Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Тіршіліктің пайда болуының алғашқы кезеңі



бет21/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Тіршіліктің пайда болуының алғашқы кезеңі


Заттың құрылымы бойынша жердегі тіршіліктің негізі көміртегі атомы болып келеді. Көміртегі атомы əр түрлі қозғалғыштығы төмен электроөткізгішті, сумен қаныққан ұзын бұралған тізбек тəрізді құрылым түзуге қабілетті. Көміртегінің сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт, темір қосылыстары катализдік, құрылыстық, энергетикалық, ақпараттық жəне т.б. қасиеттерге ие. Органикалық заттардың құрамына көбінесе көміртегі, оттегі, сутегі, азот кіреді. Əрбір жасуша құрамында орташа шамамен 70% - оттегі, 17 % - көміртегі, 10% - сутегі, 3 % - азот болады. Бұл химиялық элементтер Əлемде тұрақты жəне кеңінен таралған элементтер. Олар өзара оңай əрекеттесіп, реакцияға түсуге бейім болып келеді. Олардың қосылысы суда тез ериді.
Радиоастрономия мəліметтері органикалық заттардың тіршілік пайда болғанға дейін пайда болғанын айтады. Сондықтан органикалық заттар Жер дамуына қатысады. Жер ғарыштық шаңдардан пайда болады. Мысалы, темір, силикат жəне конденсерлі газдардан пайда болды. Мұндай шаңдар бетінде органикалық заттарды синтезделуі мүмкін.
Тіршіліктің пайда болуы нақты физикалық, химиялық жағдайларға байланысты (температура, радиация, су қатысындағы қысым, тұздар). Бұл үшін əлем дамуында нақты уақыт пен нақты бағыт қажет. Əрбір планетаның атмосфераны ұстауы үшін массасы болуы қажет. Жер литосферасының қалыптасуы кезінде атмосфераның құрамы мүлдем басқаша болады. Гравитациялық өріс жеңіл газдарды ұстап қалуға жеткіліксіз. Сутегі, гелий, азот, оттегі атмосферадан кете бастады. Ал, оның құрамына кіретін қарапайым
қосылыстар ұзақ сақталды. Мұндай біріншілік атмосфера тотықсыздандырғыш қасиетке ие газдардың көптеген мөлшерін құрайды (сутегі, метан, аммиак, күкірт сутек).


Жердегі тіршіліктің пайда болуы


ХХ ғасырда алғаш тіршілік дамуының ғылыми моделі жасалды. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар əр түрлі болды. В.И. Вернадскийдің (1863 – 1945) айтуынша тіршілік Жер дамуымен байланысты пайда болды. А.И. Опариннің (1894 - 1980) айтуынша Жер дамуының периоды жердің химиялық эволюциясының ұзақ жолдар дамуына əкелді. Бұл кезде 3–4 млрд. жыл бұрын күрделі органикалық заттардан протожасушалар пайда болды. Осыдан кейін алғашқы биохимиялық эволюция өзінің бастауын алды. Жердегі тіршіліктің дамуын қарастыра отырып, қарапайымнан күрделі жүйеге дейін тірі жүйенің даму этаптарының кезектестігін көрсетеді. Органикалық қосылыстардың дамуында тек ғарыштық кеңістік заттары ғана емес, сондай-ақ жұлдыз энергиясының маңызы зор. Жердегі тіршіліктің бастамасы – ақуыз түзетін нуклейн қышқылдарының пайда болды. Күрделі органикалық заттардан қарапайым тірі ағзаларға өтуі əлі күнге дейін белгісіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет