13
халықтың табиғи жəне эмиграциялық депопуляциясы жүреді) сияқ-
ты деңгейлерге бөлінеді.
Азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейлерге бөлінуі тəжірибелік мəнге
ие. Мұндай қадам аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз
етілуінің шын мəнісіндегі деңгейін жəне нормативтік көрсеткіштерге
қаншалықты сəйкес келуін нақты анықтауға жəне бағалауға
мүмкіндік береді. Осыдан кейін келесі міндеттерді шешуге кірісуге,
яғни азық-түлік саласында осындай жағдай туғызған себептермен
факторлардың (ішкі жəне сыртқы) жиынтығын анықтауға; азық-
түлік қауіпсіздігі деңгейлерін бағалау критерилерін жəне олардың
қажетті нормаларын анықтауға; мəселені шешуге қажетті əдістер
жəне тəсілдерді таңдауға болады:
Азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді сипаты ең алдымен, əр мем-
лекет үкіметінің белсенді қызметін талап етеді. Осылармен бірге
үкіметтер əрекетінің келісімі қажет жəне жекелеген мемлекеттердің
əрекетін толықтыратын жəне күшейтетін халықаралық қауымдастық
та күш салуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: