55
дербестіктерінен айрылды да, тек морфологиялық жағынан түрлену
қасиеттерін ғана өз бойларына сақтап қалады. Мысалы,
1. Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп, шатасты да жүрді.
2. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де
осы Тобықты ішінде.
3. Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес.
4. Игіліктің жаңа үйі көп үйдің ортасында діңкиіп, ерекше
көрінеді.
5. Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты.
6. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында әр кезде
Абай сөздерін бұларға оқытып отырып тыңдайтын Дәркембай, көп
кәрі-жас бар.
7. Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді.
Осы мысалдардағы
даудың ішіне, Тобықты іші, Тобықты ішінде,
ой артынан, үйдің ортасында, жер астынан, құдық басында, ауыл
сыртында, от басында, қарағайдың түбіне деген тіркестердің
бәрінде де
іш, арт, орта, бас, аст, түп сөздері лексикалық
мағыналары толық сақталған зат есімдер есебінде емес, ақиқат
мағыналары солғындаған көмекші есімдер ретінде қолданылған. Бұл
сөздердің бәрі де сол сөйлемдерде жеке-дара мүше емес, өздерінен
бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшелердің құрамына
енетін көмекші компоненттер есебінде қызмет етіп тұр да, олардың
әрқайсысы семантика жағынан сол негізгі сөздердің мағыналарына
қосымша мағыналар үстеп тұр.
Көмекші есімдер зат есімдерге түрлі мағыналар үстейді. Ол
мағыналар көбінесе
көлемдік қатынастарды, ерекшеліктеріне қарай
Достарыңызбен бөлісу: