Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет68/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
Мeтeoтpoпты peaкциялар айқын көрініс алатын кешенді нозологиялық бірлік болып табылмайды. Бейімделушіліке жатпайтын синдpoм яғни метеоневроз адаптациядан тыс сипатқа ие. Көптеген метеосезімтал адамдар жалпы денсаулық жағдайының нашарлау мен, ұйқы бұзылысы, мазасыздық, бас ауруы, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, тез шаршау, артериалды қысымның ауытқулары, жүрек ауруы сезімдері және т.б.
Жерсіндіру үрдісі – бұл ұзақ бейімделу, жаңа климаттық-географиялық жағдайларына байланысты c білімі бар жаңа динамикалық стереотип туындайтын белгілеу арқылы уақытша және тұрақты рефлекторлық байланыстар c қоршаған ортамен арқылы орталық жүйке жүйесіне әсер ететін жағдай.
Адаптация - бұл үрдіс қалыпты ағзаның функционалдық жағдайын қамтамасыз ететін, оны сақтау, дамыту, жұмыс қабілеттілігі, ең жоғары өмір сүру ұзақтығы жеткіліксіз жағдайында табиғи ортаға бейімделу.

7. Табиғи және жасанды биогеохимиялық шет аймақтар. Эндемиялық аурулар туралы түсінік



    1. Биогеохимиялық шет аймақтар түсінігі

Адам денсаулығына топырақтың химиялық күрамы анық әсер жасайды. ТМД елдерінде және қашық шетелдерде жүргізілген зерттеулерде көптеген микроэлементтер өсімдіктердің өсіп өнуіне, жануарлар организмдерінің, сонын ішіндегі адам организмінің күйі мен қызметіне елеулі әсер ететіні айқындалған. Топырақтағы микроэлементтердің тірі организмге әсері туралы ілім негізін академик В.И.Вернадский салды.


Тірі ағзалар құрамында 47 астам өте аз мөлшерде үнемі қатысушы химиялық элементтер байқалған, олар микроэлементтер деп аталады. A.E Фopcмaн адам ағзасындағы барлық элементтерді 11 мaкpoэлeмeнттерге (H, O2, N, Na, Mg, S, Cl, K, Ca, P) және 39 микpoэлeмeнттерге бөліп көрсетті (Zi, Be, F, J, Cu, Mo, Co, т.б.).
Оларға тірі дене салмағынын 0,4 тен 0,6% келеді. Жеткілікті зерттелген микроэлементтерге жататындар мыс, кобальт, мырыш, марганец, йод, молибден, селен, фтор, стронций, бор, кадмий, ванадий. Мал азықтарына қажетгі микроэлементтер қосылғанда малдың өсуі күшейеді, ал микроэлементтердін болмауы немесе жетіспеуі оған тән белгілерімен қоса жүреді.
Адам ағзасында микроэлементтер мағынасы зор. Осылай, адам қаны құрамына 24 элемент кіреді, әйел сүтінде 30 жуық (мыс, мырыш, кобальт, кремний, мышьяк және т.б.). Бірақ, адам ағзасының әртүрлі орталарындағы биогендік элементтер санын толық анықталған деп санауға болмайды. Микроэлементтер манызды ішкі секреция бездері құрамына кіреді қалқан безі, ұйқы безі, жыныс бездері және басқалары. Осылай, мырыш қалқан безінің, гипофиздің, жыныс бездерінің, кобальт ұйқы безінің және қалқан безінің құрамдарына кіреді.
Микроэлементтерді 2 топқа бөлуге болады:
1-топқа, олардың белгілі мөлшерінсіз тіршілік ету мүмкін болмайтын заттар. Осы топқа темірді, мырышты, мысты, молибденді, марганецті, кобальтты, йодты, бромды, фторды және селенді жатқызуға болады, оларды басқа затпен ауыстыруға болмайды. Бұлар эссенциалдык, немесе ауыстырылмайтын микроэлементтер.
2-топқа, олардың ағзада жетіспеуі денсаулыққа ерекше зиян келтірмейтін, басқа элементтермен ауыстыруға болатын микроэелементтер. Бұлар эссенциальдық емес, ауыстырылатын микроэлементтер.
Адам ағзасына микроэлементтер өсімдіктік және жануарлық тағамдармен, сумен түседі. Осы микроэлементтердің схема бойьшша түсуі: топырақ-өсімдік-жануарлар ағзасы адам ағзасы, былайша айтқанда транслокациялық жолмен түседі. Өсімдіктер және жануарлар ағзаларының микроэлементтермен қамтамасыздық деңгейі ең әуелі олардың топырақта болуына байланысты. Топырақта микроэлементтер жетіспеуі немесе шамадан тыс артықтығы, адам ағзасында олардың жетіспеушілігі мен артықшылығына әкеледі, ол эндемиялық ауруларға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет