Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет49/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   196
аш, байла, ем, илан, күл, көн, кір т.б. 
Екінші сала. Қос функциялы. Бұл топқа лексикалық мағыналарын 
толық  сақтап,  сөйлемде  дербес  мүше  бола  да  алатын,  сондай-ақ 
жетекші  етістікпен  тіркескенде  өзінің  мағынасын  жартылай  не 
бүтіндей  жоғалтып,  көмекші  қызмет  атқаратын  түбір  етістіктер 
жатады. Яғни, бірде негізгі, бірде көмекші қызмет атқаратын мұндай 
етістіктердің саны тілімізде отыз шақты. Мысалы, ал, бар, баста, бақ, 
бер, бұл, біл, жүр, жат т.б. 
Үшінші  сала.  Көмекші  функциялар.  Бұл  топқа  енетін  етістіктің 
саны  аз. Ол сөздер  - өзінің алғашқы мағынасын  жартылай, не толық 
жоғалтып,  қазір  тек  бірыңғай  көмекші  қызметін  атқаратын  сөздер. 
Мысалы, е, ет, жазда, де
Бұлардың  барлығы  жалаң  негізгі  етістіктер.  Басқа  сөз  табынан 
жұрнақ  арқылы  жасалатын  немесе  екі  сөзден  құралатын  күрделі, 
туынды  етістіктер  осы  негізгі  етістіктердің  семантикалық  жүйесіне, 
морфологиялық  формасына  және  синтаксистік  функциясына  қарай 
құрылып, негізгі етістіктердің заңдарына лайық қалыптасып отырады. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістік  сөз  табы  грамматикалық 
категорияларға  өте  бай  болып  келеді.  Әр  категорияның  өзіне  тән 
формалары  бар.  Ол  формалар  өзге  түркі  тілдеріндегі  сияқты 
жалғамалық  принципке  сәйкес  арнайы  қосымшалар  арқылы 
белгіленеді.  Әр  қосымшаның  сөз  құрамында  өзінің  тиянақты  орны, 
мағынасы  және  атқаратын  қызметі  жүйелі  түрде  қалыптасқан.  Бір 
формадан  екінші  форма,  екінші  формадан  үшінші  форма  сатыланып 
жасалу – қазақ тіліне тән қасиет. Мысалы, жаз – түбір етістік, жазыс 
–  ортақ  етіс,  жазыспа  –  етістіктің  болымсыз  түрі,  жазыспадың  – 
жедел өткен шақ, жазыспадыңдар – жедел өткен шақтың көпше түрі. 
Міне,  осы  сөзге  жалғанған  әр  қосымша  белгілі  бір  грамматикалық 
категорияның көрсеткіші болып табылады. 
Етістіктің  категориялары  деген  түсінікке  етіс  категориясы,  шақ 
категориясы,  көсемше  категориясы,  есімше  категориясы,  рай 
категориясы,  көрініс  немесе  вид  категориясы,  жақ  категориясы,  салт 
және  сабақты  етістіктер  кіреді.  Бұл  категориялардың  ішінде  көп 
жылдар  даулы  таластар  туғызған  категориялар  да  бар.  Ол    -  көрініс 
категориясы.  
Етістік  категорияларсы  формаларының  түбірге  тіркесуі,  әдетте, 
біркелкі  болып  келмейді.  Оны  біз  сөйлем  не  сөз  тіркесінен,  яғни 
нақты  контекстте  анықтай  аламыз.  Етістік  –  категориялары  көп  сөз 
табы.  Олар  сөз  құрамында  бірімен-бірі  сыйыса  береді.  Сондықтан 
етістіктің  формаларының  түбірге  тәртіппен  жалғанатынын  анықтай 
білу керек. 


 
82 
Етістік  сөйлем  құрылысына  не  сөз  тіркесіне  түскенде  өзінің 
категорияларының  формаларын  қабылдайды.  Етістік  тек  бір  ғана 
категорияны  қабылдап  тұрмайды.  Категорияларға  бай  болғандықтан, 
бұл  сөз  табы  бірнеше  категориялардың  формасында  тұрып,  олардың 
әрқайсысының 
мағынасын 
да 
білдіруі 
жиі 
кездеседі. 
Категориялардың  көрсеткіштері  түбірге  тікелей  жалғана  береді.  Бұл 
қағидаға қайшы келетін тек жақ категориясының көрсеткіштері. Түркі 
тілдерінде жақ категориясының көрсеткіштері түбір етістікке тікелей 
тіркесе  алмайды,  себебі  ол  раймен  байлаулы.  Рай  қимыл-әрекеттің 
шындық өмірге қатысын білдірсе, сол қимылдың иесін жақ білдіреді. 
Рай  мен  жақ  көрсеткіштері  етістікке  үнемі  қатарласа  жалғанады. 
Мәселен,  бұйрық  райда  (келсін,  кел-ің-дер,  кел-іңіз),  нақ  осы  шақта 
(отыр-мын, отыр-сың, отыр-сыз). 
Түбір етістікке бірінші болып етіс формасы жалғанады. Мысалы, 
ал-дыр-ма,  әкел-дір-мек,  ет-кіз-е-ді.  Етістен  кейін  түбірге  көрініс 
немесе  сипат  категориясы  жалғанады.  Сипат  категориясы 
тюркологияда  біраз  даулы  талас  тудырған  категория.  Ғалымдардың 
бірсыпырасы,  тіпті  басым  көпшілігі  бұл  категория  қазақ  тілінде  жоқ 
деп  есептейді.  Бірақ,  профессор  Н.Оралбаев  1971  жылы  осы  сипат 
категориясы 
бойынша 
докторлық 
диссертация 
қорғап, 
ол 
категорияның  қазақ  тілінде  бар  екендігін  дәлелдеді.  Бұл  категория 
бойынша  етіс  жұрнағынан  кейін  қимылдың  өту  сипаты  көрінеді. 
Яғни,  етістікте  алдымен  қимылдың  объектісі  мен  субъектісі 
көрсетіліп,  содан  кейін  ол  қимылдың  қалай  жасалғанын  білдіреді. 
Мысалы,  айтқыза  сал,  оқыта  бер  деген  етістіктерді  алып  қарайық. 
Негізгі қимыл айту және оқыту. Оны біреуге жасату  мағынасы және 
бар.  Бірінші  етістікте  сол  қимылды  жасауды  немқұрайлы  формада 
жасау  мағынасы  болса,  екіншісінде  ол  қимылды  жасауды  әрі  қарай 
жалғастыру  мағынасы  жатыр.  Осыдан  көрініп  отырғандай  әрбір 
етістікте  екі  категорияның  көрсеткіші  бар.  Оның  алғашқысы  етіс 
категориясы,  ал  соңғысы  қимылдың  өту  сипаты,  сипат  категориясы. 
Сипат  категориясын  тіл  білімінде  акционсарт  деген  терминмен 
белгілеп  жүр.  Орыс  тіл  білімінде  оны  «категория  характера 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет