15
өнімдеріне деген басты қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс. Өмірлік
маңызы бар бұл функцияны агроөнеркəсіп кешені орындайды.
Ел тұтынатын отандық жəне сырттан келетін азық-түліктің жал-
пы үлес салмағы мен жекелеген басты (приоритетті) өнім түрлері
бойынша осы құрамдас бөліктердің арақатынасы – азық-түлік
қауіпсіздігінің маңызды параметрі болып табылады.
Егер анағұрлым маңызды тағам өнімдері бойынша отандық
өндірістің үлес салмағы 12 ай бойы тұтыну мерзімінде жал-
пы тағам өнімдері көлемінің 80%-нан
кем болмаса Қазақстан
Республикасының азық-түлік тəуелсіздігін жеткілікті деп есеп-
теуге болады. Маңызды азық-түлік тауарларындағы импорттың
рұқсат етілетін үлесін Қазақстан Республикасында өндірілетін
өнімдердің мүмкіндігіне байланысты келістіру қажет. Сыртқы са-
уда құрылымымен азық-түлік жəне ауылшаруашылық шикізатын
ұтымды
жағдайға келтіріп, отандық тауар өндірушілерге қатысты
халықаралық сауда тəжірибесінде қабылданған қорғаныс шарала-
рын қолдану қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатудың басты мəселесі
азық-
түлік өндірісін тұрақтандыру, оның өсімін жаңарту,
нарықтың сұранысына сəйкес оның құрылымын өзгерту, АӨК
өнімдерінің сапасын жоғарылату болып табылады. Бұл мəселелерді
шешу үшін өзара байланысқан ұйымдастыру – экономикалық жəне
əлеуметтік шаралар кешенін кезегімен іске асыру қажет.
Өзара пайдалы сыртқы экономикалық ынтымақтастық жəне
өндірістің халықаралық кооперациясымен
байланысқан кеңейтілген
ұдайы өндіріс тəртібінде, бірінші кезекте, агроөнеркəсіптік кешен-
нің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекет, отандық азық-түлік нарығының əдеттегі жəне төтенше
жағдайда қалыпты қызмет етуіне кепіл болу үшін, азық-түлік жəне
ауылшаруашылық шикізаты өндірісін, сатылуын жəне қолдануын
реттеуі тиіс. Бұл үшін өндіріс жүйесінде, əсіресе, азық-түлік жəне
ауылшаруашылық шикізатын сату жүйесінде
қылмысты болдыр-
майтын құқықтық жəне ұйымдастырушы-экономикалық жағдай
құру қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі мемлекет
заңдарымен, Президент жарлықтары жəне ұйғарымдарымен,
Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің шешімдерімен
бекітіледі. Осылардың негізінде жəне аймақтық заң шығаратын
актілерді
ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
16
– азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біріңғай
мемлекеттік саясат жүргізуді;
– мақсатқа бағытталған мемлекеттік азық-түлік бағдарламаларын
əзірлеуді жəне іске асыруды;
– мемлекеттің азық-түлік қорын басқаруды, оның сақталуын, өз
орнымен қолданылуын жəне өз уақытында
жаңаруын қамтамасыз
етуді;
– халықты негізгі тағам өнімдерімен жабдықтауға байланысты
мəліметтерді əзірлеуде, жинауды жəне талдауды ұйымдастыруды,
азық-түлік қауіпсіздігі саласында жағдайдың дамуын болжамдап
бағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы билік орган-
дары:
– аймақтың өзіндік жағдайын есепке ала отырып, азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында
біріңғай мемлекеттік саясат
жүргізеді;
– азық-түлік қауіпсіздігінің мақсатты аймақтық бағдарламаларын
əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын қаржыландырады;
– Қазақстан Республикасы субъектілерінің аумағында азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен
қызметтердің əрекетін үйлестіреді.
Халық азық-түлікті бекітілген деңгейден төмен тұтынса жəне
төтенше азық-түлік жағдайы пайда болса,
атқарушы биліктің тиісті
мемлекеттік органдары ауылшаруашылық өнімдері мен азық-
түлік өндірісін ұлғайту бойынша арнайы іс-шаралардың жүйесін
енгізеді, сонымен қатар тағам өнімдерін нормамен тарату сияқты
азық-түлікпен қамтамасыз етудің ерекше тəртібін уақытша енгізуі
мүмкін.
Елде жəне аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылау
үшін міндетті түрде
Достарыңызбен бөлісу: