Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі типтік оқу бағдарлама



бет2/11
Дата07.01.2022
өлшемі43,43 Kb.
#19755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бағдарлама мазмұны

1-Бөлім. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері



1-тақырып. Менеджмент басқару туралы ғылым Менеджмент кəсіби қызметтің ерекше түрі ретінде. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің əкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А. Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы модель мектебіне қысқаша сипаттама беру. Врумның күту теориясы. ПортераЛоулердің сандық тəсілі. Д.Мак Клелландтің теориясы. Д.Мак-Грегордің адами қарым-қатынас теориясы. Қазіргі менеджменттің мəні мен өзіне тəн сипаты. Менеджменттің американдық, жапондық жəне батыс еуропалық типтеріне ортақ жəне өзіндік ерекше белгілері. Негізгі түсініктер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.

2-тақырып. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы жəне технологиясы ретінде. Білім берудегі басқару түсінігі. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мəні мен ерекшеліктері. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық менеджмент əдістері. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары. Мектепті басқарудағы əдіснамалық тəсілдер (жүйелі, гуманитарлы, құзыретті, адамға бағытталған т.б.). Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары. Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нəтижесі ретінде. Жүйені басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты. Негізгі түсініктер: білім беруді басқару, педагогикалық менеджмент, білім берудің сапасы, жүйе құраушы факторлар, мемлекеттік-қоғамдық басқару.

3-тақырып. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары. Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары. Оқу-тəрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тəуелділігі. Оқутəрбие жұмысын басқару мазмұны мен əдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру əдістеріне шарттылығы. Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы жəне мектеп басшыларының басқару қызметінің əр түрлеріне əзірлігі. Негізгі түсініктер:заңдылықтар, педагогикалық менеджмент заңдылықтары.

4-тақырып. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы. Өкілеттіктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі. Негізгі түсініктер: ұстаным, басқару ұстанымдары, педагогикалық менеджмент ұстанымдары

5- тақырып. Мектептегі жаңашылдықты басқару Мектептегі жаңалық жəне жаңашылдық үдерісі. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдеріспен басқарудың ерекшеліктері. Педагогикалық ісəрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары. Жаңалық, жаңашылдық жəне жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау жəне т.б.) Жаңа үдерістерді басқару барысындағы оқушылар мен педагогтардың тұлғалық өзін-өзі анықтауы. Жаңа үдерістерді басқару барысындағы алқалық қағидасы. Жаңа үдерістердің нəтижесін болжау жəне бақылау. Негізгі түсініктер: жаңалық, мектептегі жаңа үдерістер, жаңашылдықпен басқару технологиясы, мектептің жаңашыл іс-əрекеті, тұлғалық өзін-өзі анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет