Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131
 
Қала экологиясы 
Урбанизация  -(адамның    Жер  шарын    игеруі  және  өзіне  қажетті 
нысандарды  салуы)  табиғатқа  елеулі  әсер  етеді.  Халықтың    сапалы  
тіршілігін  қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері 
мен  шешімдерін  экологиялық  негізделген    жағдаймен  шешуді 
урбоэкология  (қала  салудағы  экология)  саласы    қарастырады. 
Қалалардағы  адам  мен табиғат үшін  қолайлы ортаны сол жерде өмір 
сүретін  тұрғындардың  психологиялық,  әлеуметтік  жайлылығы, 
қаланың  үйлесімді,  орнықты  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуы 
қамтамасыз  етеді. Қалалық  орта  -адам   үшін   жоғары   дәрежеде   және 
әрқалай  әсер  ететін  табиғи,  табиғи-антропогендік    және    әлеуметтік-
экономикалық 
 
кешенді 
 
факторлар 
болып 
табылады.  
           Жер 
бетіндегі 
адамдардың 
көпшілігі 
күнделікті 
өз 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  қолайлы  қалада  тұратыны  мәлім. 
Алайда қалалар негізгі экологиялық  мәселелердің  де орталығы болып 
табылады.  2001  жылы  тарихта   алғаш    рет  қалаларда    тұратын   халық  
саны   планетадағы  адамдардың    50%- нан   асты. Болжамдар  бойынша 
2030  жылға  қарай  қалада  тұратын  адамдардың  саны  ауыл 
тұрғындарының  санынан  2  еседей  көп  болады  деп  күтілуде.  Соңғы 
ғасыр 
ішінде 
қалаларға 
байланысты 
ауқымды 
экологиялық 
қиыншылықтар байқала бастады, олар: 


 
 
49 
-көптеген 
қалалардағы  ластанудың  өсуі,  ластағыштардың 
қоршаған орта мен адам организміне түсуі; 
-қала  аумақтары  мен  қала  халқы  санының  өсуі,  халықтың  тығыз 
орналасуы,  мегаполистердің  халық  саны  ондаған  миллионға 
жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы; 
-табиғатты 
ығыстыру, 
табиғи 
ландшафтардың 
жасанды 
ландшафтарға ауысуы; 
-адамның  табиғатпен  тікелей  байланысының  (көзбен,  иіс  сезу, 
түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің 
жағымсыз  жасандыға  ауысуы  және  олардың  қарқынды  түрде 
өсуі; 
- адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен 
- шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс 
істеу және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет