Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет51/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   196
Етістіктің  морфологиялық  сипаты  және  жасалу  жолдары. 
Етістік  басқа  сөз  таптарынан,  соның  ішінде  есімдерден  тек  өзіндік 
категориялармен  ғана  емес,  сондай-ақ  жасалу  жолдары  арқылы 
ерекшеленеді.  


 
85 
Морфологиялық  құрылымы  жағынан  етістіктер  жалаң  және 
күрделі етістіктер деп аталатын екі топқа бөлінеді. 
Жалаң етістіктерге бір буынды және екі буынды түбір етістіктер 
мен  жұрнақ  арқылы  жасалған  туынды  етістіктер  жатады.  Мысалы, 
кел, жу, ой, көр, қоры, оян, қолда, сабала, үймеле. 
Жалаң етістіктер құрылысына қарай түбір етістіктер және туынды 
етістіктер болып бөлінеді. 
Түбір  етістіктер  қатарына  арнаулы  морфологиялық  бөлшектері 
жоқ,  жеке  тұрған  күйінде  түбір  және  жұрнақ  деп  бөлшектеуге 
келмейтін  сөздер  кіреді.  Мысалы,  аз,  ал,  алда,  бер,  бол,  байла,  же, 
жыла, илан, шаш т.б. 
Түбір етістіктердің құрамына қарай бөлінуі әр түрлі болып келеді. 
Бір  буындысы  да,  екі  буындысы  да,  бірнеше  буындысы  да  бар. 
Бұндай  әркелкілік  –  тарихи  дамудың  жемісі.  Етістіктердің  ішінде 
жылдар  бойы  туынды  етістік  ретінде  жұмсалып  келіп,  бірте-бірте 
түбір  мен  жұрнаққа  ажыратылмайтын  сөздер  де  бар.  Мысалы,  қоры, 
қорға деген етістіктер бар. Екеуі екі етістік. Мағыналары жақын. Көне 
ескерткіштерде  қоруғ-ла  түрінде  беріледі.  Оян,  оят,  ояу  етістіктері 
туралы  да  осыны  айтуға  болады.  Тарихи  даму  процесіне  түскен 
етістіктерге  мысалды  көптеп  келтіруге  болады:  ай-т,  ал-да,  бай-ла, 
бау-ла,  қақ-ырай,  жыла(йығ-ла),  баста,  сөй-ле  (сез-ле),  шегін  (шек-
ін), шегер (шек-ер) т.б. 
Міне,  осы  келтіріліп  отырған  етістіктердің  құрамындағы 
жұрнақтардың  кейбірі  деформаланып,  кейбірі  деформаланбай 
бөлшектенбейтін түбірге айналып кеткен. 
Тілдегі  болатын  осындай  әр  алуан  өзгерістердің  нәтижесінде 
омоним  етістіктер  қалыптасқан.  Мысалы:  1.Су  жылы-ды.  Жылы  су. 
2.Бала тоң-ды.  Тоң қатты.  
Осындай  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ғалымдар  түбір 
етістіктерді  негізгі  түбір  немесе  етістіктің  негізі  және  көнеленген 
түбір деп шартты түрде екіге бөледі. 
Енді етістіктің негізі деген түсінікке тоқтала кетейік. Бұл түсінік 
төңірегінде  көптеген  бері  талас  мәселе  болып  келе  жатыр.  Талас 
доцент  Ы.Е.Маманов  пен  профессор  А.Ысқақов  арасында  болуда. 
Көптеген  тюрколог  ғалымдар,  соның  ішінде  А.Ысқақов  та  бар, 
етістіктің  негізгі  дегенді  былай  түсіндіреді:  «Неизменимая  часть 
любого глагола, наличествующая во всех его грамматических формах, 
считается  глагольной  основой.  В  чистом  виде  глагольную  основу 
представляет  форма  второго  лица  единственного  числа  будущего 
времени повелительного наклонения при обращении на ты, Мысалы, 
айт/сен айт, кел-сен кел, ойла-сен ойла/». 


 
86 
Бұл теорема бойынша етістіктің өзгермейтін бөлігін негіз дейміз. 
Егер ол өзгермейтін бөлік болса, онда бұйрық рай формасында қалай 
тұрады?  Сондықтан,  Ы.Маманов  негіз  бен  бұйрық  райдың  жекеше 
екінші  жағында  тұрған  етістік  бір  емес  деп  тұжырымдайды.  Қандай 
болмасын  сөз  форманы  қабылдағаннан  кейін  негіз  болудан  қалады, 
себебі грамматикалы мағынаға ие болады. 
Туынды  етістіктер.  Етістіктердің  бұл  тобына  түбірге  арнаулы 
жұрнақтар  жалғану  арқылы  жасалған  сөздер  жатады.  Басқа  сөз 
таптарындағы  сияқты  сөз  жасаушы  жұрнақтың  префикс  түрі 
қолданылмайды.  Аффикстер  постпозитивті  жағдайда  жалғамалы 
тәртіппен тіркеседі. 
Туынды  етістіктер  есімдерден  де,  етістіктен  де  жасала  береді. 
Сондықтан,  тіліміздегі  туынды  етістік  жасайтын  жұрнақтарды  екі 
топқа  бөліп  қарастырамыз:  есімдерден  етістік  тудыратын  жұрнақтар 
және  етістіктерден  етістіктер  жасайтын  жұрнақтар.  Осыған  сәйкес 
туынды  етістіктер  де  екі  топқа  бөлінеді.  А)  Есім  негізді  етістіктер; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет