Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет67/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196
кел, апар – алып бар, әкет – алып кет, апар – алып бар, әкел – алып 
кел  т.б.  Сондай-ақ,  алып,  келіп,  болып  сияқты  көсемше  формалары 
қысқарып ап, боп, кеп түрінде де келе береді. 
Көсемше  шақ  мәнін  беру  тұрғысынан  бірнеше  түрге  бөлінеді. 
Ғалым Е.Маманов көсемшені мағынасы мен сыртқы тұлғасына қарай 
үш түрге бөледі: 
1. Өткен шақ көсемше 
2. Осы шақ көсемше 
3. Мақсатты көсемше 
Профессор  А.Ысқақов көсемшені  шаққа қатынасына қарай үшке 
бөледі. Бірақ, Ы.Мамановқа қарағанда сәл өзгеше болып келеді. 
1. Өткен шақ көсемше 
2. Осы шақ көсемше 
3. Келер шақ көсемше 


 
112 
Жалпы  Ы.Маманов  осы  шақ  категориясына  келгенде  өзге 
авторлармен  көбінесе,  келісе  бермейді.  Ол  осы  шақ  категориясы 
формасыз  беріледі.  Оны  тек  контексте  ғана  ажыратуға  болады  деп 
түсінеді. 
1.Өткен шақ көсемше. Бұл форма –ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, 
-келі,  -ғанша,  -қанша,  -кенше  жұрнақтары  арқылы  жасалады.  Бірақ, 
бұл  аффикстердің  өткен  шақ  мәнін  беру  қызметі  бірдей  болып  келе 
бермейді. -Ып, -іп, -п формалары өткен шақты анық береді. Ал –қалы, 
-келі,  -ғалы,  -гелі,  -қанша,  -кенше,  -ғанша,  -генше  формалары 
контексте  берілуіне  қарай  бірде  өткен  шақ,  бірде  келер  шақ  мәнін 
береді.  Мысалы,  Сізбен  танысқалы  көп  болған  сияқты.  Көріспегелі 
көп  уақыт  өтті.  Осы  сөйлемдердегі  танысқалы,  көріспегелі  деген 
көсемше формалары «танысқаннан бері», «көріспегеннен бері» деген 
мағынаны  береді.  Немесе,  Демалысты  үйде  өткізгенше,  саяхатқа 
кетсем-ші деген  сөйлемді алып көрелік. Осы  сөйлемдегі  өткізгенше 
деген  көсемше  формасы  да  «өткізгеннен  гөрі»  деген  мағынаны 
береді.  Яғни,  өткен  іске  өкіну  мағынасы  бар.  Сонымен,  соңғы 
аффикстер көсемшенің ауыспалы өткен шақ формасын береді. 
2.Осы шақ көсемше. Осы шақ көсемше –а, -е, -й формасы арқылы 
жасалады.  Көсемшенің  бұл  түрі  де  ауыспалы  осы  шақ  деп  аталады. 
Себебі,  бұл  формалар  көсемшеге  бірде  осы  шақ,  бірде  келер  шақ 
мәнін жүктейді. Мысалы, жүгіре жөнелді, айта бастады, жүре келе 
деген күрделі етістіктердің құрамындағы көсемше формасы осы шақ 
мәнін  беріп  тұр.  Сондай-ақ,  екі  кісінің  диалогында  қайдан  келесің  - 
үйден  келемін  де  осы  шақ  мәнін  беріп  тұр.  Ал  «мен  ертең  келемін» 
деген  сөйлемді  алатын  болсақ,  мұнда  келер  шақ  мағынасында 
айтылып тұр. 
3.Келер шақ көсемше. Келер шақ көсемше –а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -
қалы,  -келі,  -ғанша,  -генше,  -қанша,  -кенше  формалары  арқылы 
жасалады.  Көсемшенің  бұл  формасы  да  өткен  шақ,  осы  шақ  және 
келер шақ түрін ауысып жасай алатын болғандықтан ауыспалы келер 
шақ  деп  аталады.  Ы.Маманов  –қалы,  -келі,  -ғалы,  -гелі  жұрнақтары 
арқылы  жасалатын  шақ  формасын  көсемшенің  мақсатты  түрі  деп 
түсіндіреді.  Жалпы  алғанда,  бұл  формалар  келер  шақ  мәнін  бере 
алады:  Мысалы,  аламыз,  келеміз,  көреміз,  қараймыз  т.б.  І  форма 
арқылы  жасалған.  Танысқалы  келдім,  көріскелі  бардым,  деген 
формалар  алда  жүзеге  асатын  істің  мағынасын  білдіреді.  Ал 
көріскенше  сау  бол,  танысқанша  күте  тұр  т.б.  формалар  да  келер 
шақ мәнін беріп тұр. 
Етістікке  –майынша,  -мейінше,  -байынша,  -бейінше,  -пайынша,  -
пейінше  деген  құранды  жұрнақтар  жалғану  арқылы  да  көсемше 
категориясы  жасалады.  Бірақ,  бұл  формалар  арнаулы  көсемше 


 
113 
формасы  деп  саналмайды.  Сондықтан,  әдебиеттерде  ол  формалар 
арнайы  көрсетілмейді.  Мысалы,  ойламайынша  сөз  айтпа,  хабар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет