ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
BM 2204 Білім берудегі менеджмент
«Білім» тобындағы мамандықтар үшін
2 кредит
Алматы, 2016
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен БЕКІТІЛГЕН жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ 30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер: Хан Н.Н. - - п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ Джусубалиева Д.М. - п.ғ.д., профессор Абылай хан атындағы ҚазХҚжƏТУ
5. ҚР БҒМ Републикалық Оқу-əдістемелік Кеңесі мəжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН 30.06.2016 ж., Хаттама № 2.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.
Түсініктеме
«Білім берудегі менеджмент» пəнінің типтік оқу бағдарламасы 5В010000 бакалавриаттың «Білім беру» мамандықтар тобына арналған. Курс мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жəне білім беру мекемесіндегі тəжірибелік іс-əрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. Курс міндеттері: 1. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс жəне мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру. 2. Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджментің мəні жəне негізгі міндеттерімен таныстыру. 3. Айрықша кəсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын əрі саналы көзқарасты қалыптастыру. 4. Менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.
Курсты оқу нəтижесінде студенттер тиісті: - білім беру менеджментінің теориялық-əдіснамалық негіздерін: педагогикалық менеджменттің қызметін, заңдылықтарын, ұстанымдарын, əдістерін, педагогикалық менеджменттің жүйе қалыптастырушы факторларын, білім берудегі менеджмент тұжырымдамасының даму тарихын; жүйелілік, гумандылық, құзіреттілік, технологиялық ыңғайлар негізінде мектепті басқарудың ерекшеліктерін; -мектептегі тұтас педагогикалық үдерісті басқару негіздерін; -мектептің педагогикалық ұжымын тиімді басқарудың талаптарын білуге ; Біліктіліктерін игеруге: - игерілген теориялық білімді білім беру мекемесінде іс жүзінде қолдануды; - білім беру мекемесінің біртұтас жүйесі аясында диагностикалық, талдамалық жəне жобалау қызметтерін жүзеге асыруды; - түрлі басқару қызметтерін жобалауды жəне жүзеге асыруды; - білім беру мекемесін бақсаруда жүйелілік, гумандылық, адамгершілік, құзіреттілік жəне технологиялық ыңғай дағдыларын пайдалануды; - ашық педагогикалық жүйе ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан басқару қызметінің сапасын бағалауды; - білім сапасын бағалаудың, білім алушыларды тəрбиелеу мен дамытудың заманауи əдістемелерін пайдалана отырып, білім беру мекемесінің əдістемелік жұмыстарына араласуды, білім беру үдерісінің тиімділігін талдау мен бағалауды, педагогикалық менеджменттің шектеулерін еңсеру бойынша əдістерді қолдануға.
55
Меңгеруге: - қазіргі талаптарға сəйкес білім беру саласындағы педагогикалық менеджменттің теориялық білімін; - жобалау мен мектептегі тұтас педагогикалық үдерісті басқаруды талдау дағдыларын; − ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын; − педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын; − педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының субъектсуюъектілік əсерлестігін ұйымдастыру дағдыларын; − алынған білімді кəсіптік тəжірибе барысында, сондай-ақ кəсіптік міндеттерді шешуде пайдалану дағдыларын; тұтас педагогикалық үдерісті басқару қызметіне байланысты түрлі жағдайларға икемді əрі жан-жақты болуды. Аталмыш типтік оқу бағдарламасында -жаңа терминдер мен түсініктер ҚР «Білім беру туралы» Заңына (2007ж.), оның 2012 жылғы өзгерістері мен толықтыруларына, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Болон декларациясы жəне білім беру саласындағы өзге де халықаралық құжаттарға сəйкес қолданылады; -білім беру мекемесін басқару оның екі құрамдас бөлігі негізінде қарастырылады:
1) білім беру үдерісін басқару. Білім беру үдерісі ретінде ҚР мемлекеттік білім беру стандарттына сəйкес тұлғаға білім беру, оны тəрбиелеу мен дамыту мəселелерін шешуге бағытталған оқу-тəрбие, оқутанымдық жəне өз бетінше білім алу үдерісінің жиынтығы қарастырылады;
2) білім беру мекемесінің ұжымын (педагогтік жəне балалар) басқару. Педагогтік ұжым өзіндік жеке қасиеттері, еркі, құндылығы, идеалдары бар нысан ретінде қарастырылады жəне ол өз мүдделерінің мейлінше толық есепке алынуын талап етеді. 3) білім беру үдерісі мен білім беру мекемесінің ұжымы басқарылатын жүйе ретінде қарастырылады. «Білім берудегі менеджмент» пəнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар студенттерді өз беттерінше жəне жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерінің (педагогтік ұжым жəне оқушылар) оқу-тəрбие, оқутанымдық жəне өз бетімен білім алу əрекетіндегі төмен нəтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылғандарға сəйкес, оқу пəні мазмұнының құрылымында мына тараулар ерекшеленіп алынды:
І–бөлім: «Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері»;
ІІ –бөлім: «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару»;
ІІІ-бөлім: «Мектептің педагогикалық ұжымын басқару».
Бұл бағдарламаның ерекшелігі мен айырмашылығы – «Мектептің тұтас педагогтік үдерісін басқару» тарауы мектеп (мұғалім) басшысы əрекетінің нысаны ретінде, қазақстандық ғалым Н.Д. Хмель əзірлеген, тұтас педагогтік үдеріс теориясына негізделген.
Пререквизиттер: Курсты оқытудың алдында мына пəндер меңгерілуі тиіс: «Педагогика» «Қазақстан тарихы», «Мəңгілік Ел», «Оқушылар дамуының физиологиясы», «Өзін-өзі тану» жəне «Психология».
Постреквизиттер: «Білім берудегі менеджмент» пəні мына пəндердің меңгерілуіне негіз болады: «Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі», «Инклюзивті білім», т.б. таңдау бойынша əртүрлі элективті педагогикалық курстар, сондай-ақ оқу жəне өндірістік пен педагогикалық практика.
Пəннің тақырыптық жоспары
№ Тақырып 1-БӨЛІМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 Менеджмент басқару туралы ғылым
2 Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде
3 Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
4 Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
5 Мектептегі жаңашылдықты басқару
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ
1 Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі жəне нысаны ретінде
2 Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
3 Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау
4 Мектептегі əдістемелік қызмет жəне мұғалімдерді аттестациялау
5 Технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару
БӨЛІМ 3. МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫН БАСҚАРУ
1 Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде
2 Педагогикалық қарым-қатынас жəне басқару этикасы
3 Мектепттің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару.
4 Білім беру менеджерінің көшбасшылығы жəне көшбасшылық қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: |