Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»


Тақырыбы: Эссе жазуда кездесетін ұғым-түсініктермен жұмыс



бет41/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Тақырыбы: Эссе жазуда кездесетін ұғым-түсініктермен жұмыс



Мақсаты

Оқушыларға эссе жазуда кездесетін ұғым-түсініктермен жұмыс туралы түсінік беру

Күтілетін нәтиже

Эссе жазуда кездесетін ұғым-түсініктермен жұмыс туралы түсінік алады

Ресурстар

Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурс-тар

Сабақтың басталуы

Эссе жазуда ескеретін 10 мәлімет

  • Эссе – оқырманмен диалог. Ол түсінікті, айқын, қарапайым әрі мәнді болса тез қабылданады.

  • Эссе – жазба иесінің жеке пікірі, азаматтық көзқарасы, ойын жеткізуде ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін танытатын «пікір білдіру алаңы».

  • Эссе жазудан тартынба: тек эссе жазу қадамдары мен тәсілдерін танып білуге зейін қою керек.

  • Әр бөлімде ой жинақылығы, дәлдік және «ой сүзгісінен» өткен тұжырымды пікірлер басымдыққа ие болады.

  • Эссенің мақсаты - тақырыпты ашу, мазмұн дәлдігі, мәтін логикасы және қойылған талаптар үдесінен шығу.

  • Эссенің құрылымдық талаптарын сақтай отырып, тақырыпқа қатысты пікірлер негізінде өзіндік тұжырымын жасай білген, тың ой, ерекше идея, пародокс-сауалдар туындататын еңбек - бағалы туынды.

  • Эссе жазуда тұжырымды пікір айту осы тақырыпқа қатысты деректер көзі, материалдар және жан-жақты мәліметтермен барынша таныс болуды қажет етеді.

  • Эссе мен шығарманың айырмашылықтарын ескеру керек. Шығарманың өн бойында бейнелі ой, қанатты сөздер молынан кездессе (сөз саны шектелген), эсседе бейнелі, метафоралық қолданыс аз кездеседі. Өйткені нақтылық пен дәйекті дәлелге басымдық беріледі.

  • Шығармада сөз шектелмейді. Эсседе сөз саны шектеледі. Сол себепті эсседе ой нақтыланып, сөйлем сұрыпталып беріліп, тұжырымдалған пікір нағыз «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып табылады.

  • Ойдың жүйелі (тақырыпты түсінуі, талдап қарауы, идеяны анықтау, орынды дәлелдер және т.б.) және ойды жеткізу шынайылығының болуы.



Сабақтың ортасы

Мәтіндермен жұмыс:
Әуелі, жазылған эсседе ой дұрыс не бұрыс деген ұғым жоқ.
Себебі, онда сіз өзіңіздің пікіріңізбен бөлісе аласыз. Алайда,
ойды жеткізуде көптеген қателіктерден абай болу керек.
Алдымен плагиат атты ұғымның эссе жазудағы мәнін түсін-
ген жөн. Эссе ол өз ойыңыз, бірақ ол ой оқылған кітап, жур-
налдан, көрген бейнефильм, бағдарламалардан, қарастырыл-
ған статистикалық мәліметтер, зерттеулерден туындайды.
Сондықтан, ойыңызды жазбас бұрын сол пікірдің қалыптасуы-
на себеп болған мәліметті және сол мәліметтің ресурсын
көрсету керек. Егер оны көрсетпесеңіз:
1) ойыңыз негізсіз;
2) мәлімет ұрланылған болып саналады.
Бұны көрсетудің көптеген жолдары бар. Мысалы:- (аты)веб
парақшадағы (қандай мәлімет) мәлімет негізінде (эссе тақы-
рыбындағы мәселе) жағдайына теріс көз қарасым қалыптасты;
Мен үшін (эссе тақырыбындағы проблема)мәселесі (сіздің ұс-
танымыңыз) сипат алады. Себебі/өйткені, (аты) бағдарлама-
сында/бейне фильмінде (аты) атты зерттеуші/автор (зерттеуші/автор берген мәлімет) деп айтқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет