106
сабақты болып келе алады, етіс, шақ, жақ, рай формаларын қабылдап,
түрлене алады.
Есімшені етістіктің қатарына жатқызуға дәлел болатын және бір
басты белгі: есімше тек етістікке ғана тән болымсыз форманы
қабылдай алады. Сондықтан, оны етістік құрамына жатқызып, оны
осы сөз табы құрамында қарастырамыз.
Есімше етістіктің негізіне (түбір етістікке, етіс формалы етістікке,
күрделі етістікке) арнайы қосымшалар жалғану арқылы жасалады.
Тіліміздегі есімше жасайтын жұрнақтар:
–қан, -кен, -ған, -ген;
–ар, -ер, -р;
–атын, -етін, -йтін, -йтын құранды жұрнақтары. Бұл жұрнақтар
көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары мен –тын, -тін жұрнақтарының
бірігуі арқылы жасалған. Сонымен қатар
–мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек;
–у/шы, -у/ші құранды жұрнақтары жатады. Кейбір қазақ тіл
білімінің мамандары осы құранды қосымша етістіктің түбіріне
жалғану арқылы осы шақ есімше жасайды деп түсіндіреді. Ол – дұрыс
пікір.
Және –с қосымшасы да бар.
Қазіргі қазақ тілінде есімшенің қалдық формалары да кездесіп
отырады. Ол қалдық формалар мыналар: -аған, -еген, -ажақ, -ежек. -
Аған, -еген формалары арқылы жасалған есімшелердің саны тілімізде
өте аз. Бұл формалар арқылы жасалған есімшелер етістік жүйесінен
шығып, сын есім қызметінде ғана қолданылады. Бұл есімшенің көне
түрі. Бұл формалы есімше болымсыздық мағынада қолданыла
алмайды. Мысалы,
алған қолым береген,
жетім қозым емеген.
(Мақал)
Тебеген ат, сүзеген сиыр, қашаған жылқы т.б.
-Ажақ, -ежек формасы тек кейбір облыстар тұрғындары тілінде
ғана қолданылады. Әсіресе, оңтүстік облыстар мен Батыс Қазақстан
қазақтары тілінде кездеседі. Соңғы облыс тұрғындары тілінде әлі
күнге осы шақ формасында келіп отырады. Мысалы,
алажақ,
Достарыңызбен бөлісу: