Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет62/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   196
байла-н, бөл-ін т.б. Түбір етістіктің соңғы буынында л дыбысы келсе, 
ырықсыз  етіс  жұрнағы  –ын,  -ін,  -н  түрінде  келеді.  Алайда, 
ырықсыздық  мәнін  тудыруда  бұл  жұрнақтар  өнімді  қызмет 
атқармайды.  –Лын,  -лін,  -ныл,  -ніл  күрделі  жұрнақтары  да  ырықсыз 
етіс  жасайтын  қосымшалар  ретінде  қолданылады.  Мысалы,  Ет  же-


 
104 
лін-ді.  Жоқ  ізде-лін-ді.  Ат  байла-ныл-ды  т.б.  Ырықсыз  етістің  бұлай 
жасалуы сирек кездесетін құбылыс. 
3.  Өзгелік  етіс.  Етістің  бұл  түрі  өзге  етістерге  қарағанда  жиі 
қолданылатын  түрі.  Өзгелік  етіс  субъектінің  қимылы  объектіге 
тікелей емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын білдіретін сабақты 
етістіктің грамматикалық формасы. Бұл Ы.Мамановтың өзгелік етіске 
берген  анықтамасы.  Яғни,  қимыл  иесі  амалды  өзі  істемей,  екінші 
біреуге  істететінін  көрсететін  форма.  Мысалы:  ал-дыр,  жаз-дыр, 
жұл-ғыз, ұста-т, көбейт-тір
Ал  академиялық  грамматикада  ырықсыз  етіс  тұлғасындағыдан 
басқа  сабақты  және  салт  етістіктер  өзгелік  етіс  аффикстерімен 
тұлғаланып қолданыла береді деп тұжырымдайды. 
Өзгелік етіс жасайтын жұрнақтар мыналар: -т, -тыр, -тір, -дыр, -
дір,  -қыз,  -кіз,  -ғыз,  -гіз.  Академиялық  грамматикада  берілген 
анықтамаға  сүйенсек,  тек  ырықсыз  етісте  тұрған  етістікте  тұрған 
басқа  етістіктердің  бәрі  салт  және  сабақты  екеніне  қарамай  өзгелік 
етіс  формасын  қабылдап,  өзгелік  мәнін  бере  алады.  Мысалы,  отыр, 
ақ, тоқта сөздерінде ешбір ырықсыздық мәні жоқ. Демек, біз өзгелік 
етіс  формасын  қосып,  өзгелік  мән  тудыра  аламыз:  Айша  ағаш 
отырғызды. Айдарбек қасқырды өлтірді. Мұрат арықтан су ағызды. 
Айымбек  аттарын  тоқтатты.  Анықтама  бойынша  өзгелік  етісті 
форманы  жасадық.  Алайда,  ол  форма  бар  ма?  Айша  ағашты  басқаға 
емес, өзі отырғызды. Басқа қимылдар да өздері арқылы жасалған. Қай 
сөйлемде  болмасын  қимыл  иелері  тікелей  бастауыш  ретінде 
қолданылып тұр. 
Бұлар  өзгелік  етіс  емес.  Тек  салт  етістіктен  сабақты  етістік 
жасалып  қана  тұр.  Бұл  пікірді  қостайтындар  кейде  етіс  теориясынан 
ауытқып,  жаңсақ  түсінікке  дейін  барып  жүр.  Мысалы:  Шофер 
машинасын  жайлап  көпірден  өткізді.  Нәзипа  Анарды  жылатты. 
Осы сөйлемдердегі қимылдың түп иелері – шофер мен Нәзипа. Бірақ, 
қимылды  өзі  орындап  отырған  жоқ,  қимылдың  тікелей  иесі  машина 
мен Анар деп түсіндіреді. Яғни, объектіні агентке айналдырады. 
Қимылдың иесін – субъект, қимылдың тікелей орындаушысын  – 
объект,  ал  баяндауышты  предикат  деп  атайды.  Яғни,  өзгелік  етіс 
мәнін  туғызу  үшін,  агент  сөзі  керек.  Салт  етістіктен  өзгелік  етіс 
жұрнағы  арқылы  жасалған  сабақты  етістіктер  агенті  керек  етпейді. 
Салт  етістіктен  сабақты  етістікке  айналған  етістік  тұлғасына  өзгелік 
етіс  жұрнақтарының  бірі  жалғануы  керек.  Мысалы,  отырт-тыр, 
тоқтат-тыр, сөндір-т, азайт-тыр т.б. 
Өзгелік етіс жұрнақтарының жалғану тәртібі: 


 
105 
а/  -т  жұрнағы  көбінесе  дауысты  дыбысқа  және  сонар  дыбысқа 
бітетін  негіздерге  жалғанады.  Күре-т,  оқы-т,  жүгір-т,  жөнел-т, 
қуан-т, азай-т т.б. 
ә/ - тыр,-тір,-дыр,-дір жұрнағы қатаң және сонар дыбысқа біткен 
етістік  негіздеріне  жалғанады.  Мысалы:  ал-дыр,  бер-дір,  жап-тыр 
т.б. 
ә/  -қыз,-кіз,-ғыз,-гіз  жұрнағы  дауыссызға  біткен  түбірлерге 
жалғанады.  Мысалы:  жина-т-қыз,  отыр-ғыз  т.б.  Кейде  өзгелік  етіс 
жұрнақтары  бірінің  үстіне  бірі  3-4  ретке  дейін  жалғана  береді. 
А.Ысқақов оқулығында бұл құбылыс тиісті үстеме мағына жалғайды 
деп  түсіндіріледі.  Бұл  дұрыс  тұжырым.  Оны  біз  мынадай  салыстыру 
арқылы 
анықтай 
аламыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет