16
– азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біріңғай
мемлекеттік саясат жүргізуді;
– мақсатқа бағытталған мемлекеттік азық-түлік бағдарламаларын
əзірлеуді жəне іске асыруды;
– мемлекеттің азық-түлік қорын басқаруды, оның сақталуын, өз
орнымен қолданылуын жəне өз уақытында жаңаруын қамтамасыз
етуді;
– халықты негізгі тағам өнімдерімен жабдықтауға байланысты
мəліметтерді əзірлеуде, жинауды жəне талдауды ұйымдастыруды,
азық-түлік қауіпсіздігі саласында жағдайдың дамуын болжамдап
бағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы билік орган-
дары:
– аймақтың өзіндік жағдайын есепке ала отырып, азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында біріңғай мемлекеттік саясат
жүргізеді;
– азық-түлік қауіпсіздігінің мақсатты аймақтық бағдарламаларын
əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын қаржыландырады;
– Қазақстан Республикасы субъектілерінің аумағында азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен
қызметтердің əрекетін үйлестіреді.
Халық азық-түлікті бекітілген деңгейден төмен тұтынса жəне
төтенше азық-түлік жағдайы пайда болса, атқарушы биліктің тиісті
мемлекеттік органдары ауылшаруашылық өнімдері мен азық-
түлік өндірісін ұлғайту бойынша арнайы іс-шаралардың жүйесін
енгізеді, сонымен қатар тағам өнімдерін нормамен тарату сияқты
азық-түлікпен қамтамасыз етудің ерекше тəртібін уақытша енгізуі
мүмкін.
Елде жəне аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылау
үшін міндетті түрде
Достарыңызбен бөлісу: