Генетика - өзгергіштік пен тұқымқаулаушылықты зерттейтін ғылым. Генетика заңдарын алғаш Грегор Мендель ашса, кейін Гуго де Фриз Голландияда, Германияда Карл Корренс пен Австрияда Эрих Чермак осы заңдылықтарды қайтадан ашты. Генетика дамуының келесі этапы Г.Морганның тұқымқуалаушылық хромосомалық теориясымен байланысты дамыды. Бұл теория бойынша жасуша ядросының хромосомасы тұқымқуалау ақпаратын ұрпақтан – ұрпаққа тасымалдайтын негізгі қызметті атқарады. Кейінгі зерттеулер генетикалық ақпаратты тек хромосома емес, цитоплазманы құрайтын органойдтардың да тасымалдайтыны анықталды.
Генетиканың негізін салушы ұғым – ген. Ген бір ақуыздың синтезіне жауап беретін ДНҚ бөлігі. Төрт негізгі нуклейн қышқылдарының комбинациалық үйлесімдігі маңызды болып келеді. Мұндай үйлесімділіктің əртүрлілігі органикалық əлемнің əртүрлілігі мен эволюциясының көптеген тұқымқуалаушылық өзгерістерді береді.
Генетикада өзгергіштіктің екі формасын ажыратады:
Қазіргі заманғы генетикалық ірі ашылымдары қайта құру өзгергіштігіне, яғни мутацияға əкелетін генотип қабілетін анықтауымен байланысты. Мутация ағзаға пайдалы, зиянды жəне бейтарап болуы мүмкін. Мутацияның бір нəтижесі жаңа ағза түрін дүниеге əкеледі. Мутация өздігінен қалыптаспайтын өзгергіштік. Олар беймезгілдерде пайда болуы мүмкін. Бірақ олар ішкі жəне сыртқы орта əсерінен туындайды, яғни себепсіз пайда болмайды. Мутация орта жағдайына байланысты жəне арнайы ионды радиация, химиялық реагент т.б əсерінен пайда болуы мүмкін. Экспериментальды жолмен алынған мутациялар өзгергіштік бейімділік қасиетіне ие болмайды. Бейімделгіштік сұрыптау нəтижесінде болады.
Ертеректе генотип түсінігіне жасуша құрамына кіретін барлық ген жүйелерін жатқызған. Қазіргі уақытта бұл түсінік көлемінде ағза ДНҚ хромосомсының жиынтығы жатады. Барлық гендер жиынтығы геном деп аталады. Сондай-ақ генотип деп - тек ағзаның тұқымқуалаушылық құрылымын түсінеді. Фенотип деп – түрлердің жеке белгілерінің жиынтығын айтады. Фенотип ортамен генотип қарым – қатынасының өнімі болып табылады.