Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет40/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   963
№ 3 (106) 2015

19

қазақша түсіндірмесі: киімі нашар болғанына қарамай, ұялмайды [13,120]. Түрікше: Чулы дүзмек; 



қазақша аудармасы: шұлғауын түзеді; қазақша түсіндірмесі: Жағдайы түзеліп жақсы киіне бастау 

[23,113].    

Түрікше: Ағустостың он бешінден сонра ере кафтан, ата чул. Тамыздың он бесінен кейін ерге 

шапан, атқа жабу. Түсіндірме: Енді суық ауа райы болады дегенді білдіреді.  

Түрікше: Арсыз неден арланыр, чул да гиер салланыр. Қазақша аудармасы: Арсыз ешнәрседен 

ұялмайды, шұлғау кисе де, теңселіп жүреді. 

Түрікше:  Ат  чул  ішінде  де  беллідір.  Ат  шұлғау  ішінде  де  белгілі.  Түсіндірмесі:  Адамның 

ішіндегі жауһар киіміне қарамасаң да белгілі боп жарқырайды [14,35].    

Қазақшада сырт келбеттің адам туралы толық мәлімет бере алмайтыны туралы айтылған  мақал-

мәтелдер: Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас; Есекке қанша алтын жабу жапсаң 

да тұлпар/ат болмайды; Есекке алтын жауып қойсаң да арғымақ бола алмайды. Арғымаққа тоқым 

жапсаң да топ жарады.

Қырғызша: Есекке кілем жапсаң да, ешек бойдон калат»

Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас»; 

Тілші мамандардың көпшілігі көп мағыналы сөздердің мағыналарының кездейсоқ болмағанын 

және адамның тәжрибе, мағлұмат негізінде пайда болғанын айтады. «Шұлғау» сөзінің қазақ тілінде 

бейнелі қолданылуы: «Шұлғау қып билік оны шұлғануда [24].

Шұлғау болып қыздардың кестелері, Талай қара шаңырақ өшкен еді. (М. Мақатаев). Шұлғау 

күң Шөмтік Ежі, деді өзіме: Алданба Ажыбайдың сен сөзіне! (С. Торайғыров)

Жиегіне шұлғау орап шерпім деп,

Жылтыраса санын соғып алтын деп,

Сыртқы көзбен баға берген балалық. (С. Дөнентайұлы). 

 «Кауірдің демі басады,

Қаулаған қамыс жасағы,

Әдет те ғұрып, салт-дәстүр

Иманын шұлғау жасады. Сабыр Адай, ақын, мемлекет қайраткері.

Қасиетті, құрметті заттың қадірін кетірді деген мағанада қолданғанда «шылғау жасады» дейді.  

Бір ұлттың өткенінен бүгініне жеткен мәдени мұрасы халықтың өзіне тән сезімі, ойы, сөйлеуі 

арқылы  көрінеді.  Ұлттық  болмысымызды  ой,  пікіріміз  бен  мәдени  байлығымызды  құрайтын 

жазба  ескерткіштеріміз  тарихтың  тереңіне  кетеді.  Олар  ұлтымыздың  өткені  мен  бүгінгісін 

байланыстыратын    рухани  мәдениетіміздің  бастаулары.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  мағынасы 

көмескіленіп,  кейбіреуі  ұмытылған  сөздердің  мағына  жөнінен  зерттелуінде  көне  бастаулардан 

алынып, бүгінгі тілдік деректермен салыстыра отырып зерттеудің рөлі ерекше. 

Қазіргі қазақ тілінде «чул» тұлғасы қолданылмайды, бірақ «чул» түбірінен келген «шұл+ғау» 

және «шұл+қа» сөзі тарихи түбірі және мағынасын сақтай отырып, қазіргі қазақшада қолданылады. 

«Шұлға» тұлғасының көне тарихи жазбаларда кездесетін контекстер:

«Мүнйетүл-гузат»  ат  және  атқа  міну  туралы  арабшадан  аударылған  шығарма.  Көшірілген 

уақыты мен көшіруші туралы мағлұмат жоқ. Шығарманың бір ғана нұсқасы Ыстамбулдың Топкапы 

сарайы 3. Ахмед кітапханасы 3468 номерінде тіркелген, 1446 жылы көшірілген. 

«Шұлға» қазақшадағы қазіргі «орау» етістігі беретін мағынада қолданылған. 

«Болса бір німе шұлғасын бұ «амел ішінде ұкұш... 100/а-9 [25,111] шұлға-орау

Қазіргі қазақ тілінде: Болса бір деме орасын бұл амал ішіндегі көп...» 

«Фетл ол дурур кім сүңгіңні аның сүнгүсіне чулгар...» [25,83].     

Шұлгач: айналдыру, құшақтау

«алем йүзіңге йа ат уйзіңе чулгачмасун кім аны...» [25,86].     

Андан сонра кефен тонын кийдіргейлер

Пак у нафак мені салып чолғагайлар

Баш аяғым мехкем тутыб бағлағайлар

Тәубе тонын кійгенімні білелмесмен.

Қазіргі қазақ тілінде: 

Одан кейін кепен тонын кигізсе,

Таза-кір мені салып ораса,

Басымды-аяғымды қатты ұстап байласа,

Тәубе тонын кигенімді біле алмаспын [26,67].      






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет