Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет29/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
20-дәріс. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі

Жоспар:


1. Тіл мәдениетін оқыту әдістемесі.

2. Стилистиканы оқыту әдістемесі.

3. Стиль және стилистика туралы ұғымдар.

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұнын меңгертудің маңызы. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Стилистикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістемесі. Стилистикалық жаттығулар. Стилистикалық қате және оларды болдырмау жолдары. Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл – адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір –бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де – тіл, сөйлеу мәдениеттеріне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы қалыптасқан фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп пайдалану да – тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.

Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың көпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға стилистикалық талдау жасату, сөйлемдер мен қысқаша мәтіндер, стилистикалық диктанттар жазғызу т.б. жұмыстарды саралап алғаны жөн.

Стилистика қағидаларын меңгерткенде мұғалім жеке адамның өзіне тән лексикасы болатынын, кейбіреудің сөздік қоры бай, ал біреулердің сөздік қоры аз болатынын да айтып өткені дұрыс. Әр адамның сөйлеу мәнері, сөз екпінін түсіріп айтудың өзіндік дағдысын қалыптастыратынын, көркем әдебиеттің әр жанрына тән стильдік ерекшеліктердің болатынын назарда ұстауы қажет. Оқушыларға стильдің түрлеріне байланысты әр түрлі жұмыстар орындату керек.

Мұғалім сөйлеу мен жазудың түрлі стильдік ерекшеліктеріне тән тілдік қолданыстар туралы ұғымды тіл дамыту кезінде жүргізілетін тапсырмалар арқылы кеңейтіп отыруы қажет. Тілдік тәсілдерді, стильдік құбылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйретіп, дағдыландырады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет