Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет38/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   196
 
4.3 Сан есім 
 
Сан  есім.  Есім  сөз  таптарының  бірі  –  сан  есім.  Тілімізде  сан 
есімдер сандық мөлшерді білдіре отырып, зат есімдермен тіркескенде 
нақтылы ұғымдық мағынаны білдіреді де (үш адам, жиырма кісі т.б.) 
жеке қолданғанда (екі, төрт, алпыс)  абстрактілі  ұғымда жұмсалады. 
Дегенмен  тілімізде  сан  есім  секілді  әр  түрлі  мөлшер  ұғымдарды 
білдіретін  тұлғалар  да  кездеседі.  Мысалы:  жарты,  бүтін,  сыңар,  егіз, 
метр,  кез,  қас  қаққанша  т.б.    Бір  жағынан  алғанда,  айталық  жұп  екі, 
екеу  деген  мөлшерлік  ұғымда  қолданғандықтан,  сан  есім  қатарына 
жатқызуға болатын сияқты.  
      Сан  есімдердің  морфологиялық  ерекшеліктері.  Құрамы  жағынан 
дара, күрделі сан есімдер болып бөлінеді. Дара сан есімдер бір негізгі 
морфемадан  тұрып,  сандық  ұғымда  атайды.  Мысалы:  бес,  үш,  мың 
т.б. Дара сан есімдерге бірліктердің, ондықтардың аттары және  жүз, 
мың, миллион, миллиард сөздері жатады. Бірліктерге тоғыз сөз кіреді: 
бір,  екі,  үш,  төрт,  бес,  алты,  жеті,  сегіз,  тоғыз.  Сондай-ақ 
ондықтардың  саны  да  тоғыз:  он,  жиырма,  отыз,  қырық,  елу,  алпыс, 
жетпіс, сексен, тоқсан. Оған жүз, мың сан есімдерін қоссақ, дара сан 
есімдердің  ұзын  саны  жиырма  екенін  байқаймыз.  Ал  жоғарыда 
көрсетілген кірме сан есімдерді (миллион, миллиард) қоссақ, дара сан 
есімдер саны жиырма екіге  жетеді. Бұл  – сан есімде дара сандардың 
аз екенін көрсетеді. Бірақ дара сандардың ішінде бір негізгі морфема 
мен бір көмекші морфемадан тұратын сандар да бар.  
Күрделі  сандар  саны  дара  сан  есімге  қарағанда  анағұрлым  көп. 
Олар  еш  қосымшасыз,  яғни  бір  сан  мен  екінші  санның  тіркесуінен 
барып үшінші санның атын, атауын білдіреді. Мысалы: жиырма төрт, 
он-он  бес,  төрт-төрттен  т.б.  күрделі  сан  есімдер.  Сонда  күрделі  сан 
есімдер тіркесіп не қосарлануы арқылы жасалады. Ал, алпыс, жетпіс, 


 
65 
сексен,  тоқсан  сан  есімдері  тарихи  тұрғыдан  қарағанда    алты+он, 
жеті+он, сегіз+он, тоғыз+он сөздерінен бірігу тәсілі арқылы жасалған. 
Сан есімдердің мағыналық топтары. Сан есімдер сандық мөлшерлік 
ұғымдарды  білдіруде  семантика-морфологиялық  тұрғыдан  мына 
секілді  алты  топқа  бөлінеді:  есептік,  реттік,  болжалдық,  жинақтық, 
топтық,  бөлшектік  сан  есімдер  болып.  1.  Есептік  сан  есімдер  басқа 
сан  есімдер  түрлерінің  жасалуына  негіз  бола  отырып,  заттық, 
құбылыстық,  жалпы  іс-әрекеттің  болсын  сандық  мөлшерін  нақтылы 
көрсете  отырып,  іштей  ондық:  бір  -  он,  жүздік  бір  жүз  –  тоғыз  жүз, 
мыңдық бір мың тоғыз жүз және мыңдық бір мың – жүз мың сандар 
болып  бөлінеді.  Сонымен  бірге  бұл  сандар  тіркесу  жағынан  аралас 
ретінде де тілімізде қолданыла береді: бір мың тоғыз жүз тоқсан төрт 
т.б. 2. Реттік сан есім. Реттік сан есімдер заттың сандық ретін білдіре 
отырып, есептік сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнақтарының жалғану 
нәтижесінде  жасалады.  Бұл  сан  есімдерде  субстантивтенбесе 
морфологиялық  жақтан  түрленбейді  және  құрамы  жағынан  дара, 
күрделі  болып  келгенде  жұрнақтар  (-ыншы,  -інші)  соңғы  сан  есімге 
жалғанады.  Мысалы:  Ол  бірінші  келді.  Біреулері  жолға  түсті, 
екіншілері  көлік  тосып  қалды.  Дайындықтың  күштілігінен  он 
төртінші  орыннан  он  бірінші  орынға  көтерілді.  3.  Жинақтық  сан 
есімдер.  Жинақтық  сан  есімдердің  бір  ерекшелігі  – ондық  жинақтық 
ұғымды  білдіре  отырып  –ақ  (-еу)  аффикстері  нәтижесінде  бірден 
жетіге  дейінгі  санды  қамтиды  және  үнемі  абстрактілі  ұғымда 
қолданылғандықтан көпшілігінде субстантивтенген түрінде кездеседі: 
Анадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. 4. Топтау 
сан  есім.  Сан  есімдерді  мағыналық  жағынан  топтап  көрсететін  сан 
есімнің  бұл  түрі  –дан  жұрнағы  және  оның  басқа  да  варианттары 
арқылы  жасалады:  төрттен,  бестен  т.б.  Морфологиялық  құрамы 
жағынан  дара,  яғни  түбірге  жұрнақ  қосылу  арқылы  формасынан: 
елуден,  мыңнан,  отыздан  немесе  қосарлану,  тіркесу  нәтижесінде 
күрделі  түрі  де  кездеседі:  он-оннан,  екі-екіден,  жиырма  төрттен, 
қырық отыздан. Мұндай күрделі түрінде топтау сан есімін жасайтын  
жұрнақтар  соңғы  сан  есімге  жалғанады.  Топтау  сан  есімнің 
грамматикалық  бір  ерекшелігі  –  сөз  түрлендіруші,  сөз  тудырушы 
формалардың  қосылмауы. 5. Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан 
есімдер зат не құбылыс мөлшерін тікелей емес тұспалдай атап, мына 
секілді морфологиялық тәсіл арқылы, яғни: -дай (-дей, -тай, -тей, -ер) 
жұрнақтарының  қосылуы  арқылы  жасалады:  елудей,  бесеудей, 
тоғыздай,  жетпістей  т.б.  Ал  –ер  жұрнағы  тек  бірер  болжалдық  сан 
есімде  ғана  қолданылады.  6.  Бөлшектік  сан  есімдер.  Зат  не 
құбылыстың  сандық  бөлшегін  білдіретін  сан  есімдер  бөлшектік  сан 
есімдер  деп  аталады  да,  олар  үнемі  күрделі  сөздер  формасында 


 
66 
қолданылады. Мысалы, үйдің үштен бір бөлігі. Бөлшектік сан есімдер 
синтаксистік  тәсіл  арқылы  жасалады  да,  оған  грамматикалық 
тұлғалардың  бірі  міндетті  түрде  жалғанып  отырады.  Олар  мына 
секілді болып келеді. 1) компоненттердің бірінші сыңары ілік, екінші 
сыңары тәуелдік  формада (матасу)  келу, мүмкін: төрттің бірі, онның 
екісі;  2)  компоненттің    бірі  шығыс,  екіншісі  атау  тұлғалы  болып 
келеді: үштен бір, бестен төрт, 3) компонентінің бірі шығыс, екіншісі 
тәуелдік формасында да келуі ықтимал: екіден бірі, жиырмадан төрті 
т.б.  Сан  есімдердің  сөйлемдегі  қызметі.  Ал  сөйлемде  сан  есімдер 
негізінен анықтауыштық қызмет атқарады: Біз бірінші жолдан екінші 
жолға  ауыстық.    Бастауыш  қызметін  атқаруы:  Үшеуі  жар  басына 
келіп  отырды.  Отыз  –  алтыға  бөлінбейді  т.б.  Баяндауыш  қызметін 
атқаруы:  Үйде  отырған  адам  саны  он  алты.  Түптеп  келгенде,  бидің 
кіналы  деп  табатыны  –  екеуі  т.б.  Пысықтауыш  қызметін  атқаруы: 
Алтыда  аудан  орталығында  болуым  керек  т.б.  Толықтауыш 
қызметін  атқаруы:  Отыз  алтыға  бөлінеді.  Қырық  жетісін  айдап 
айттырғалы  келіпті  т.б.  Сонымен,  сан  есімдер  субстантивтенсе, 
онда сөйлемнің барлық мүшелері бола алады. Сол секілді сан есімдер 
сөйлемде  кез  келген  сөздермен  тіркеспейді.  Олар  негізінен  зат 
есіммен  немесе  заттанған,  зат  есімнен  туған  сын  есімдермен, 
етістіктермен және ғана, -ақ шылауларымен тіркесе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет