Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Тақырыбы: Нерв жүйесінің сезімталдық қызметінің бұзылуы



Pdf көрінісі
бет16/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83
 
Тақырыбы: Нерв жүйесінің сезімталдық қызметінің бұзылуы 
Ауырсыну сезімі – 
мидың жоғарғы бөлімдері мен ауырсыну сезімінің 
арнайы жүйелері арқылы іске асырылатын күрделі психоэмоционалдық 
жағымсыз сезіну. Бүлінген тіндер немесе олардың бүлінуін туындататын 
ықпалдар туралы белгі беріп отырады.
Патологиялық ауырсыну – 
ОНЖ-нің қыртыстық және қыртысастылық 
бөлімдерін бұзылуы нәтижесінде организмнің өзгерген ауырсыну 
импульстерін 
қабылдауы. 
Осындай 
бұзылыстар 
ноцицепциялық 
жүйелердің кез келген бөлімінде туындауы мүмкін. Сонымен бірге, 
ноцицепциялық өрлемелі құрылымдар мен антиноцицепциялық жүйелер 
арасындағы байланыстардың бұзылуынан дамиды. 
Ноцицепциялық жүйе 
(латын тілінен ауд. посеге – зақымдау+ сереге –
қабылдау) – ауырсыну сезімін қабылдайтын және тасмалдайтын жүйе. 
Антиноцицепциялық жүйе 
– ноцицепциялық жүйе құрылымдарының 
қызметін бақылайтын жүйе. 
Анестезия 
(грек тілінен ауд. an –болмауы + aisthesis – сезіну, сезім) –
кейбір нерв жүйесі ауруларында туындайтын сезімталдықтың жойылуы; 
хирургиялық операция шараларын орындау кезінде ауырсыну сезімін басу 
үшін қолданатын дәрілік заттарды енгізгенде дамуы мүмкін. 
Гипестезия 
(грек тілінен ауд. hypo–төмен, астында; азаюы + aisthesis – 
сезіну, сезім) – сезімталдықтың әлсіреуі. 
Гиперестезия 
(грек тілінен ауд. hyper – үстінде, жоғары + aisthesis – сезім, 
сезіну) – сезу мүшелерінің тітіркендіргіштерге аса жоғары сезімталдығы. 
Парестезия 
(грек тілінен ауд. parа– қасында, маңайында + aistesis– сезіну) 
жалған сезіну; дененің әр жерінде шаншу, қызып ашу, түршігу, ұю, 
құмырсқа жүргендей жыбырлау сияқты кенеттен пайда болатын әртүрлі 
сезім. Парестезия шеткі нервтердің, қантамырлардың аурулары кезінде
өте сирек – ми мен жұлынның сезімтал орталықтарының бүлінуі кезінде 
туындауы мүмкін. 
Каузалгия 
(грек тілінен ауд. кausis–күйдіру + algos–ауру) – перифериялық 
нерв зақымданғанда және оның симпатикалық талшықтары тітіркеніске 


19 
ұшырағанда қатты ауырсынулармен, қантамырлық реакциялармен т.б. 
белгілермен сипатталатын синдром. Патогенезі бөгде заттектің немесе 
тыртықтық-жабыспалық процесстердің симпатикалық афферентті және 
эфферентті талшықтарын тітіркендіруімен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет