Тақырып:Адамныңшығутегіменэволюциясы. Дəрісмазмұны:Адамныңшығутегіменэволюциясына сипаттама беру.
Дəріс мазмұны. Адам жаратылысты-ғылыми танымның пəні ретінде. Адам пайда болуының концепциясы. Адаммен жануарлардың ұқсатығы жəне айырмашылығы. Адамның эволюцииясы мен қалыптасуы туралы антропология. Қазіргі заманғы адамның пайда болу орны туралы гипотезалар.
Жоспар
1.Адам жаратылыстану объектісі ретінде. Адам пайда болуының концепциялары.
2.Жануарлардан адамның айырмашылығы мен ұқсастығы.
3.Адам құрылымы мен эволюциялық этаптары жайындағы антропология
Адам жаратылыстану объектісі ретінде. Адам пайда болуының концепциялары
Адам таиғаттың бір бөлігі. Сондықтан жаратылыстану табиғатты зерттесе, гуманитарлы ғылымдар адамның жан дүниесін зерттейді. Қазіргі кездеадамның биоəлеуметтік тіршілік ететін зат екенін ғылым анықтады. Яғни, ол биологиялық та, əлеуметтік те сипатта болады. Осымен келісе отырып:
адамды физика мен химияның кез-келген тұрғысынан қарастыруға болады;
тіршіліктің əлеуметтік формада болуы тек адамдарға емес, көптеген жануарларға да тəн екенін ескеру қажет.
Социобиология жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы білім тоғысында кездесетін адам зерттеуге қолданатын ғылым. Адамды зерттеуді үш бағытта қарастырады:
шығу тегі;
ондағы гуманитарлық пен жаратылыстың қарым қатынасы;
жаратылыстану əдісімен адам спецификасын зерттеу.
Бірінші бағыт антропология. Ол адамның шығу тегі уақыты мен жануарлардан айырмашылығын анықтайды.
Екінші бағытымен социобиология айналысады. Ол адамдағы физиологиялық пен психологиялық қатынасты жəне адам қызметінің генетикалық негізін зерттеді.
Үшінші бағыт адамның миын, оның танымын, жан дүниесін т.б. зерттейтін жаратылысты-ғылыми əдістерді анықтайды.
Адам пайда болуының бірінші концепциясы белгілі, оның бірі адамды құдай жаратуы. Алғашқы тайпаларда арғы тектері жануарлардан, тіпті өсімдіктерден пайда болады деген көзқарасты да еске алу керек.
Сондай-ақ адам мен маймылдың ұқсастығын