Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


Орайы келген сапар (Алматы 1943-1944ж.ж.)



бет11/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Авторлық бағдарлама Бауыржан

Орайы келген сапар (Алматы 1943-1944ж.ж.)

1943 жылы желтоқсан айының соңында Алматыға майданнан оралған гвардия полковнигі Б.Момышұлын Қазақстан жұртшылығы құшақ жая зор қуанышпен қарсы алады. Бұған дейін-ақ 1941 жылғы Москва түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі аға лейтенант Б.Момышұлының жан беріп, жан алысқан қанды шайқаста көрстекен бірегей батырлық ерлігі оның есімін аңызға бөлеп, даңқ тұғырына көтерген болатын. Қан майданнан жараланып емделуге келген батыр ұлын астана жұртшылығы қошеметтеп басына көтерді. Астанаға келген батырды жұрттың ққуанышпен қарсы алуы өнер қайраткерлері мен ғылым ордаларында дүркірей өткен қайталанбас қызу да қызықты кездесулерге ұласып жатты. Мінбеден шешен де шешіле сөйлейтін, терең ойлы, ұшқыр пікірлі, дүниетанымы мүлде бөлек сезімтал азаматтың кездесулерде майдан жаңалықтары туралы айтқан уытты әңгімелерін жұртшылық ерекше қызығумен қабылдап, аса жоғары бағалап жатты.

Жарақатынан тез арылып, туған халқының ыстық ықыласы мен махаббатына бөленген батырдың майдан төріне қайта оралып бара жатқан тағдырының немен тынарын кім біліпті? Неде болса оның қан майданда пісіп жетілген ой-танымын, өзіндік тума ой толғаныстарын келешек ұрпақ үшін хатқа түсіріп алып қалу қажеттігі айрықша сезілді. Бұл жағдайды терең ұғынған көреген жазушы М.Әуезов бұл істі жүзеге асыруға тікелей кірісті.

1944 жылы 19 қаңтарда ССРО ғылым академиясының қазақстандық филиалының мәжіліс залында академия басшыларының ұйымдастыруымен тарих, әдебиет, өнер қайраткерлерінің таңдаулы шағын тобына гвардия полковнигі Б.Момышұлы өткізген алты күнге созылған арнаулы әңгіме-дәріске жазушы М.Әуезов те белсене қатысады. Күні бойы оқылып, бір аптаға созылған осы әңгіме-дәрісті М.Әуезов ерінбей, жалықпай қалың дәптерін толтыра орыс тілінде конспектілеп жазып алып отырған. Мұхаң жазған бұл қолжазбалардың төл нұсқасы «Баурджан, его беседы, лекции читанные в течение 6дней января 44г.» деген тақырыппен жазушының әдеби-мемориалды музей үйінің архивінде № 409-папкіде сақтаулы тұр.

Б.Момышұлы оқыған сол әңгіме-дәрістің стенограммаға түскен түпнұсқасы жарты ғасырдан соң жазушы архивінен алынып, «Соғыс психологиясы» («Психология войны») деген атпен орыс тілінде алғаш рет біршама қысқартулармен 1990 жылы басылып шықты.

Оқушыларға бұл әңгіме-дәрістің жалпы мазмұнымен таныстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет