Тақырып:Жердегітіршіліктіңпайдаболуыменэволюциясы. Дəріс мақсаты: Жердегі тіршіліктің пайда болуы мен эволюциясы туралы сипаттама беру. Дəріс мазмұны. Өлінің тіріден негізгі айырмашылығы. Жердегі тіршіліктің дамуы концепциясы. Тіршілік пайда болуының алғашқы кезеңі. Жерде тіршіліктің пайда болуы Тіршілік формаларының эволюциясы. Гея- гипотеза.
Жоспар
1.Өліден тірінің басты айырмашылығы.
2.Тіршіліктің пайда болу концепциясы.
3.Тіршіліктің пайда болуының алғашқы кезеңі.
4.Жердегі тіршіліктің пайда болуы.
5.Тіршілік формаларының эволюциясы.
6.Гея-болжам.
Өліден тірінің басты айырмашылығы
Жердегі тіршілік қоршаған ортада тірі жəне өлі арасындағы болатын қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Тірінің өліден заттық, құрылымдық жəне қызметтік жағынан бірнеше ерекшеліктерін ажыратуға болады:
заттық құрамы жағынан əрбір тірінің құрамына міндетті түрде жоғары молекулалы қосылыс – ақуыз, нуклейн қышқылдары, май, көмірсулар кіреді;
құрылымы жағынан тірі өлі денеден жасушалық құрылымы бойынша ерекшеленеді;
қызметі жағынан тіріге тəн қасиет өз-өзін пайда етуін, одан əрі дамыту, яғни ұрпақ қалдыру;
Сондай-ақ тірі ағзаға тəн тағы басқа негізгі басты қасиеттерге зат алмасу, өсу, тітіркену, даму, қозғалыс т.б. жатқызуға болады.
Тірі мен өлі арасында айырмашылық болғанмен де екеуі үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Тіршіліктің пайда болу концепциясы
Қазіргі кезде тіршіліктің пайда болуының мынадай бірнеше концепциясы белгілі:
креоционизм: құдай жаратқан тіршілік;
өлі заттан тіршіліктің пайда болуы: осы концепция тұрғысынан Аристотельдің тірінің топырақтан пайда болуы мүмкін деген көзқарасын айтуға болады;
тіршіліктің стационарлы күйі: бұл концепция діни көзқарасқа негізделген;
панспермия: тіршіліктің жерден тыс шығуы немесе пайда болуы;
физика мен химияның заңдылықтарына бағынатын процестері нəтижесінде жердегі тіршіліктің тарихи жолмен пайда болуы;
Алғашқы үш концепцияның қолдаушы жақтары өте аз. Ал соңғы екі концепция ХХ ғасырдың басынан бастап барлық ғылымдарды өзіне тартып келеді. Яғни панспермия концепциясы тірі ағзаның əлемдік кеңістіктегі, меториттерден жерге тасымалданған дейді. Соңғы бесінші концепцияны қарастырудың екі нұсқасы бар:
біртұтас «тірі молекулалардың» түзілуінің нəтижесінде пайда болады;
материяның эволюциялық даму заңдылықтарының нəтижесі;