Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет16/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Айғаным ханым

Кезінде халқының тарихында елеулі орын алған, ер-азаматқа пара-пар еңбегі сіңген қазақ әйелдері аз болмаған. Айғаным Сарғалдаққызы Уәлиева – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихынан айрықша орын алатын әйелден шыққан тұңғыш қайраткер. Ол – қазақтың үш жүзін біріктіруге бар ақыл-ой, күш-қайратын аямай жұмсаған хан Абылайдың ұлы Уәлидің кіші әйелі, Шыңғыстың шешесі, Шоқанның әжесі. Ел өмірінде осы ұлы адамдардың біріне жар, біріне ана, біріне әже болуымен де айтулы із қалдырғаны сөзсіз. Бір адамның басына осыншама қасиеттерді үйіп-төгіп бере салған табиғаттың жомарттылығы ғажап!


Алдымен Айғаным дүниеге ұл-қыздарын әкелген әйел ана, өз балаларын білімді азамат етіп шығаруға ұмтылған, ұлы Шыңғыстан бастап басқа да перзенттерін оқуға орналастырған, білім дәрежесіне қарай белгілі қызметке де жайғастырған, сондай-ақ немересі Шоқанды оқытуға күш салған, міне осы әрекеттерінің бәрі күрескердің ғана қолынан келетін қайсарлықтар. Ұлы Шыңғыстың ағартушылық пен ғылым жолын қуаттауына да анасының әсер-ықпалы зор болған.
Төре тұқымында орныққан дағдының бірі – әр адамның бірнеше тілді меңгеруі міндетті саналған. Осы ұлағатты ұстау Айғаным шаңырағына да ырыс әкелген ғой. Анамыздың қазақ және орыс тілдеріне жетіктігіне ешкім таласа алмаған. Бұған дәлел қызмет бабындағы ресми хаттар мен түрліше мәліметтер беріліп отыратын жазба құжаттардың жүргізілу тәртібі. Сол кездегі қазақ даласы ауқымындағы саяси іс-әрекеттер және орыс тіліндегі мәлімдемелер де сол кісінің тексеруінен отіп отырған. Қазақ тіліндегі іс-қағаздарды оқып, қол қойған соң, мөр басқан. Орыс тілдегісінің аудармасын барынша қадағалап, өзі қолдан өткерген. Соған қарағанда Айғаным екі тілде сауатты болған.
Шоқан Уәлиханов пен осы әулеттің өміріне көбірек үңілген Ә.Марғұлан, әсіресе, Айғанымға қатысты дүниені қалт жібермеген. Ғалым сондай деректерді іріктеп, әбден сала-салаға ажыратқан. Қазақ публицистикалық тарихын зерттеуді Айғанымнан бастау керек деді.
Айғаным Сырымбет мекен-жайын салдырған кезде төңірегіндегілердің хал-жағдайын да көздеді. Сол арқылы әлеуметтік проблемалардың көпшілігін шешуге тырысып бақты. Мұнда жер өңдеу мәдениетін игеру ісіндегі сіңірген еңбегі қисапсыз, бұл сияқты архивтік құжаттардың аздаған бөлігі Шоқанның 5 томдығына енген. Осындай тарихи мәліметтердің ішіндегі ең құндылары – Батыс Сібір Бас басқармасының генерал-губернаторы Вильяминов пен Омбының облыстық басшылығының атарына жолдаған қағаздары. Айғаным бұл қағазды Тобылға барып қайтқан сапарында 1831 жылы 9 сәуірде жазып, жедел жіберген. Хаттың алғашқы жағы саяси мәселелерге арналады. Ол кісінің батырлығы мен іскерлігі, басшы адамдардан ойындағысын талап ете алатын саяси қайраткер екендігі осы хатта ерекше көрінеді.
Айғанымның ақыл-парасатымен хан әулетіне жасаған ықпалы, үлгі-өнегесімен, өзіндік дара тұлғалы бейнесімен ерекшеленеді. Сол кездегі үлкен мәселелердің бірі қазақтардың тұрмысына лайықты заң ережелерін шығарды. Мысалы, М.М.Сперанскийдің басқаруымен тұңғыш рет қазақтардың солтүстік-шығыс аудандарында «Сібір қырғыздары туралы уставтың жобасы» заң ережесі жарық көрді. Жарлықта қазақ елінде мектептер ашу, жергілікті халықтың тікелей өзін-өзі басқару мен сайлау правосы деген мәселелер қарастырады.
Айғаным 1824 жылы Сырымбет өзінің иелігіндегі жеріне өзіне арналған зәулім үй, үйдің жанынан мектеп, медресе, мешіт, монша, қонақ үй, диірмен т.б. салдырды. Айғаным халықтың оқу-білімге бейімделуіне ерекше күш салып, елдің өзін-өзі басқаруын ашық мәселе етіп, халық сенімінен шыға білді. Сөйтіп, Сырымбетте ұйымдастырылған мектепке ел балаларын оқытып, тәрбиелеуге жол ашты. Мектептгі негізгі тұлға мұғалімге деген көзқарасы жоғары болып, олардың жан-жақтылығын қатаң талап етті.
Айғаным Петропавловск қорғанының коменданты, генерал-майор С.Б.Броневскиймен тығыз байланыста болып, ол туралы «Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды» атты дүние жазып, 1830 жылы «Отечественные записки» журналының санында жарияланған. Айғаным оқу бағдарламасын өзі бірге жасасып, оның барысын қадағалап, басшылық жасап отырды.
Айғаным ордасының маңайын мұқият зерттеп, топырағының малға жайлы, жайылымды, құнарлы, егіншілікке тиімді отырықшы тұрмысқа ыңғайлы болуына қатты көңіл аударғаны Айғаным білгірлігінің тағы бір үлгісін көрсетеді. Айғаным өзі де көркем сөзге шебер, тілі өткір, ақын жанды адам болған.
Айғаным мұрасына екі тілде жазылған әр түрлі құжаттар мен хаттар жатады. Қазақ поэзиясына енгізген үлгісіне жырлары мен жоқтаулары қосылады. Айғаным анамыз туралы көбірек дерек беріп жүрген С.Өтениязовтың өзі де Әлкей Марғұланмен қосылып жазғандарында да осы төңіректегі біраз жайларды қамтыған.


Ұлпан

Ұлпан аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген, кедейге пана болған. Өзі Есенейдің иен байлығынан түк қызық көрмей өткен адам. Кенесары тобына қосылудан бас тартып, Керей-Уаққа қарасты бес болыс елге ықпалы жүріп тұрған шонжар Есенейге жастай күйеуге шығып, ақыл-оймен, көркімен. Ер мінезімен билеп-төстеп кеткен Ұлпанның айналасындағы дүйім жұртқа қалайшабеделді өткенін, әділдік, қайырымдылық еткенін, ақырында Торсан жалмауыздың тұзағына түсіп, опат болғанын Ғ.Мүсірепов ел аузынан естіген күйде кітаптың ұзын-ырға мазмұны етіп алған.


Ұлпан – романтикалық характер. Тағдыр ісіне мойынсұнып, қарап отыру – Ұлпан характеріне жат. Феодалдық ортаның әйел қауымына құрып қойған тұзағынан біржола босап кетуді ойламаған ол өзіне бұйырылған ырзық көлемінде еркін, өз ықтиярымен тіршілік құруды қалайды. Ұлпан – қазақ әйелінің қоғамдағы орнын, қызметін, феодалдық-патриархалдық ортадағы күресіне және әйел теңсіздігі үшін күрескен.
Ұлпан бейнесі – бүкіл қазақ әйелінің жиынтық бейнесі. Ол феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен батырлығы да, шаңырақты сүттей ұйытып, мейірімге бөлер қадір-қасиетте жатыр.
Жазушы Ұлпанның өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін дәлелдеу үшін оны әр түрлі қаһармандық қасиеттермен әрлейді. Қарапайым қазақ қызының ісі де, сөзі де ірі, қазақ қызына тән қылықпен суреттеледі.
Әуелі батыр әке, абзал ананың жалғыз перзенті ерке бойжеткен, одан келіншек, бәйбіше, кейін ел анасы халық қамқоршысы дәрежесіне дейін көтеріледі. Ұлпан бейнесі салған бетте-ақ оқырманын өзіне баурап әкетеді. Кірлеуіттің дауын айта келген Есенейдің өзін айыпқа бұйырып, тықсырып, кетуінің өзі Ұлпан характерінің ірі тұлға екенін дәлелдейді. Ұлпан тұтас өмір сүрген әдебиеттегі Шұға, Қамар, Шынарлармен салыстырсақ, Ұлпанның оларға қарағанда анағұрлым қайратты, жігерлі өжет тұлға екенін аңғарамыз. Сондай-ақ, Ұлпанды ерекшелендіріп, шоқтығын биік қып көрсетіп тұрған – оның ақылдылығы мен мейірімділігі, зерделілігі, Ұлпан өз теңіне қосыла алмай, құздан құлап өлгеннен гөрі, айналасындағы көп қауымға пайдалы болғанды жөн санайды. Бүкіл бір елдің тауқыметін өз мойнымен көтеріп, ел шаруашылығын түзейді.
Сондай-ақ, Ұлпан бейнесінің бұлай биікке көтерілуінің өзі ең алдымен Есеней образына да байланысты Есеней кезінде елді аузына қаратқан би, атақты батыр, өркөкірек мал иесі, бай адам. Аға сұлтан кеңесінің беделді биі. Есеней – батыр, сонымен бірге әріден ойлайтын, қалың жаудан қайтпайтын, өз дәуірінің көкжал, арланы.
Міне, Есеней армандаған ақылды, зерделі, пысық жас өз құшағынан табылады. Қарапайым халықты озбырлық, қаталдық емес, керісінше мейірімділік, қарапайымдылық түзейді екен. Осыған көзі жеткен Есеней енді алты ауыл Сибан жұртының тағдырын Ұлпанға сеніп тапсырады. Оған көмектесіп, үнемі жаңа бастамаға басшылық етіп отырады. Есенейдің бұл сенімі ақталды. Ұлпанның Сибан жұртына жер жыртып, егін еккізді, ағаштан үй, монша салғызды, алты ауыл Сибанды Есенейдің қазанын аңдып отырудан құтқарды. Қайта Есенейдің малы азайды. Сибанның малы көбейді. Осыдан он жыл бұрын ел Ұлпанға сұрана келсе, енді ақыл сұрай, ақылдаса келетін болды. Осының барлығы халықтың Ұлпанды құрметтейтіндігі, жақсы көретіндігі.
Киелі ананың теріс батасына ұшыраған арамза Торсан да бақытты бола алған жоқ. Балалары бытырап, үйсіз иесіз, қараусыз қалды. Оқиғаның соңында Ұлпан өмірін аянышты болып көрсеткенмен, үлкен әлеуметтік шындықпен ұштастырады.
Д.Шыңғысбаева, Т.Ташметова. «Ұлт тағылымы» журналынан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет