Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет57/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   196
тұр, отыр
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  қалып  етістіктері  туралы  профессор 
М.Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» деген еңбегі 
бар.  
Қалып  етістіктері  де  тілімізде  көмекшілік  қызмет  атқарады. 
Алайда, 
бұл 
етістіктің 
қызмет 
атқаруында, 
мағынасында, 
грамматикалық семантикасында байқалатын кейбір ерекшеліктер бар: 
Біріншіден, осы төрт етістік тек көмеші етістік қызметін атқарып қана 
қоймай,  өзінің  тура  лексикалық  мағынасында  да  жұмсалынады. 
Мысалы,  І.  Ат  қорада  тұр;  Күн  жауып  тұр.  1.  Сәби  бесікте  жатыр; 
Жолаушы ауылға келе жатыр. т.б. 
Толымды  көмекші  етістіктер  де  бірде  жетекші,  бірде  көмекші 
етістік  қызметін  атқара  береді.  Алайда,  осы  жерде  қалып  етістіктері 
мен  толымды  көмекші  етістіктер  арасында  айырмашылық  бар  екені 
байқалады. Қалып етістіктері көмекші етістік қызметін атқарғанда да 
өзінің  қалып  мағынасын  сақтап  отырады.  Ал  толымды  көмекші 
етістіктер олай емес. Ол көмекшілік қызметін атқарған кезде жетекші 
етістік  қызметіндегі  мағынасынан  қол  үзеді.  Мысалы,  оқып  отыр, 
оқып  жүр,  оқып  жатыр,  оқып  тұр  –  айтып  салды,  өтіп  барады, 
көріп келеді т.б. 
Екіншіден,  осы  төрт  етістік  екі  лексикалық  мағынада 
қолданылады:  қалып  етістік  мағынасында  және  қозғалу  не  амал-
әрекет мағынасында да. Мысалы, Жатыс септікті сөздермен тіркесіп 
келіп  қалып  мағынасын  білдіреді:  үстелде  отыр,  жерде  жатыр, 
ауылда  жүр.  Барыс  септікті  сөздермен  тіркесіп  келіп  «жүр»  етістігі 
қозғалу  мағынасын,  «жатыр,  отыр»  етістіктері  амал-әрекет 
мағынасын бере алады: ауылға жүр, жерге отыр, төсекке жат, т.б. 
Сондай-ақ,  «тұр»  етістігі  шығыс  септікті  сөздермен  тіркесіп  келіп, 
амал-әрекетті сипаттайды: орныңнан тұр
Қалып  етістіктің  осы  екі  мағынасы  да  олардың  номинативті 
мағыналары болып есептеледі. 
Үшіншіден, басқа етістіктер негізі жіктік жалғауларын қабылдай 
алмайды  да,  ал  қалып  етістіктері  жіктік  жалғауларын  тікелей 
қабылдай  алады:  отыр-мын,  отыр-сың,  жатыр-мын,  жатыр-сың, 
тұр-мын, тұр-сың т.б. 


 
97 
Сондай-ақ,  еді,  екен  көмекші  етістіктері  де  қалып  етістіктеріне 
түбір  тұлғасында  тұрған  күйінде  тіркесе  алады.  Мысалы:  отыр  еді, 
отыр екен, тұр еді, тұр екен, жатыр еді, жатыр екен т.б. 
Төртіншіден,  тұлғалық  құрамы  жағынан  да  қалып  етістіктері 
басқалардан  оқшауланады.  Басқа  толымды  көмекші  етістіктер  және 
негізгі  етістіктер  түбір  тұлғалы  күйінде  тек  екінші  жақ  бұйрық  рай 
формасымен сәйкес келеді. Ал қалып етістіктері әрі ІІ жақ бұйрық рай 
формасымен,  әрі  ІІІ  жақ  ашық  рай  формасымен  сәйкес  келеді. 
Мысалы, сен отыр, сен жүр, сен тұр, ол отыр, ол жүр, ол тұр. Тек 
жат формасы ғана –ыр қосымшасын қабылдамай, бұйрық райдың ІІ 
жағында сен жат түрінде келеді. 
Бесіншіден,  қалып  етістіктері  өзгелік  етіс  көрсеткішінен  басқа 
етіс  формаларын  қабылдамайды.  Ал  жатыр  қалып  етістігі  етіс 
формаларын мүлде қабылдамайды. 
Алтыншыдан,  қалып  етістіктері  жетекші  қызмет  атқарғанда  да 
көмекші  қызмет  атқарғанда  да  осы  шақтың  мағынасын  білдіреді.  Ал 
басқа  етістіктер  осы  шақ  мағынасын  тек  арнаулы  қосымшалар  қосу 
арқылы бере алады. Мысалы, жерде отыр, жазып отыр, үйде жүр, 
оқып жүр т.б. 
Осы келтірген ерекшеліктер – қалып етістіктерінің семантикалық 
және  морфологиялық  сипаттарына  қатысты  жалпы  және  жалқы 
қағидалар. 
Салт  етістік  және  сабақты  етістік.  Қимылдың  объектіге 
қатысты  болып  келуіне  қарай  етітіктің  түбірлері  сабақты  және  салт 
етістіктер  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Етістіктердің  барлығы  субъекті 
жасайтын амал-әрекетті немесе процесті білдіреді. Осы процесте амал 
не  іс-қимыл  объектіге  тікелей  тіреліп,  яғни  сабақталып,  немесе  іс-
қимыл объектіге тірелмей, жанай жүзеге асырылады. 
Етістіктің  салт  және  сабақты  болып  бөлінуі  оның  жалпы 
грамматикалық  семантикасына  байланысты.  Кейбір  етістіктер 
предикаттық  қызметте  жұмсалғанда,  объектінің  тура  толықтауыш 
болып  келуін,  яғни  табыс  септікті  сөз  болып  келуін  талап  етеді.  Ал 
етістіктердің екінші бір тобы табыс септікті сөздің келуін қаламай-ақ, 
оған  салт  күйінде  жалғана  береді.  Мысалы,  Сен  ауылды  көр  де,  тез 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет