Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет23/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Гея-болжам


Көбіне қоршаған орта əсері тірі ағза мен жүйлерді зерттеп, оқып – білуге сүйенеді. Осындай көзқарас тұрғысынан əртүрлі факторлардың эволюцияға əсеріде қаралады. Бірақ,
тірі жүйеде бұл жағдайда пассивті емес. Тірі жүйелердің қоршаған ортаға əсері қуаттырақ болады. Тірі жүйелер дамуы мен тіршілік ету процестерінің маңызды мынадай кибернетикалық жүйе - өздік ұйымдасу мен өздік басқару қасиетіне ие болады. Бұл үшін барлық жүйе сатылары арасындағы ақпараттық қарым-қатынасты іске асыру қажет.
Осының негізінде ХХ ғасырдың 70 жылдарыағылшын химигі Джеймс Лавлок пен американ микробиологы Линн Маргулис Гея – болжамды ұсынды. «Гея» сөзі ежелгі грек сөзінен шыққан Жер деген сөзді білдіреді. Бұл болжам Жердегі тіршіліктің пайда болу факторлары мен себептеріне əкеледі. Гея – болжамға бойынша оттегі атмосферада, оттексіз жағдайда өмір сүрген алғашқы анаэробты ағзалардың тіршілігі нəтижесінде пайда болды делінген.
Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 49 бет.
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 90-99 Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998

17-18 Дəріс


Тақырып: Биосфера туралы ілім. Экология.
Дəріс мақсаты: Биосфера мен экология туралы сипатттама беру.
Дəріс мазмұны. Биосфера туралы В.И Вернадскийдің ілімі. Биосфера-техносфера- ноосфера концепциясы. Экология ғылым ретінде. Химиялық элементтердің айналымы. Экожүйелердің даму заңдылықтары.

Жоспар
1.Биосфера – техносфера - ноосфера.


2.Экологияның негізгі түсініктері.
3.Биосфера құрылысы


Биосфера – техносфера - ноосфера.


В. И. Вернадский Жер қабығының биосферасы деп тірі ағзаның тікелей əсері арқылы өтетін барлық процестерді түсінген. Биосфера Жерден 10 км. тереңдік пен 33 км. биіктікте орналасқан гидросфера, литосфера жəне атмосфера тоғысында кездеседі.
Д. И. Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы да тірі ағза құрамында кездеседі. Вернадский тірі ағзаларды энергия алмасу механизмі деп атады.
Биосфера – тірі ағзалардың өткен жəне қазіргі кездегі əрекет ететін Жер қабығы. Сондықтан биосфераны тіршілік сферасы деп те атауға болады. Ертеректе жəне қазіргі кезде тіршілік ететін тіршілік формалары бар аумақтарды ғана биосфера деп қарайтындар да кездеседі.
Биосфера біздің планетада 4 млрд. жыл бұрын пайда болды. Биосфера иесі ақылды адам – Homo sapiens болды. Алғашқы адам өз есімін өзі ақтады. Ол табиғат пен түсіністікте өмір сүрді, табғаттан тіршілік үшін қажеттісін ғана алды. Адамның табиғатпен қарым – қатынасы адамның күш қуаты көмегімен жəне жануарлардың қолға үйретілуімен жүзеге асты. Бірақ эволюция төңкерістермен түйісіп, өз ісін дұрыс жасай алмады.
Ақылды адам өз жағдайын жақсарту үшін əртүрлі механизмдер, машиналар жəне жаңа энергия түрлерін шығарды. Алғашқы адам бу күшін игерді, булы ошақтар шығарды, кейін электр энергиясын пайдаланып, электр станцияларын тұрғызды. Жерде адам ойлап шығарған завод фабрикалар, көлік жүйелерімен əртүрлі көптеген техникалық объектілер пайда болды. Мұндай жасанды техникалық əлемді техносфера деп атады.
Бұл техникалық əлем Жердегі тіршілік заңдылықтарымен қарама-кайшылықта болды. Техносфера объектілерін қамтамасыз ету табиғат ресурстарын жойды, өндіріс қалдықтарымен су жəне ауа ластанды, қоршаған орта бүлінді. Мұның бəріне əрине адам кіналі болып келеді..
Адам эволюциясы кезінде табиғатты улап, экологиялық апат жайында мəселе көтеріле бастады. 1992 ж. Рио-де-Жанейрода экология бойынша БҰҰ-ң конференциясы болды. Она адам əрекеті нəтижесінде əлем құрлығының 13 сусызданғаны айтылды (деградация). Жыл сайын 16 млн. га орман жойылды. Бұл оттегі жеткіліксіздігіне əкелді. Бізді ғарыштық сəулеленуден қорғайтын озон қабаты бұзылуда. Нəтижесінде - пəле ауруының саны көбеюде.
Табиғат пен адам арасындағы келеңсіздік əліде өсуде. Бізде талғам жоқ. Біз жаңа күй, яғни ноосфера деп аталатын ақыл сферасына көшуіміз керек. 20 жылдары В.И Вернадский “ ноосфера ” ұғымын енгізді. Міне, одан бері 100 жылдай уақыт өтті. Жердің енді өздігінен қалпына келе алмайтыны айқындалып отыр.
Адамзаттың одан əрі өмір сүруі үшін жаңаша ойлау қажет. Бұл ойлаудың мəні ноосфераға əкеледі. Уақыт өте келе адам табиғаттан көптеп ауа бастады, көптеген қателіктер жасауда. Адамзат ХХ ғасырда адам мен табиғат арасындағы келеңсіздік басты мəселе екенін енді түсінуде. Бұл келеңсіздікті ноосфераны дамыту мақсатымен біріккен адамдар ғана шеше алады.
Ноосфера - ақылды адам қызметі басты анықтауыш фактор болатын қоғам мен табиғат арасындағы əсерлесу сферасы.
“Биосфера-техносфера-ноосфера” триадасы ой мен ішкі бірлік дамуы мен байланысты жүйе түзілуі.
Адамзатты техносфера дамуының қауіпсіздігі проблемасы толқытады. Экологиялық қауіпсіздікті көтеру үшін бұлжытпас шараны қолдануға койылған талап қоршаған орта объектілерінің стандарттау жəне сеттификаттау принциптерін жетілдіруге талпыныс берді. Экологиялық сертификаттаудың сəйкес параметрлері бойынша өнімді сертификаттау түрінде дамытып қоймай, рационалды табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаға əсеріне байланысты барлық объектілерді сертификаттау түрінде де дамытатын өндірістік дамыған елдердің тəжірибесі көрсетеді.
Халықаралық стандарттар кешені ИСО 14000 “Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі” адам мен табиғат арасындағы қатынастар принциптерінің жаңа негізін салуда. 1995 жылдан бастап өндірістер, технологиялық процестер жəне экологиялық сертификаттауларын жүргізу үшін нормативті база құрылуда.
Шикізатты бағалаудан бастап, өндірісті бағалау мен тұтынушыға əзір өнімді жеткізумен жалғастырып, осы өнімді пайдаланып болғаннан кейінгі утилизация бағасымен аяқтайтын, қоршаған ортаға осылардың əсерін анықтау мақсатында бұл халықаралық стандарттар кез-келген бағыттағы ұйымдарға кешенді тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет