14
жəне қарқыны, олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін
қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
– мемлекеттің стратегиялық азық-түлік қорларының жəне
жеделдетілген (оперативті) азық-түлік қорларының өлшемдері жа-
тады.
Ұлт денсаулығын сақтау жəне нығайту үшін аймақтардың
құрылымымен келісілген, табиғи жəне экономикалық жағдайларды,
демографиялық ерекшеліктерді, еңбек қызметінің түрлерін
жəне ұлттық дəстүрлерін ескере отырып, толық құнды тағаммен
қамтамасыз ету қажет.
Адам ағзасының қоректік компоненттерге жəне энергияға деген
физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, бір уақытта
тағам өнімдері ауруды алдын алу жəне емдік қызмет атқаруы тиіс.
Экстремалды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар, балалар, кəрі
жастағы адамдар жəне созылмалы аурумен ауыратын науқастардың
тиімді тамақтануын ерекше назарға алу қажет.
Азаматтар тамақтануының минималды рұқсат етілетін деңгейі
ретінде тұтыну нормасы қабылданады, ол тағам өнімдерінің саны
жəне ассортименті, құрамындағы қоректік заттары мен энергети-
калық жеткіліктілігі бойынша минималды тұтыну кəрзеңкесін есеп-
тегенде шығады.
Азық-түлікті тұтыну қауіпсіздігін сипаттайтын параметрге тағам
өнімдеріндегі денсаулыққа зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін
мөлшері жатады.
Адамдардың тағамдық заттар жəне энергияға физиологиялық
қажеттілігін қанағаттандыруды шешу міндеті – тұтынушылар
үшін тағам өнімдерінің қажетті мөлшерін жəне ассортиментінің
физикалық жəне экономикалық қолжетімді болуын қамтамасыз
етуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: