəне молекулалық массасы жоғары (метотоксин) токсин кіреді. 
Бұл токсиндердің құрылымы анықталмаған. Тышқандар жəне жел-
безек аяқты шаян тəрізділердің биологиялық сынамасы сияқты 
сигуатоксинді балықтарды идентификациялау əдістері əзірленген. 
Бірақ бұл əдістер сапаны бақылау үшін қолданылмауы мүмкін, себебі 
əрқашан қанағаттанарлық нəтиже бермейді. Токсиндер мұздату жəне 
қайнату барысында тұрақты болғандықтан, уланудың алдын алу 
үшін ережелер əзірленген: жергілікті жердің қауіпті балықтарын 
тұтынуға кеңес берілмейді; олардың ішкі органдарын, əсіресе, бауы-
рын қолданбау қажет; жасы ұлғайған сайын сигуатоксинді болатын 
ірі немесе кəрі балықты қолданбау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет