Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет28/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ –БІЗДІҢ ҰЛЫ ЖӘНЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚАЗАҚСТАН 

 

Отениязова Аксана Алдабаевна 

Бастауыш сынып мұғалімі 

Алмола облысы  

Астрахан ауданы 

 Астрахан №1 ОМ 

 

 



Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 

Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген 

деп ақын ағамыз жырлағандай қазақ халқы мың өліп, мың тіріле отырып қол жеткізген 

тәуелсіздігіміз  мәңгілік  жасамақ...  Қазақ  елі  –Мәңгілік  ел  болмақ.  Мәңгілік  ел 

болмақтың  бастапқы  қадамы  мәңгілік  ұлт  болмақ.  Мәңгілік  ұлт  болу  әр  ұлыстың 

арманы болған тарихта. Бүгінгі күнде сол жалғасты. Иә, мәңгілік ел болмақтың өлшемі 

мәңгілік тұғыр болмақ дедік.         Ол тұғыр – ұлт. Мәңгілік ұлт арманмен, мұратпен 

ғана мәңгілік. Тек, сылдыр сөзбен мәңгілік емес. Ұлттық сипатпен мәңгілік. Мәңгілік 



206 

 

сипат  –  ол  тіл,  сана  және  рух.  Ұлт  мәңгілік  болу  үшін  мәңгілік  санасының  жемісін 



беретін, рухының үнін естіртетін мәңгілік тілі болмақ керек. Әйтпесе, тілсіз ұлт болмақ 

емес. Егер ұлт мәңгілік болмаса мәңгілік ел дегенің әдірем қалмақ «Тәуелсіздікке қол 

жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру  әлдеқайда қиын.                          Бұл  — әлем 

кеңістігіндегі ғұмыр кешкен  талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара 

алауыздық  пен  жан-жаққа  тартқан  берекесіздік  талай  елдің  тағдырын  құрдымға 

жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен 

елдер  қаншама.  Біз  өзгенің  қателігінен,  өткеннің  тағылымынан  сабақ  ала  білуге 

тиіспіз.  Ол сабақтың түйіні біреу ғана  –  Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол  үшін 

өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз 

да  болған  Мәңгілік  Тәуелсіздігімізді  көздің  қарашығындай  сақтай  білуіміз  керек». 

Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер  әрбір саналы азаматтың жанын тербері 

сөзсіз. Ел  мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі  бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі 

өлмейтін  асыл  қазынамыздың  бірі  —  ана    тілімен  де  тығыз  байланысты.  Олай 

болса,  мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. 

Ол-  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі.  Мемлекеттік  тілді  дамыту  жөніндегі    кешенді 

шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді 

дамытуға 

жыл 


сайын 

миллиондаған 

қаржы 

бөлінеді. 



Елбасы 

өз 


Жолдауында  мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді 

ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік 

тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой 

түйді.  Олай болса,  ана тілімізді- мәңгілік тіл ету  өз қолымызда. 

«Қазақстан-2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен 

шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, …бүгіннен 

бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, 

тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс 

қасиеттерін  сіңіріп  қалыптастыру  керек»  – 

деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор 

міндеттерін  іске  асырушылар  –  жастар.  Олай 

болса,  сол  жастарға  сапалы  біліммен  қатар, 

салауатты  тәрбие  беру  әрине,  Мағжан 

Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға 

байланысты.  Тәрбиенің  екінші  сыңары  – 

білім.  М.Әуезов  «Халықты  халықпен,  адамды 

адаммен теңестіретін – білім» – деп атап  көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері 

басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең 

мықты  білім,  рухани  ұлттық  тәрбие  нәрімен  сусындаған  ұрпақ  қана  –  болашақты 

гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы 

білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына 

ықпал  ету  екендігін  бәріміз  білеміз.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  бүгінгі  оқушы, 

болашақтағы мемлекет азаматы болып саналатын оқушыларға саналы білім мен тәрбие 

беру. Білімді мен тілден бастағым келеді. 



207 

 

Ал ана тілін тілі былдырлай шыға бастаған кішкене сәбиден бастап, еңкейген кәріге 



дейін құрметтеп, дәріптеу қажет. Осы орайда мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде , 

бірінші  сыныпқа  келген  оқушының  санасына  ұлттық  мүддемізді  сіңіре  отырып,  ана 

тілін,  туған  тілін  құрметтеуге  тәрбиелеймін.  Өзімнің  тәжірибемнен  мысал  келтіре 

отырып,  сауат  ашу,  қазақ  тілі,  әдебиеттік  оқу  пәндерімен  қатар,  сынып  сағаттары, 

сыныптан  тыс  шараларда  тілді  дамыту  мен  құрметтеуге  арналған  жұмыс  түрлерінің 

кеңінен жүргізілетінін баса айтқым келеді. Қыркүйек айы –тіл айлығы. Ай бойына ана 

тілді дамытуға арналған шаралар мен сайыстар, танымдық тәрбие сағаттары өткізіледі. 

Тәуелсіздіктің 

25 

жылдығына 



арналған 

«Жұлдызды 

сәт» 

отбасылық 



сайысында 

Абишевтар отбасы қатысып 2 орынды иемденді. 

             Оқушының  мәнерлеп  оқу,  танымдық 

сайыстарға  қатысу  арқылы  тілге  деген  құрметі  , 

махаббаты,  асқақ  сезімі  оянды  деп  ойлаймын. 

Аудан  көлемінде  Тәуелсіздік  мерекесіне  орай 

«Көркем  өнерпаздар»  байқауында  да  оқушылар 

жетістіктерге  жете  білді.  Оған  дәлел  Маймакова 

Мадина 1 орынды иемденді.  

 

Тәуелсіздік және Елбасы. 

Тәуелсіздік дегеніміз туып-өскен жеріңде, бейбітшілікте өмір сүру деп ойлаймын. Ерте 

заманнан  бері  Тәуелсіздік  үшін  аталарымыз  қан  кешіп,  жан  берісіп  шайқасқан.  Қай 

заманда болмасын жер үшін, тәуелсіздік үшін соғысып, батырларымыз ерлік көрсетті. 

Ал  соғыс  зардабын  көптеген  отбасылар  тартып  жатты.  Ал  бүгін  талай  жыл  ата- 

бабамыз  аңсаған  тәуелсіз  мемлекетте  біздер  өмір  сүріп  жатырмыз.  Тәуелсіздік 

тұрақтылығын сақтап отырған –Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Басқа көрші 

мемлекеттер  теңдік,  бірлік  болмай  әлі  де  соғысып  жатыр.  Ол  елбасыларының 

саясатына  да  байланысты.  Бірнеше  мыңдаған  адамның  тағдыры  бір  ғана  адамның, 

президенттің шығарған шешіміне байланысты. Бұл орайда президент өзін ұмытып тек 

қана  халық  қамын  ойлап,  халық  үшін  оң  шешім  қабылдау  қажет.  Бұл  өте  қиын  деп 

ойлаймын.  Біздер-  елбасымыздың  бастамасын  жүзеге  асырушы  тұлғамыз. 

Тәуелсіздікті  сақтай  отырып,  жоғалуға  аз  қалған  салт-дәстүрімізді  жаңғыртуымыз 

қажет. Өзге елдің жақсы қасиеттері мен озық тәжірибелерін ала отырып пайдаланамыз. 

Бірақ,  өзіміздің  негізгі  қазығымызды  құлатпауымыз  қажет.  Атап  айтсам,  дін.  Басқа 

ағымдармен, бағыттардан аулақ болу керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» 

деп ақын атамыз жырлағандай, ағылшын,орыс тілін біліп, қазақ тілін асқақтатуымыз 

шарт.  Әрбір  қазақ  азаматы  қазақтың  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  бағалап,  тілі  мен 

дініне құрметпен қараса , Қазақ елі «Мәңгі» жасайды деп ойлаймын. Қазақ елінің мәңгі 

жасауы елбасымыздың басты арманы. 

Тәуелсіздіктің тамаша табыстары. 


208 

 

          Нұрсұлан  Назарбаев  сынды    Ұлы  көшбасшысы  бар  Қазақ  елі  –  аз  уақыт 



ішінде   тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіздік алғаннан 

бері жиырма бес жыл толғалы отыр. Осы жылдар аралығында еліміз көптеген табыстар 

мен жетістіктерге жете білді. Мен білетін ең басты жетістік бұл -Астана. Астанаға әлем 

қаласы  атағы  беріліп,  оған  бүкіл  әлем  көз  тігуде.  Қазақстанның  дәл  ортасынан  бой 

көтерген қаланың дамуы, қарыштауы бар қазаққа шабыт береді. Бәйтерек-өмір ағашы 

болса,  Ақ  Орда-  мемлекеттің  ақыл  ордасы.  Әзірет  Сұлтан  мешіті,  Хан  шатыры, 

Тәуелсіздік монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты сәнін арттырып тұрған 

ғимараттардың  көркіне  қарасаң  көз  тоймайды.  Бірнеше  жыл  бұрын  қамыс  пен  қоға 

жайлаған жерде дәл бүгінгідей сұлу қала бой көтереді дегенге ешкім сенбесе керекті. 

Қалаға келген меймандар таңдана да, тамсана қарайды. Астана- болашақтың қаласы. 

Әрбір  болашағы  бар  бала  Астана  тұрғыны  болуды  армандайды.  Оқушылардың  бұл 

арман-мақсаттарын  «Астанаға  ақ  бата»  атты 

әдебиеттік  оқу  пәнінен  өткізілген  сабақта 

байқаған болатынмын.  

Даулетов Достан  атты оқушым Астанаға  өлең 

тарту еткен болатын 

Тәуелсіздік, Астана, Қазақстан 

Көрікті, таңғажайып ғажапстан 

Даласы, тауы,көлі, өзені де 

Үлгі алған самғап ұшқан қыран құстан 

Біздер,  ұстаздар  бүгінгі  ұрпақты  тәрбиелей 

отырып,  болашаққа  бағдар  жасай  аламыз. 

Бүгінгі ұрпақ қандай тәлім алса, ертеңімізден алатын жеміс, нәтиже дәл сондай болмақ. 

Сол себепті мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршін кезеңнен ұлтына, еліне 

деген  сүйіспеншілігін  арттырып,  «Мәңгілік  елдің»  іргетасын  мықты  етіп  қалауымыз 

қажет. Бүгінгі ұрпақ ертеңіне сеніммен қарай алу керек. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының 

негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға 

негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын 

бір  арнаға  тоғыстыратын  идеология  арқылы  қалыптастырылатын  қазақтың  ұлттық 

мемлекеті. Сондықтан,  ғылыми білім  беруде,  «мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде 

ойға  ой  қосу  арқылы  өткенімізден  сабақ  ала  отырып,  болашағымызды  баянды  ету 

жолындағы мұраттарымызға жетеміз. 

Қорытындылай  келе,  жас  ұрпақты  бәсекеге  қабілетті  етіп,  саналы  да,  сапалы  білім 

нәрімен  сусындату  өте  маңызды  дегім  келеді.  Себебі,  бастауышта  білімнің  негізгі 

кірпіші  қаланады.  Ал,  ол  үшін  мұғалім  жаңашыл,  мотиватор,  басты  қозғаушы  күш 

болуы шарт. Әрбір мұғалім балаға жүрек  жылуымен  қатар, ізгілендірген білім беруі 

тиіс.  Елбасы  өз  жолдауында  айтқандай  «Мәңгілік  ел»  идеясының  астары  осында 

жатыр. Сондықтан да, өз әріптестерімді ел болашағын сапалы оқытып, озық идеялы 

азамат тәрбиелеуге шақырамын. Өзімнің осы жолда екендігімді мақтан тұтамын! 

 

 



 

 

 



 

 

 



209 

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ 



 

Рахимбеков Есбол Жанбрбайұлы, 

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Ақмола облысы білім басқармасының  «Степногорск  қаласы , ақыл-ой 

бұзушылықтарымен психикалық дамуы  кеш балаларға арналған № 3 облыстық 

арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ 

 

 



Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі. 

Таң  қалуға  бірақ  сәт  жетеді.Ал,таңғалдыруға  адамның  ғұмырыда  жетпейтін 

заман.Осыдан  25 жыл  бұрын  тәуелсіз  еліміздің  жарлығына  елбасымыз қол  қойғанда 

таң  қалмаған  пенде  қалмады,бабамыздың  табаны  тимеген  жерге,балаларымыздың 

қаламы тиеди деп қуаныштан бөркімізді аспанға аттық.Елбасымыз: «Қарасуда қаймақ 

болмайды,Қас шеберде оймақ болмайды»дегендей. 

Биыл  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  алғанына  25  жыл  толады. 

Байлығымыз  да,  бақытымыз  да  болған  Мәңгілік  Тәуелсіздігімізді  көздің 

қарашығындай сақтай білуіміз керек.Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық 

күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи 

тәжірибесі  «Мәңгілік  Ел»  өзекті  идеясының  маңыздылығын  –  халық  бірлігін 

дәлелдейді. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне 

ешкімнің  таласы  жоқ.  Күшті  қайраты  мен  стратегиялық  көріпкелдігінің  арқасында 

Қазақстан  заңды  ресімделген  шекарасы  бар,  жемісті,  тұрақты,  беделді  мемлекетке 

айналды.  Қазақстандықтардың  ұлттық  идеясы  мен  тарихи  санасын  қалыптастыруда, 

және  халықтың  бірлігін  нығайтуда  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаевтың  ерекше 

рөлін  атап  көрсету  қажет.  Қазақстан  «Мәңгілік  Ел»  идеясына  біріккен  көп  ұлттың 

өкілдеріне  Отан  болып  табылады.  Қазақстандықтар  бар  қиыншылықтардан  өтіп, 

ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. 

Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде – арғы жағында арқасүйер, табан тірер не бар екенін 

қазақ  жұрты  мен  қазақстандықтардың  жарасымды  тіршілігінің  дәлелі  болды.  Бір 

кездері Алаш арысы Міржақып Дулатов «Түрік баласы» атты жазбасында: «Келешек 

күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан 

жұрт,  өзінің  тарихын  ұмытқан  ел  қайда  жүріп,  қайда  тұрғандығын,  не  істеп,  не 

қойғандығын  білмейді,  келешекте  басына  қандай  күн  туатынына  көзі  жетпейді.  Бір 

халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де 

жоғалуға  ыңғайлы  болып  тұрады»,  –  деп,  сонымен  бірге  тағы  жазған  мақаласында: 

«Тарихы,  әдебиеті  жоқ  халықтың  дүниеде  өмір  сүруі,  ұлттығын  сақтап  ілгері  басуы 

қиын.  Әдебиеті,  тарихы  жоқ  халықтар  басқаларға  сіңісіп,  жұтылып  жоқ  болады»,  – 

деді.  Біздің  Отанымыз  Қазақстан  –  бүгінде  тәуелсіз  мемлекет.Елбасымыз  өз  сөзінде 

«Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына 

ие болған 193 ұлттың біріміз.Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу 

бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың 

даңғылына  түсе  алған  жоқ.Тәуелсіздік  –  тарихтың  сыйы  немесе  бүгінгі  буынның 

меншігі  емес.  Ол-  өткен  бабалардың  алдыңдағы  қасиетті  борыш  және  келешек 

ұрпақтың  алдыңдағы  зор  жауапкершілік.Біз  Тәуелсіздігімізге  тәу  етіп,тәубе 

деп,Тәуекелмен  болашаққа  бет  түзеп  келеміз.Біз  бүгін  Ұлы  тарихымыздың  тағы  бір 

шебінен  сенімді  өтіп  келеміз»  деген  еді.Шынында  да  тәуелсіздікке  қол  жеткізуіміз, 


210 

 

адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға 



жетпес мұра емес пе?! 

Ұлтымыздың  ұлы  тұлғасының  бірі  –Әлихан  Бөкейхан  «Жұрт  пайдасына  таза 

жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман 

еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай. Керей мен Жәнібек 

құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы  – бүгінгі өркениетті Қазақстан. Еліміздің 

өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер  қатарынан 

орын  алуы  –  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің 

өзінде  елді  біріктіруші  күшке,  ұлттық  идеологияға  айналды.  Ол  –  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының,  сонымен  қатар,  XXI  ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас 

идеялық  тұғыры,  ұлттың  рухани  құндылығы.Қазақстанның  бүгінгі  алатын 

орны,халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың 

нақты 

нәтижесі 



болып 

табылады.Өткенге 

сәл 

шегініс 


жасап 

көретін 


болсақ,тәуелсіздіктің  бірінші  күні  яғни  1991  жылдың  17  желтоқсанында  Елбасының 

«Кең – байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып 

бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді.Не істесек те ақылмен 

істейік,арзан  ұранға  ермейік,ұшпа  сезімге  ерік  бермейік.Әсіресе,  жастар 

салқынқандылықтан,үлкенді  сыйлаудан,сөзге тоқтаудан айнымаса,қашанда достыққа 

адал  болса,бауырмал,кеңпейіл  болса,халықтың  атына  сөз  келтіретін  ұстамсыздық 

атаулыдан  аулақ  жүрсе  деп  тілейік»  -  дегенінің  өзінде  елбасының  көрегенділігімен 

Қазақстанның жарқын болашағына деген үлкен сенімі мен серпіліс берер салиқалы ойы 

ұштасып жатқаны бүгінде ақиқатқа айналды.Содан бері жиырма бес жыл уақыт ішінде 

қаншама жаңашыл бағдарламалар мен жолдауларын арнап мемлекетіміздің өркендеуі 

мен  өсуіне  ықпал  ететін  тиімді  даму  жолдарын  нақты  көрсетіп  берді.  «Мәңгілік 

Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы жаңа дәуірдің,келісті келбетінің көрінісін саралап 

берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Мәңгілік Қазақстан» деп аталуы арқылы 

тұғырлы  еліміздегі  әрбір  отандастарымыздың  жүрегіне  жылу  ұялата,мақтаныш 

сезімінің және оған деген сенімін айқындады.Елбасымыз тағы бір сөзінде, бүгінімен 

ертеңін ғана ойлап,кеңшілікті ойлаудан түсер пайданың қазіргі бәсекелестік заманында 

түкке тұрмайтын тіршілік екенін баса айтты. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – елдігіміз 

бен  бірлігіміз,  ерлігіміз  бен  еңбегіміз  сыналатын,  сынала  жүріп  шыңдалатын  үлкен 

сынақ,осыдан мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз,абыройлы міндет екенің 

баса  айтуға  болады.Шынында  да,  бұл  біз  үшін  жүктелген,мақсат  етілген,жұмыла 

жеңетін  алдағы  міндетміз.Осы  орайда  басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең  дамыған  30 

мемлекеттің қатарына ілігуі, яғни «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз 

қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Атап айтар болсақ, тұңғыш мемлекеттік 

тұжырым  идеологиясының  елең  еткізерлік  жаңалық  екені  бізге  мәлім.Қазақстан 

Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін – тұжырым ретінде «Мәңгілік Ел» 

идеясының  жариялануының  айтсақ  болады.  «Мәңгілік  Ел»  идеясы,қазақ  елінің 

тәуелсіздік  жолында  еңбекпен  қол  жеткізген  биік  асу,үлкен  белес.  «Мәңгілік  Ел» 

ұғымын  тереңірек  түсіндіру,  тарихи  негіздерін  көрсету  маңызды  болып 

табылады.Түрік  тарихын  зерттеуші,  профессор  Қаржаубай  Сартқожаұлы:  «Мәңгілік 

Ел» - түрік жұртының данагөйі,үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк 

негізін  қалаған  идея...»  -  екендігін  жазған  еді.Түрік  қағанатын  құрағаннан  кейін 

Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясын қолына алды.Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі 

деп  біршама  ғасыр  бұрын  мәңгілік  ел  идеясын  ұсынылғаны  байқалады.  Мәңгілік  ел 

дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар тоғысында,ірі державалар арасында бәсекеге төтеп 



211 

 

бере  отырып,  өзіндік  қорғасын  саясатын  ұстану  деп  түсінуге  болады.  Қазақтың 



Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды  етуге  арналады. 

  

Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік  Қазақтың  Перзенті.  Ендеше,  Қазақ  Елінің  Ұлттық 



Идеясы – Мәңгілік Ел! 

Бір кездерде дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк 

негізін қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгі ел құндылығы 

бүгін,  міне,  осылайша  Қазақстан  мемлекетінің  түп  қазығы  –  ұлттық  идеясына 

айналды.  Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  тағы  бір  данамыз  Асан  қайғының  осы 

тектес идеясымен де астасып жатыр. Бұл – «Жерұйық» идеясы. Бұл да- өте терең,ғажап 

идея.Халқының  болашағын  ойлап,ел  аласы,ру  таласы  болмайтын  жер  іздеуі 

баяндалады.Елбасы  Жолдауында  ұсынған  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  Асан  қайғы 

армандаған  «Жерұйық»  идеясының  жалғасы  деп  қарастыруымызға  болады. 

Сөйтіп,Қазақстан  халқының,  дәлірек  айтқанда,  қазақ  халқының  ұлттық  идеясы 

анықталды.Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың 

астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. 

Елбасы:  «Қазақ  тарихында  біз  ұялатын  ештеңе  жоқ.  Бізге  бабалар  тұлпарларының 

тұяғымен  жазылған  ата  тарихының  әр  парағы  ерекше  қымбат.  Қазақтардың  бүгінгі 

және  болашақ  буыны  оны  әрдайым  орынды  мақтан  ететін  болады»,  деді.  Сонымен 

бірге  Қазақстанды  Мәңгілік  елге  айналдырудың  жолдары,түрлі  иірімдері  мен 

тетіктері,кезеңдері  нақтыланып  көрсетілді.  «Мәңгілік  ел  –  ата-бабаларымыздың  сан 

мың жылдан бергі асыл арманы», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Ол арман – әлем 

елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,әлем  картасынан  ойып  тұрып,орын  алатын 

тәуелсіз мемлекет құру еді.Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтүні түзу ұшқан,ұрпағы 

ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел  болуы  еді.Осы  армандар  ақиқатқа  айнала 

бастады.  Мәңгілік  елдің  іргетасы  қаланды.  Ендігі  жердегі  Қазақстан  дамуының 

мақсатының бастысы – ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Бұл – аса биік,астамшыл 

мақсат.Бірақ оны ендігі жерде ешкім қиял деп айта алмас,себебі біз аз  уақыт ішінде 

талай  жоспарларды  шындыққа  айналдырдық.Күні  кеше,  бұдан  24  жыл  бұрын  бізде 

ұлттың  экономикасы  да,қазіргідей  қалыпты  мемлекет  те,заңдастырылған  шекара  да 

болмаған  еді.Қазір  бұлардың  бәрі  бар.Қазақстанда  қазір  көшбасшы  ұлттармен  тең 

дәрежеде  өмір  сүріп  отыр.Біз  өзімізді  оларға  мойындаттық.Ендігі  олар  бізбен 

санасатын  болды.Дана  халқымыз:  «Қиындыққа  мойыма,ұмтыл-дағы  іспен 

жең.Мақсатсыз  жан  өмірде  қанаты  жоқ  құспен  тең»деген.Тілекжан  Хасенұлының 

айтуынша,дамыған елдерге тән ерекшелік – халқының, азаматтарының рухы ояу,асқақ 

болады.Олар  өздерін  ешкімнен кем санамайды.Олар басқаны сыйлайды,басқалармен 

санасады,басқалардан  үйренеді,сонымен  бірге  өзіне  де  сенеді,өзін  де  мақтан 

тұтады.Дамыған  елдің  адамы  –  нағыз  патриот:  өз  елін,өз  жерін,Отанын  сүйеді,өз 

тілін,дәстүрін,әдебиетін,тарихын  біледі,қадір  тұтады.Елбасымыз  қазақстандық 

патриотизм  туралы,әрбір  азаматтың  патриоттық  сезімін  ояту,қалыптастыру  туралы 

тектен-тек  айтып  жүрген  жоқ.Патриотизм  біздер  үшін  –  қуатты  күш,қосымша 

инвентиция.Оның негізінде рух,намыс жатыр. Қазіргі ел аузындағы  мәңгілік ел, Нұрлы 

жол  деген  тіркестер  бейнелі  түрде  кездейсоқ  айтылған  емес.Бұл-қазақтардың  ғана 

емес,бүкіл  қазақстандықтардың  таяу  жылдардағы  бетке  ұстар  идеясы,өмірлік 

нысанасы.Мәңгілік  ел  –  мыңжылдық  мәні  бар  жалпыұлттық  идея.Мәңгілік  ел  – 

Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея.Көреген хандарымыз бен дана 

билеріміз,кешегі 

өткен 


Алаш 

арыстары 

қазақ 

елін 


қайырымды 

қоғамға,Жерұйыққа,Мәңгілік  елге  айналдыруды  арман  еткен,сол  үшін  күрескен,қан 

төккен,еңбек  еткен.Ежелгі  түркілердің  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  үш  тұғырдан,яғни  үш 


212 

 

негізден  тұрады:  біріншісі  –  көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  «Мәңгілік  Ел» 



манифесі,екіншісі  –  әл  –  Фарабидің  философиялық  шығармаларында,әсіресе, 

«Қайырымды қалада», үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты 

Білік»  дастаны.Бұлардың  бәрі  бір-  бірімен  тығыз  байланысты,бір  заманнның  жемісі 

және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып,кейінгі ұрпақтарының құрған 

мемлекетшілдік,яғни  «Мәңгілік  Ел»  идеясымен  сабақтасады.  Мен  пікірімді 

жүрекжарды жырыммен былай түйіндегім келеді. 

Мәңгілік Отаным бар бақыттымын, 

Бабалар арман еткен шаттық күнін. 

Өткенін бағаласын жас ұрпағым, 

Қуанышпен қарсы алсын әрбір таңын. 

Мақтан тұтар «Мәңгілік еліміз» бар, 

Әлем білген кең байтақ жеріміз бар. 

Батырларым білегімен қорғап өткен, 

Тұлпарлардың тұяғының іздері бар. 

Талай тұлға тарихтың толқынында

Бәрінің теңдік еді арманыда. 

Ата – баба рухымен бізге жеткен, 

Бостандықтың баға жетпес құны осында! 

Туған елдің көк туы Тәуелсіздік, 

Желбірейді, әрқашан тұрып биік. 

Тәуелсіз елде туған өрендерім

Өр намысты, білімді, рухы биік 

«Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда, 

Болашағы айқын болар сара жолда. 

Тәуелсіздік қасиетті тұмарымдай, 

«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда. 

«Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы 

жолдан айнымайық, қадірлі халқым! (Нұрсұлтан Назарбаев) 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет