Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет350/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

208


жыршының ұстанымы мен сол тұстағы тыңдарманның көңіл-күйін көтеру үшін де қайталанады. 

Қайталаулардың түр-түрі – еспе, кезекті қайталау, бәрінде дерлік кездесетін қалыпты қайталаулар 

бұл жырда да жиі ұшырасады... Мәселен, «Құнт аға сонда сөйлейді, сөйлегенде  бүй дейді». Бұл 

бір жағынан жыршылардың жадында  жылдар бойы   сақталып, санасында жатталып, қалыптасып 

қалған халықтың жанына жақын, табиғатымен туыстас теңеулер болып келеді, «оймақ  ауыз, күлім 

көз, сұлу еді, өзі рас», әлбетте «оймақ ауыз» теңеуі халық әндерінде де, халық өлендерінде қайта-

қайта кездеседі, себебі әр халықтың сұлулық туралы қалыптасқан қағидалары болары белгілі:

Сындар бойлы, өзі жас,

ақ маңдайлы, керме қас.

оймақ ауыз, күлім көз,

сұлу еді өзі рас.

болмаса, Абайдың:      



Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ

яғни, халық ұғымындағы  сұлулық сипатының қилы қырларының бірі де, «оймақ ауыз», «күлім көз», 

Абай айтқан: «кішкене аяқ» – мұның бәрі ойдан шығарылған жалған өлшемдер емес, ұлт ұғымымен 

үзеңгілес, ұлт танымымен тамырлас, ұлт табиғатымен туыстас «сұлулық, қол мен аяқтың әдемілігі 

ғана емес, тұтас тұлғасының  бір-бірімен бәсекелес болуы» [1] деп Сенеке айтқандай, қазақ арулары 

бармағынан бал тамған шебер, шешен болғаны өз алдына, өз киімдерін өздері тігіп, өз үлгілерін 

өздері  таңдай  білген,  әлбетте  «оймақ  ауыз»  туралы  теңеудің  тұрмыс-тіршіліктен  туындағаны 

да  таңғаларлық  жайт  емес,  күнбе-күн  киім  тігіп,  кесте  тоқып  отырған  қыздың  қасында  оймақ 

жататыны белгілі емес пе?!  Олай болса, Федор Достоевскийдің «кез келген қиялда шындықтың 

шырағы жанып тұрады» [2] деуі де тегін емес қой, арудың аузы мен аяғының кішкене болуына көңіл 

бөлген халық, көзінің де күліп тұруына айрықша мән бергені байқалады, халық әнінде айтылатын 

«күміс құмған-ай, отта тұрған-ай, айналайын көзіңнен, ашып-жұмған ай» сынды жолдарда осыны 

аңғартады,  айқындай  түседі.  Қазақ  әйел  адамның  аузының  «оймақтай»  болуын  құптайды  да,  ер 

баланың аузының үлкен болуын «несібесі мол болады екен» деп жорамалдайды. Әлбетте «Жеті 

қағанда»  әйел  табиғатына  тән  айла,  амал  әрекеттердің  түр-түрлері  іс,  қимыл-қозғалыс  аясында, 

оқиға орнында байқалып отырады. Бір сөзбен айтқанда «оймақ ауыз, күлім көз» қазақ ұғымындағы 

көп айтылған, әрбір жырда кездесетін таптаурын теңеу болғанымен, әр жырдың нұсқасында жаңаша 

сипатталып, «сындар бойлы өзі жас, ақ маңдайлы, керме қас» теңеулеріндегі «сындар бойлы» сөзі 

эпостық жырларда аса сирек ұшырасады. Ал, керме қас, қиғаш қас, қалам қас, болмаса, ақ маңдай, 

жазық маңдай, кең маңдай да жеткілікті. Жырда бір оқиға желісін баяндау барысында бүге-шігесіне 

дейін тәптіштеп, кей-кейде қазбалап кететін тұстар да баршылық, сонымен қатар жыр тілінің көрер 

көзге  мен-мұндалап  тұратын  кемшіліктері  де  шаш-етектен:  «Айтыспауға  әйелмен,  намысына 

қарысқан», «ысқырынған жыландай, ышқырына шабады», «қолы ышқырға барғанда, жаңа туған 

тауықтай, қақылдады Жезмаңдай», «қос қолдап сұныңдар», «ығытына келген іс», «жарлық шашты 

жан-жаққа», «тілін сайлап боқтауық», «Мілмираның қымтитып шашын кесіп алыпты», «құнжита 

байлап белімді», «шақшадай басы қалқиып», «Арыстанға түсір деп, көп таласты ышқырды»,  «сөзге 

келмей  тамтырап»,  «шетінедіңдер  ұлықтар  осы  арада  ақылдан»  т.с.с.    Біз  әрине  жыр  тіліндегі 

орашолақ ойлар мен оралымдар, тіл тазалығы туралы ғана бір-екі ауыз сөз қозғамақпыз. Мәселен, 

«намысына  қарысқан»  қазақ  баласы  «намысыма  тиді»,  «намысымды  таптады»,  «намысымды 

қорлады» деп айтуы мүмкін, «қарысты» деп айтпайды, «тілі қарысты», «жағы қарысты» десе бір 

жөн, олай болса, жыршының «намысына қарысты» дегенінен гөрі, біздің бағамымызша «намысына 

тырысты» деуі өтімдірек болар еді, болмаса, ышқыр туралы толғаныстардың тым тұрпайылығы да 

қайта-қайта көрініс тапқан. «Басты түймені дұрыс түймелей алмасаң, қалғандарының бәрі де теріс 

түймеленеді» [3] деп Иоганн Вольфранг Гете айтқандай, басқасын сөз етпегеннің өзінде, «қолы 

ышқырға барғанда, жаңа туған тауықтай, қақылдады Жезмаңдай» деген алғашқы жолдың өзі-ақ 

естір құлаққа түрпідей тимей ме?! Себебі, Виктор Гюгоның сөзіне сенсек, «Ұлттың ұлылығы оның 

санымен сарапталмайды, сол сықылды адамның ақыл-ойы да бойымен өлшенбейді» [4]. Қазақтың 

бұрынғы батырлар жырында «Қорамсаққа қол салды, қол салғанда мол салды» деген жолдар бо-

лушы еді, ал ышқырға қол салуды осы жырдан оқып отырмыз. Оның үстіне «қақылдау» да, «жаңа 

туған тауық та» көңілге қонымды болып тұрған жоқ. Жаңа туған тауық «дүниеге сәби әкелдім» 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет