Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет37/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   196
ырыс, жаман тәртіп -  әдетке айналса қырсық.  
Морфологиялық  жағынан  сын  есім  –  түрленбейтін  сөз  табы. 
Шырай тұлғалары жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын 
есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық  сын есімге ғана тән, ал 
қатыстық сын есімге шырай тұлғалары жалғанбайды.  


 
62 
Сын есімге септік, тәуелдік, көптік жалғауларының бірі жалғанып 
қолданылса,  онда  ол  заттанып,  зат  есімдердің  орнына  жұмсалады. 
Жамандар  қыла  алмай  жүр  адал  еңбек  ...  (Абай).  Балаға  тең  көрінер 
бай мен кедей (С.Торайғыров).     
Сын 
есімнің 
шырай 
категориясы.Сын 
есімнің 
шырай 
категориясы  лексика-грамматикалық  категория,  жалпы  сын  есімнің 
түрлену  жүйесі  емес,  сапалық  сын  есімнің  семантикалық  және 
грамматикалық  тұлғалану  сипаты  болып  табылады.  Шырай  түрлері 
туралы  қазақ  тіл  білімінде  бірыңғай  пікір  жоқ.  Ең  алдымен,  бірден 
көзге  түсетін  ерекшелік  –  грамматикалар  мен  оқу  құралдарында 
шырай  түрлерін  жасауға  негіз  болатын  тұлға  деп  көрсетілген  жай 
шырай  түрін  жеке  шырай  деп  көрсетеді.  Тек  шырай  түрлеріне  негіз 
болатын,  ал  өзі  шырай  түрлеріне  мағыналық  жағынан  да,  тұлғалық 
жағынан  да  оппозициялық  қатар  құрай  алмайтын  тұлға,  ол 
категорияның  ішіне,  шеңберіне  кіре  алмайды.  Жай  шырай  дегенді 
есептемегенде,  бір  оқулықтарда  екі  түрлі  –  салыстырмалы  және 
күшейтпелі  шырайлар,  енді  біреуінде  үш  түрлі  –  салыстырмалы 
шырай,  күшейтпелі  шырай  және  асырмалы  шырай,  тағы  біреуінде 
төрт түрлі – салыстырмалы шырай, бәсең я шағын шырай, күшейтпелі 
шырай және асырмалы шырай, тіпті кейбір зерттеулерде одан да көп 
түрі  беріледі.  Күшейтпелі  және  асырмалы  деп  аталатын  шырай 
түрлерін  біріктіріп  қарайтын  болсақ,  (асырмалы  деп  жүрген  шырай 
түрі  де  күшейтпелі  мәнді  білдіреді:  өте    жап-жақсы),  шырайдың 
сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-
ақ  түрін  көрсетуге  болады:  салыстырмалы  шырай  және  күшейтпелі 
шырай.  
Ғ.Мұсабаев  өзінің  еңбегінде  қазақ  тілінде  бес  түрлі  шырай  бар 
деп  топшылайды  да,  оларды,  біріншіден,  салыстырмалы  шырай 
(жақсырақ),  екіншіден,  бәсең  шырай  (жақындау),  шағын  шырай 
(көкшіл),  күшейтпелі  шырай  (қып-қызыл),  үдетпелі  шырай  (аса 
жақсы)  деген  топтарға  жіктейді.  Ал  Ж.Шәкенов  қазақ  тілінде  бес 
түрлі  шырай  бар  деп  есептейді  де,  оларды,  біріншіден,  жай  шырай 
(«бастапқы қалпында тұрған сапа сындарының барлығы»), екіншіден, 
салыстырмалы шырай (терең-ірек), үшіншіден, бәсең шырай (бозғыл-
дау),  төртіншіден,  күшейтпелі  шырай  (қап-қара),  бесіншіден, 
таңдаулы  шырай  (өте  жақсы)  деген  топтарға  бөледі.  Ғалым 
А.Ысқақовтың  еңбегінде  төрт  түрлі  шырай  бар  деп  көрсетіледі:  жай 
шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.  
Жай  шырай  деп  сындық  белгінің  негізгі  дәрежесін  білдіретін 
шырай атайды. Мәселен, үлкен, кіші, биік, т.б. 
Салыстырмалы  шырай  бір  заттың  сынын,  я  сипатын,  түсін, 
екінші  заттың  біртектес  сынымен,  белгісімен  салыстырып,  сол 


 
63 
салыстыратын  белгілердің,  түрлердің  бір-бірінен,  я  артық,  я  кем 
екенін  білдіріп,  белгілі  қосымшалар  арқылы  жасалады.  Ол 
қосымшалар:  а)  –рақ,  -рек,  -ырақ,  -ірек:  төменірек,  жоғарырақ.  ә)  
лау,  -леу,  -дау,  -деу,  -тау,  -теу:  жалпақтау,  аласалау.  Сапалық  сын 
есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар 
да бар. Олар: 1) –ғыл, -гіл, -ғылт, -қылт, -ғылтым,-қылтым: сарғылт, 
бозғылт. 2) –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: ақшыл, көкшіл. 3) –ғыш, -
ілдір: сарғыш, көгілдір. 4) –ан, -қай, -ша, -ше: қоңырқай, сопақша. 
Күшейтпелі  шырай  бір  заттың  бастапқы  сынын,  белгісін 
күшейтіп,  асыра  көрсетіп  тұрады.  Ол,  біріншіден,  күшейтпелі  буын 
арқылы  жасалады:  жап-жасыл,  қап-қара,  топ-толық.  Екіншіден, 
өте, аса, ең, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады. 
Мысалы: өте жақсы, ең ыстық сезім.  
Қай тілде болсын, сөз таптары арасында бір-біріне ауысу, алмасу 
процестері  болып  отырады.  Осымен  байланысты  сындық  белгіні 
білдіретін  сөздер  сөйлеу  қажеттілігіне  қарай  заттық  ұғымда 
қолданылады.  Сын  есімнің  көптеліп,  септеліп,  тәуелденіп  келіп,  зат 
есімге ауысып, заттанып қолданылуы – субстантивтену процесі деп 
аталады.  Жақсыдан  шарапат,  жаманнан  кесапат.  Өңшең  жалбағай 
тымақтылар  тұс-тұсынан  қалың  қолға  қосылып  кетті.  Осы  сегіз  үй 
ішіндегі  ең  бүтіні  және  үлкендеуі  –  ортада  тұрған  жалпақтау  бес 
қанат  үй.  Кейбір  сын  есімдер  бүтіндей  заттанып  біржола 
субстантивтеніп  кетеді.  Олар:  жас,  бала,  ауру,  жүдеу.  Осыған 
байланысты  сын  есімдердің  көбі  уақытша,  кейбіреулері  толық 
субстантивтенеді. 
Адъективтену  –  басқа  сөз  таптарының  сын  есімге  ауысуын 
білдіретін  конверсиялық  процесс.  Сөз  таптарының  ішінде 
адъективтену  процесіне  зат  есімдер  мен  етістіктер  анағұрлым  бейім. 
Зат  есімнен  сын  есімдерге  толық  ауысқан  сөздер:  жамау,  бұрау  
(қамшы),  асқақ,  көк    (аспан,  шөп,  түс),  ақ  (түс,  ағарған),  жас  (жас 
мөлшері, жігіт).  
Түбір 
етістіктерге 
қарағанда, 
оның 
белгілі 
тұлғалары 
адъективтену 
процесіне 
жиі 
ұшырайтындығы 
байқалады. 
Адъективтенген қимыл есімдері: ұшқыр, тапқыр, білгір, өткір, үшкір. 
Есімше  формаларының  адъективтенуі:  қиылған  (қас),  уылжыған 
(жас), қашаған, сүзеген, тебеген, алаған, береген, ұшқалақ, жаңғалақ, 
сасқалақ. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  сын  есімдер  сөйлемнің  барлық  мүшелері 
бола алады.  
1)  Сын  есім  ілік  септікте  тұрып,  заттанып  келіп  те  матаса 
байланысқан анықтауыш болады: Жақсының жақсылығын айт, нұры 
тасысын.   


 
64 
2) Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде 
келіп  заттанып,  толықтауыш  қызметін  атқарады:  Білімдіден  шыққан 
сөз, талаптыға болсын кез.  
3)  Сын  есім  сөйлемде  етістіктің  алдында  тұрып,  қимыл,  іс-
әрекеттің  сынын  білдіріп,  қалай?  деген  сұраққа  жауап  беріп, 
пысықтауыш болады: Бетті бастым, қатты састым.  
4)  Сын  есімге  көптік,  септік,  тәуелдік  жалғаулары  жалғанса,  зат 
есімнің  орнына  жүреді.  Заттанған  сын  есім  атау  септігінде  тұрып 
қолданылса,  бастауыш  қызметін  атқарады:  Баланың  жақсысы  – 
қызық, жаманы – күйік.  
5)  Сын  есім  жіктік  тұлғада  тұрып  сөйлемнің  баяндауышы  да 
болады: Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет