Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы «Жібек жолы» баспа үй: 2010
2.
«Асыл мұра» Түркі антологиясы – Астана: Сарыарқа 2012
3.
Назарбаев Н.Ә. Жылдар мен ойлар. Алматы кітап: 2013
4.
Зиябек Қабылданов. Тегі асыл ел тарихын түгендейді: Астана – ақшамы: 2014
Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал: №1, №3.
213
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМ
Рахимжанова Тургун Кабидолловна,
тарих пәнінің мұғалімі М.Ғабдуллин атындағы
№3 көптілде оқытатын кәсіби
мектеп - гимназиясы
Көкшетау қ.
Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ
халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі.
Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың
өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің
алдында тұр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да
«Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті. Мен Мәңгілік Ел ұғымын
ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп
алдым», - деп атап өткен болатын.
1
Тарихымызға шолу жасасақ. Біз XV- ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық
республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрылды. Бұл
қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық
мәдениет жасады. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған
жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.
Керей мен Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні 25 жыл бойы
Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін,
халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен
еңбегінің нәтижесі.
2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында «Біздің
Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму
даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан
таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI- ғасырдағы
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі
бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген
құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің
қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп,
табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын
Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл
біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау
алатынын көрсетеді.
2
Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап
көтеруде. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт
идеясы», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы
қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея,
214
мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы -қазақ
ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар
мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты шараларды
қолға алған Елбасының шешуші саясаты өз жемісін берді.
Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Елбасы Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз
бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді
тәрбиелеуіміз керек.Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш
сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл
түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және
шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы
ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің
еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм
мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын.
Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну.
Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық
меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген
адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін
мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен
Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді
туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген
ұғымның ішіне сияды.
1
Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты
қалыптастыру өзекті мәселе. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда
азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын
болуы тиіс. Парасатты қоғам құру, қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру
- әрбіріміздің қасиетті парызымыз.
«Патриотизм-Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығы, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз
мемлекет деген ұғымды,оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні
және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді» -дейді Б.Момышұлы. Патриотизм -
Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса,
“қазақстандық патриотизмнің” ерекшелігі қандай? Біздің көзқарымыз тұрғысынан
алғанда,ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін
барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы,
жанашыры болуы. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-
ұятының ісі. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің
нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына
қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында
дүниеге келеді. Қоғамның қай саласына болмасын, ең алдымен патриотизм керек.
Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген
үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс жатыр.
«Біздің болашағымыз – жастар. Әрбір жас жеткіншектің ой-санасында: «Мен –
қазақстандықпын! Мен – елімнің патриотымын! Келешекте өзімнің бар білімімді,
еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген
215
ой болуы керек. Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге,
елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.
Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен
бастап ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Бұл тұрғыда көптеген ұсыныстар
ортаға салынып, қоғамда қызу пікірталастар болғаны белгілі. Шын мәнісінде, ұлттық
идея – ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада
басымдыққа ие көзқарастар. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен
қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен
тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық
өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды,
құбылып өзгермейді. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің
ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті
қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі
құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи
өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар
бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру
сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.Біздің қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай,
гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты
ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен
этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады.
3
Елбасы өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм
– біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» дей келе, «Өз
бойымызда
және
балаларымыздың
бойында
жаңа
қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген
мақтаныш сезімін ұялатады» дегенді шегелеп тұрып айтқан болатын. «Отан –
отбасыдан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін
сүйген тұлғаны тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала
санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан,
Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін
мектеп қабырғасынанда басталады.Мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан
азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп
жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі
бай,
интеллект
деңгейі
жоғары,
білімді
де
білікті
болуы
шарт.
Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру – бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы, келешек
ұрпаққа тағылым. Осы ұлы мұратты жүзеге асырсақ, бабалардың алдындағы
қарызымыз бен балалардың алдындағы парызымыздың өтелері хақ. Қазақстан әлемдегі
алып елдердің қатарынан өз орнын алса, әлемге танылған елдің ұландары ел мен жердің
иесі болатындай намысты болып жетілсе, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырса, «Мәңгілік Елдің» болашағы баянды, келешегі нұрлы болары
айқын.Еліміздің болашағы Мәңгілік Ел идеясымен ұштасып, Тәуелсіз еліміздің
ғұмыры мәңгілік болғай.
4
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты»,Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы 12 желтоқсан 2012 ж, akorda.kz.
2. Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты», Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 27
216
желтоқсан 2012 ж, akorda.kz
3. «Қазақстандық Ұлы жол» Егемен Қазақстан 2012 ж 1 қаңтар
4. «Мәңгілік Ел» мәйегі тарихтың алтын дәйегі» Егемен Қазақстан 2015 ж 12
қыркүйек
5. «Қазақстандық патриотизм» Қазақстан тарихы әдістемелік журнал 2014жыл
желтоқсан
«ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПОТЕНЦИАЛА ПРОГРАММЫ
«САМОПОЗНАНИЕ» В РЕАЛИЗАЦИИ НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕИ
«МӘҢГІЛІК ЕЛ»
Сайбель Т.П.
учитель самопознания
Отрадненская средняя школа
Сегодня мы подошли к тому, что национальная идея «Мәңгілік Ел» проникает во все
сферы повседневной жизни, будь то образование, наука, культура, производство,
сельское хозяйство.Перед каждым педагогом на сегодняшний день стоит задача –
воспитать такого гражданина Казахстана, который знает и ценит его культурно –
историческое наследие, любит свой край, готов в нём жить работать, создавать новые
культурные
ценности.
Всё
это
позволяет
делать
программа
«Самопознание».Содержание предмета самопознания напрямую согласуется с
ценностями «Мәңгілік Ел». Сара Алпысовна Назарбаева и авторы обновлённой
программы разработали материал, способствующий системному развитию
устойчивых духовно - нравственных ценностей, духовных истоков, возрождению
национального мировоззрения.Каждый год проведение недели нравственно-
духовного воспитания – это организация праздника. Ни один день не похож на другой
и несёт свою смысловую нагрузку. Мы разработали свой проект недели нравственно-
духовного воспитания. (Представление проекта).Для каждого из нас «Мәңгілік Ел»
ассоциируется с преданностью и любовью к своей стране и своему народу. Мы все
хотим видеть Казахстан сильным и преуспевающим государством. Для этого у нас есть
великая история народа, веками мечтавшего о свободе. Есть великие имена известных
личностей и героев, прославивших Казахстан. Учащиеся 11 класса Ибраев Руслан и
Жукова Оксана 2 года работали над научно-исследовательской работой «Этнические
особенности казахского национального характера» и, представив её в области, заняли
в своей секции первое место. Собранный в брошюре материал используется на
классных часах, мероприятиях, уроках. ( Представление брошюры).Пятиклассники –
это особенный этап в жизни школьников, адаптация к новой ступени обучения. Чтобы
сохранить здоровье детей в этот сложный период, а также для повышения школьной
мотивации был разработан курс для учащихся 5 класса «Психология здоровья
школьников», основанный на казахских национальных играх. Данный курс позволяет
учащимся не просто познакомиться с казахскими играми, но и проявить свои
личностные качества. Кроме того, полученные знания о традиционных играх будут
передаваться друг другу, а не останутся забытыми и неизвестными. (Представление
курса).Только настоящий, преданный своей Родине гражданин, способен сделать
многое для повышения благосостояния своего народа, своей нации - «Мәңгілік Ел».
217
ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ
Серикбаев Сагындык Каиржанович,
тарих пәнінің мұғалімі
М.Ғабдуллин атындағы
№3 көптілде оқытатын
кәсіби мектеп – гимназиясы
Көкшетау қ.
«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз
«Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел»
деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық
идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді»
Нұрсұлтан Назарбаев
Сәлем сөздің атасы демекші Ассалаумағалейкум, Елім деп еміренген, жерім
деп тебірен, қасық қаны қалғанша ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, ұлан
ғайыр атырапты аманат қып тастап кеткен баһадүрлердің сынықтары! Ұлысын
ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен тағылымын егіз еткен арманы өрге, қиялы
көкке жетелеген Мәңгілік елдің ұландары!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – халқымыздың бастан
кешірген елеулі оқиғаларының бірі. Осы жылдар аралығында Қазақстан әлемде
дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосылды. Болашаққа жоспарланған 2030-
стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, алдағы мақсаттарды айқындау үшін
Қазақстан-2050 жоспарын қолға алды. Ұлттың дамуын нақтылайтын, алға жетелейтін
5 институционалды реформа белгіленіп, ол реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты
қадам бойынша бүгінде нақты істер жүзеге асырылып жатыр.Ел ішіндегі тұрақтылық
пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық
бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел»
жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті
сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы
халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының
зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл, Елбасымыздың:
«...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз
елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік
сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен
«Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі
бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген
сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі
асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Мәңгілік ел идеясының тарихи
бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден
тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел»идеясы.
Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған
мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін
ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде
айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға
218
бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын
біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл
қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі
кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде
«Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен
үндесіп тұр.
Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында
бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым ежелгі грек философиясы
мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік
Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасаған болатын. Ғалым «Мәңгілік Ел»
теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары
туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында
баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен
түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-
Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды.
Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет
басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті
басқарудың негізгі механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда
түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби
мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді.
Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті
сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі
міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске
асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен
толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы
бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық
және саяси мәселелер – негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі
олардың рухани жетілуіне тәуелді.
Үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны. «Құтты білік»
дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Дастанда X-XI
ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары,
наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы
тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күн туды – әділ ел басшысының
рәмізі. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі
мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін
айқындайды. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың
аузына түсірмей, ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған Абылай
ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы және жалғастырушы
тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді
біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше,
Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «Мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы
екендігін мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған елдің
идеологиясы да осы іспетті болмақ.
Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде ортақ шаңырақта өмір
сүретін ұлттардың идеясы да осы мәңгілік елдің тұтастығы мен мызғымас іргесінің
болуымен ерекшеленеді. Елбасы бес институционалдық реформаны талдау барысында,
тарихтың жаңа белесінде тұрған ұлттың бірлігін нығайтуды ерекше назарға алды.
«Біздің қоғамымыздың көп түрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азамат
219
құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және
түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және
біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден
қалыптасты.Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік,
еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, толеранттық, шын берілгендік пен
патриотизм біріктіреді», – деді.«Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей
қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен
бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге
шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады
дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», — деп Елбасы
Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып
отыр. Осы достығымыз мәңгілік болсын деп тілейміз.Шындығында, бірлігі мықты,
іргесі бүтін елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға жетпес байлығы –
татулығымен мақтана алады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс
өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде қазақ ұлтының үлесі - 63,6 %,
орыстар – 23,3%, өзбектер – 2,9%, украиндар – 2%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2%,
немістер – 1,1%, басқа ұлыстар 4,5% құрайды. Президент «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында: «Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық
ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын
қазақтар және басқа да ұлттардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай
алды», – деп атап өтті. Тарихи шындық осыны дәлелдейді. Себебі, қазіргі таңда
елімізде тұрып жатқан кез келген ұлт өкілі өздерінің салт-дәстүрлері мен ұлттық
мәдениетін дәріптеп және кеңінен насихаттай алады. Бұл қазақтардың кең пейілдігі мен
қонақжайлығын, бауырмалдығын көрсетеді.Сөзіміздің соңын айтар болсақ, «Мәңгілік
Достарыңызбен бөлісу: |