Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Жасуша – тірінің құрылымдық жəне функционалдық бірлігі



бет26/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Жасуша – тірінің құрылымдық жəне функционалдық бірлігі.


Жасуша – элементарлы тірі ашық жүйе болып келеді. Ол қоршаған ортадан жасуша мембранасы арқылы бөлінген. Ішіндегі цитоплазмасында ядро кездеседі. Жасуша тірі ағзаға тəн барлық қасиеттерге ие. Жасушаны цитология ғылымы қарастырады. Цитология ғылымының жетістіктері мен табыстары физикалық жəне химиялық əдістер: электрондық микроскоп, рентгенді анализ т.б. қолданумен байланысты. Микроскоп арқылы өте ұсақ бөлшектерді зерттейді. Жасуша салмағының 98%-ін оттегі, көміртегі, сутегі, азот алады. Ал қалған 2%-ін калий, күкірт, фосфор жəне басқа елу шақты химиялық элементтер алып жатыр. Заттық құрамы жағынан 80% су алып жатыр, басқа бөлігін минералды тұздар мен органикалық қосылыстар (май, ақуыз, көмірсу) алып жатыр. Ақуыз жасушаның зат алмасуын реттесе, нуклейн қышқылдары тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтаушы.
Майлар – энергетикалық қызмет атқарып, жасуша көбеюі мен метаболизм процесіне қатысады. Көмірсулар – энергия көзі, құрылыс материалы ретінде пайдаланылып, қорғаныштық қызмет атқарады. Ақуыз аминқышқылдар қалдығынан тұрады. Ақуыз құрамына 20 негізгі аминқышқылы кіреді. Нуклейн қышқылдары бірнеше нуклеотидтерден тұрады. Нуклеотид құрамына азотты негіз, көмірсу, фосфор қышқыл қалдығы кіреді.
ДНҚ мен РНҚ жасушада кездесетін негізгі нуклейн қышқылдары болып табылады.
ДНҚ ядрода, РНҚ рибосомада кездеседі. Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 70-72 бет.
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998

21-22 Дəріс


Тақырып: Органикалық əлем генетикасы мен эволюциясы.
Дəріс мақсаты: Органикалық əлем генетикасы мен эволюциясына сипаттама беру.
Дəріс мазмұны. Генетика жəне он негізгі түсініктері. Генетика жəне дарвинизм. Гендік жəне жасушалық инженерия мен əлеуметтік – этикалық мəселелер.
Жоспар
1.Генетика жəне оның түсінігі.
2.Генетика жəне дарвинизм.
3.Гендік жəне жасушалық инженерия мен əлеуметтік – этикалық мəселелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет