61
жолды, жібек көйлекті, алтын шашты.../ және сын есімдердің
/негізгі және туынды/ қосарлануы мен қайталануы арқылы да
жасалады. Мысалы,
үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз т.б.
3. Синтетикалық /морфологиялық/ тәсіл арқылы жасалған сын
есімдер. Сын есімнің бұл түріне арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған
сын есімдер жатады. Мысалы,
мал-ды, тау-лы, сырғы-малы, т.б.
Б) Сын есім тудыратын жұрнақтар:
1. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар;
2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар;
Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
–қы, -кі, -ғы, -гі: функциясы өте кең, аса өнімді жұрнақ. Мысалы,
шет-кі, ауыз-ғы, мектепте-гі, кеш-кі, түс-кі т.б.
–лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: аса өнімді жұрнақ. Мысалы, бала-лы,
тас-ты, икем-ді, гүл-ді, әсер-лі т.б.
–сыз, -сіз: өнімді форма. Есім сөздерден болымсыздық мағыналы
сын есім тудыратын жұрнақ. Мысалы, су-сыз, өнім-сіз т.б.
–шыл, -шіл: өнімді форма. Мысалы, ұйқы-шыл, күлкі-шіл.
Сын есім – семантика, грамматикалық жағынан, яғни
морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы
жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп
қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән еркшелігі бар
сөз табының бірі. Сын есім – семантикалық жағынан заттың,
құбылыстың түрлі сапасын, белгісін, түсін, көлемін затқа, құбылысқа,
іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер. Сын есімнің маңызды
белгілері:
- Заттың түр-түсін білдіреді:
ақ, қызыл, боз, сары.
- Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын
білдіреді:
мол, ауыр, жүйрік, жуас, берік.
- Заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді:
ақ етті, ашаң жүзді,
әдемі, надан.
- Заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты
белгілерін білдіреді:
қалың, жұмсақ.
- Затқа, қимылға, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды
білдіреді:
нұрлы, білікті, атақты, биылғы, жылдағы.
Сын есімнің табиғи қызметі – ешбір өзгеріске түспей-ақ зат
есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау.
Абзал адам азбайды арын сүйген. Жақсы тәртіп - әдетке айналса
Достарыңызбен бөлісу: