111
кейбір түрлері ғана жіктік жалғауларынан қабылдай алады. Ол
формалар: -а, -е, -й және –ып, -іп, -п.
Көсемшелер тек етістік негіздерімен және одан пайда болған
формалармен ғана тіркесе алады. Олар субстантивтік, адъективтік
қызмет атқармайды. Сөйлемде тек пысықтауыш, баяндауыш қызметін
атқарады. Көсемше күрделі етістіктің құрамында, яғни аналитикалық
форманың жетекші сыңары қызметін атқарады.
Көсемшенің барлық түрі де сөйлемнің бағыныңқы түрінің ғана
баяндауышы қызметін атқарады. Ал басыңқы түрінің баяндауышы
функциясын тек жіктелетін формалар ғана атқарады.
Көсемше өзінің бойына етістіктің басты белгісі - шақтық қасиетті
ұстайды. Яғни, шақ мәнін бере алады. Пысықтауыш қызметінде
көсемше шақтық мәнді көмескі береді де, баяндауыш қызметінде
анық бере алады.
Міне,
осы
белгілер
көсемшені
басқа
категориялардан
айыруымызға себепші болады.
Сонымен, көсемше дегеніміз өзінен кейінгі негізгі іс-әрекеттің
мезгілі мен мақсатын, сын-сипатын, амалын, себеп-салдарын т.б.
сапалық құбылу амалын көрсететін дербес категория.
Көсемшенің аффикстері дара және күрделі болып бөлінеді:
1)
дара: -ып, -іп, -п; -а, -е, -й;
2)
күрделі: -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -қанша, -кенше, -ғанша, -
генше;
Көсемшелердің кейбірі сөз табы жағынан етістіктің шеңберінен
шығып, басқа сөз табына үстеу, шылау түріне айналып кеткендері де
болады. Тіпті кейбір зат есімге де айналған. Мысалы, Сатыбалды –
сатып алды.
Көсемшелердің кейбірі деформацияланып өзгерген:
әкел-алып
Достарыңызбен бөлісу: