Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



бет26/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Академиялық эссе
Академиялық эссе ұзақ және қысқа мерзімді қамтиды.
Зерттеу жұмыстарына ұзақ мерзімді академиялық эссе тән. Ұзақ мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады. Оқушы қызығушылығымен таңдап алған тақырыбына зерттеу жүргізеді. Зерттеу 1- 1,5 жыл мөлшерін қамтуы мүмкін.
Қысқа мерзімді академиялық эссе білім алушының оқыған, талдаған, сараптаған білімін бағалау үшін беріледі. Қысқа мерзімді академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады. Академиялық эссе кез келген пәндер: жаратылыс, гуманитарлық, тіл, әдебиет бойынша жазылады. Әр пән функционалдық міндетіне сәйкес білім алушының білім нәтижесін бағалауға бағыттайды. Қорытынды аттестаттау емтихан болғандықтан, жазба жұмысы Академиялық эссе түрі бойынша жазылады.

Анық-тама

Мәтінмен жұмыс. Жазылған эссені оқып, талдау жасаңдар.
1. Эссенің құрылымы.
2. Сыни ойы.
3. Тіл көркемдігі
М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен
С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз
«Сағындым» деп қойылған атаудан адам бойындағы көптен көрмегендік, аңсау, іздеу, көрісу, құшақтасу, иіскеу секілді сезімдерді түсінуге болады. Бірақ, өкіні-шке орай, сол сағыныш сезімінің тууына мәжбүрлейтін түрлі жағдайлар болады. Оған тарихымызбен тығыз байланыстағы әдебиетіміз куә.
Сондай куәгер шығармалардың бірі ретінде күні бү-гінге дейін өз кезеңінің ұлы ақындары болған Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллиннің«Сағындым» өлеңдерін алсам қателеспеспін.Тақырыбына қарап ақындардың көптен бері халықтан, отбасынан, анадан алыс жүруі шығар деп түйіп, шексіз сағыныштарын түсінерсің. Дегенмен өлеңмен танысқаннан кейін ойың біршама өзгереді. «Сағындым» сөзі жай жүріп сағыну емес, еріксіз тұтқында отырған кездегі жанның ащы тұңғиығынан атқылап шыққан, зорлық пен қорлықтың уымен толған жүрек сағынышы екендігін түсіну қиын емес. Cебебі ортақ кейіпкер – тұтқын. Тар қапаста отырып, кең сары даласын, туған елін, еркелеген анасын аңсайды, дос-жаранды, таныс дауысты іздейді. Жырлай отырып, оқырман көңіліне де сағыныш, қадір қасиет сезімін байқатпай ұялатып кетеді екен. Оған дәлел – Мағжанның:
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым, - деген сөзі болса, Сәкеннің:
Жылқы, қой, сиыр, түйелі
Сағындым Арқа – жерімді, - деген сөздерінен қара бастарының ғана қамын күйттегендік емес, анасы, достары, сүйіктілерінен де маңызды екеуіне де ортақ қазақ даласы – Арқа мен еркіндіктері екенін байқайсың. Қара көлеңкелі, сасық,күн сәулесі түспейтін, темір терезесі бар, қара тас үңгірден босай алмаған жан толғаныстары ақындардың сағын сындырады. Асқан шеберлікпен өздері отырған жерді суреттейді. Сөздерінен тар қапасты көңіл көзімен көріп, иісін де сезгендей әсер қалдырады екен. Бірі өлеңнің мына тармағында жаны қиналғаннан ешкімнен көмек сұрай алмай, тәңірге
Тәңір ие, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма? – деп зарланса, екіншісі:
Талпынып құлаш сермеген,
Айтайын ішкі сырымды:», - деп қарманғандай ма, қалай? Бұл тармақтарда ақындардың мұң-зардан гөрі көңіл толғанысы басымырақ. Сондықтан өлеңдердің адамға берер әсері ерекше деп топшылаймын. Бұл шығармадағы үндесетін тұстары болса, ерекшелігі де жоқ емес. Мағжанның ұлт десе жанын шүберекке түйгені, еліне деген шексіз махаббат-тың арқасында, арман- үмітінің арқасында тірі екенді-гін астарлап айтуы, тағдырдың тәлкегіне көнгенмен қоса, халқының бейбітшілігіне де, тәуелсіздігіне де үміт көздерімен қарағаны
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім
Мен өлсем де, алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін! – деген шумақ-тан аңғарылады. Оқыған кезде Мағжанмен тағдыры ұқсас желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деген сөзі ерік-сіз есіме келді.Бұл нағыз отаншылдық, жанын халқы үшін аямау, ащы әділетсіздікке де, зорлыққа да елі үшін көну деген сезімді жүрегіңнің түбіне дейін терең бойлататын, өміршең сөздер.
Өмір –толқын өзгерді, жаңарды, ескіні ұмыттырды… әйтеуір адамзат керуені өмір көшіне ілесіп, тоқтаусыз ағып, жылдарды жұта берді. «Сағындым» тақырыбы – олардың шығармашылығының бір бөлшегі ғана. Сермесең семсерің, қорғансаң қалқаның болам деп халқы үшін отқа түсіп, оққа ұшқан ақындар аттары айдай әлемге танылып, төрткүл дүниені шарлап кетсе де, олардың ұлылығын ұғына қалдық, таныдық, білдік дей алмаймыз. Өйткені ол ақындар - біртұтас әлем.

Үлестір-ме материал



Сабақтың аяқталуы



Жазылым алды тапсырма: «Пирамида» әдісі
Ұсынылған эссенің құрылымын есте сақтау мақсатында кестені ұсынамын.

1-тақырып: «Бірінші байлық – денсаулық» деген пікірмен келісесіз бе?


2-тақырып: «Адам денсаулығынсақтау үшін үнемі спортпен шұғылдану маңызды емес»





Бұл көзқарас тиімсіз, себебі...



Қорыта келе, нәтижесінде ......

Мен пікірмен толық келісемін ....



Пира-мида



Үйге тапсырма: Академиялық эссе ретінде жазылған шығармалар тауып оқып, талдау жасау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет