Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Aнтpoпoгeнді беогеохимиялық шет аймақтар



бет70/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Aнтpoпoгeнді беогеохимиялық шет аймақтар

Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар олар адам қызметінің нәтижесінде пайда болған провинциялар, олардың санына қоршаған ортаны химиялык заттармен қарқынды ластайтын көздер айналасында қалыптасатын техногендік биогеохимиялық шет аймақтар да кіреді. Егер олардың адам үшін қауіптілігінің дәрежесі бойынша бағаласа, онда бірінші орындарда ауыр металдар, хлорланған көмірсутектер, нитраттар, нитриттер, асбест, пестицидтер тұр.


Биогеохимиялық техногендік аномалияларды бөледі: техногендік фитогеохимиялык химиялық заттардың өсімдіктерде жинақталуы; техногендік зоогеохимиялық химиялык заттардың тағы және үй жануарларында жинақталуы; техногендік антропогеохимиялық химиялық заттардың адам ағзасында жинақталуы.
Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар жасайтын зиянды заттар көздері: мұнай−газ өндіруші және мұнай−газ өңдеуші өнеркәсіп, түсті және қара металургия, көмір және жылуэнергетикалық өнеркәсіп, автокөлік болады.
Сонғы жылдары биосфераның ауыр металдармен қанығуы өсуде. Ауыр металдардың негізгі көзі түсті және қара металдар алудағы кәсіп орындардың шығарындылары болады және қазылып алынатын отындар көмір, мұнай, мазуттарды жағу болады.Әлемде жыл сайын 3 млрд.тонна тас көмір жағылады, соның нәтижесінде жүздеген мың тонна металдар жер бетіне таралады. Сонымен бірге топырақтағы кейбір металдар массасы, мысалы молибденнің массасы. Оларды өндіру шамасына жақын. Көмір жағылғанда, кобальттың жер қойнауынан өндірілуінен 3,5 есе артық шығарылады.
Көрсетілген үрдістер жалпы техногендік фон жасайды, ол бірнеше мемлекеттер территорияларын қамтиды, топырақ қарқынды ластанатын локальдық жер бөліктері техногендік геохимиялық аномалиялар, әдетте, өнеркәсіптік нысандар айналасында қалыптасады. Егер олардың шығарындыларының көлемі көп болғанда, онда аномалия жайылуының қашықтығы жүздеген және мыңдаған кв.км территорияны алатын провинцияларға ұласады.
Көптеген биогеохимиялық аномалиялар транспорттық магистральдар жанында жасалады. Топырақтағы қорғасын мөлшері, әдетте, 10 мг/кг аспайды, ал автожолдар жанында 700 мг/кг жетеді және одан да артық болуы мүмкін. Осындай анық байқалған аномалиялар көлденеңі 100 м асады.
Өнеркәсіптік өндірістердің әртүрлі болуы қорғасын-мырыштық, мүнай−газдық, фторлық, мыстық биогеохимиялық шет аймақтар қалыптасуының себебі болды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет