Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет41/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

20

14 ғасырда Хорезм түркі кезеңінде жазылған діни-дидактикалық мазмұнда жазылған шығарма. 



Нехчул-Ферадис (Ұшмақтың жолы) 14 ғасырда әдеби «хакани» түркі тілінен шағатайшаға қарай 

бағытталған  шынжырдың  бір  бөлігі  және  тіл  тарихының  ең  маңыздыларынан  біреуі  [27,294] 

Шолга-ора, Шұлға орау [27,87], Шұлган-ора Қайра йана Хатижа қатынга (9) келдім тақы айдым: Йа 

Хатижа, мені тонға чулгагыл кім көңлүмке... [25,83]  ... қорқуқ кіріп турур тедім ерсе, мені чулгады, 

яатқурды» 9-9 [27,7].      

Қазіргі қазақ тілінде: «Қайта жана Хатижа қатынға келдім айттым: Йа Хатижа, мені тонға ора 

көңліме жаңа қорқыныш кіріп тұр дедім, мені орады, жатқызды». «...Маниси ол болур кім: ей тонга 

чулганып йатқан Пейгамбар...» 9-11 [27,7]. Қазақша: ...мағынасы ол болар: ей тонға оранып жатқан 

Пайғамбар...», «... қорқа тітрейү келіп айдым: Йа Хатижа, мені тонға чулғаң тақы йатқурың кім 

халім мүтегаййир болды тедім ерсе, мені чулгап  (9) йатурдылар.» 8-9 [27,6]       

Қазақша: ...қорқып дірілдеп келіп айттым: мені тонға ора жатқыз халім осылай болды дедім, 

мені орап жатқызды»

«...  Пейгамбер  (ас)  дан  қалған  кефенні  чулганды...»  167-6,  [27,115].  Қазақша  «...  Пейгамбер 

(ас)  нан  қалған  кефенді  оранды...»  [28,12].  Иршадүл-мүлк  ве  селатин-сұлтандарға  жол  көрсету 

мақсатында арабшадан сөзбе-сөз аударылған түркі тіліне аударма. Арабша мәтінінің авторы белгісіз. 

789/1387 (Шәууал 20) Искендерия-Түркия қаласында көшіріп бітірген. Тілі кейбір ерекшеліктер бо-

лумен қатар Мәмлүк қыпшақшасының ерекшеліктерін көрсетеді. 

Чулга: Үстіне бірдеме кию, 188 a/4 (7) 

Чулган: бірдеме кию 241 a/6 (3)

«Ол  итижар  (4)  чулгагай  тахфифесінің  біраншасыны  башы  өзе  такы  қылғай  бір  ушыны 

тахфифеден  хатунларның  мижери  киби  чулгагай  (5)  йүзінің  йанларына»  188  a/4  (7)  [28,261]. 

Қазақша: Ол жалға беру ора сарықтың бір жағын басың үстіне тақ бір ұшын сарықтан қатындардың 

орамалы сияқты ора жүзіңнің жанына». 

«... Ве егер аваз бірмесе, чулганып бір шөпрекке такы...» 241 a/6 [28,296]. Қазақша: «... және 

егер  дауыс  бермесе  оранып  бір  шүбірекке...»  Жоғарыдағы  мысалдардан  қазіргі  қазақ  тіліндегі 

«ора»  етістігінің  орнына  көне  жазба  деректердегі  мәтіндердің  көпшілігінде  «шұлға»  етістігі 

қолданылғанын  көреміз.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  «шұлғау»  осы  шұлға  етістігінен  бүгінгі  біздің 

тілімізге келіп жеткен сөздік тұлға. Көне тарихи тілімізде көп қолданылғанывн көреміз.  Келе-келе 

етістік ретінде ұмыт болған. Қолданылу аясы таралып, тек зат есім ретінде бір заттың атауында 

ғана сақталған.

Сөздер тарих толқынында әртүрлі өзгеріске түседі, әсіресе мағына жағынан өзгеріп отырады. 

Адам  ойының  табиғи  және  әлеуметтік  болмысының  сырлары  тарих  қойнауларында  жатыр.  Осы 

сырларды туыстас тілдердің сөздік қорларын тарихи дамуы бойынша салыстыра зерттеу бізді мол 

қазынаға кездестіреді. 

Сөздік қорды салыстыра зерттеу  сөздердің тарихи дамуы мен таихи өзгеруін де анықтауымызға 

жәрдем етері сөзсіз. Тілдің көне дәуірлердегі өлшеулі сөз байлығы уақытпен бір жағынан өзгеріске 

ұшыраса,  басқа  жағынан  жаңа  мағынаға  ие  болып,  қазіргі  қолданылып  жүрген  қалпына  келген. 

Қазіргі тілдердің сөз байлығы уақытпен қазіргі қалпыны алу жолын бойлай зерттеу, тарихи тұрғыдан 

салыстыру арқылы жақсы нәтижеге қол  жеткіземіз. 

Мақалада,  түрік  тілінде  және  қазақшада  қолданылған  «чул»  және  «чулга»  ортақ  түбірлес 

тұлғаларды  салыстыра  отырып,  тарихи  тұрғыдан  мағыналық,  тұлғалық  өзгерістеріне  жалпы 

сипаттама  жасадық.  Лингвистикалық  ауыс-түйіс    қарама-қарсы  мәдени  әсердің  табиғатын  және 

рөлін анықтауда маңызды орынға ие. Түркі тілдері арасында ең аз төрт ғасырлық тарих бөлігіне 

қарай бойлай ене білгенімізше, тарихтың тұрлі дәуірлеріндегі түркі тілдеріндегі ауыс-түйістерді 

салыстыруға тырыстық. Түркі тілі сөздерінің ерекшелігі ортақ түбірден тарай отырып, жеке-жеке 

сөз ретінде қолданылуы. Қазақшада жоғарыда айтылған «чул» түбірінен бөлек сөз жасалған. Баста 

бір түбірлі сөз ретінде қолданылып, содан кейін жеке сөз тұлғалары жасалған. Олардың мағыналық 

жақтан  анықтала  алмауы  мүмкін.  Қазақ  тілінде  қолданылған  «шұлғау»  сөзінің  де  бір  қарағанда 

мағынасы анық емес сияқты көрінеді. Бұның себебі, бастағы түбір сөзден пайда болған сөздердің 

мағыналық  жағынан  алыстауы.  Осындай  сөздердің  этимологиялық  мағынасынның  түсіндірілуі, 

басқа түркі тілдерде кездесетін ортақ сөздердің салыстырылуы бізге сөзсіз жол көрсетеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет